Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет27/63
Дата04.03.2024
өлшемі0.89 Mb.
#494151
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
@8; 6 3 07

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)


24. Бағдарламада оқу мақсаттарын пайдаланудың қарапайымдылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандарды – бөлім мен бөлімді, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, кодтауда 10.1.1.1 «10» – сынып, «1.1» – бөлім және кіші бөлім, «1» – оқу мақсатын нөмірлеу.
25. Оқу мақсаттары жүйесі әр сынып үшін бөлімдер бойынша боялған:



Бөлім

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

10-сынып

11-сынып

1. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылы
мы мен қызметтері

1.1 Тірі организмдердің әртүрлілігі

10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау;
10.1.1.2 филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және (интерпретациялау) түсіндіріп беру;




1.2 Қоректену

10.1.2.1 - әр түрлі жағдайлардың (температура, pH, субстрат пен ингибитор концентрациясы) ферменттер белсенділігіне әсерін зерттеу

11.1.2.1 - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату;
11.1.2.2 - фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру;
11.1.2.3 - фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру;
11.1.2.4 - фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру

1.3 Заттардың тасымалдануы

10.1.3.1 - эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миогло-бині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру;
10.1.3.2 - пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

11.1.3.1 - өсімдіктердегі заттар транслокация механизмін түсіндіру;
11.1.3.2 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру;
11.1.3.3 - жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру;
11.1.3.4 - мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау




1.4 Тыныс алу

10.1.4.1 - аденозинүшфосфаттың (АТФ) құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.1.4.2 - анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру;
10.1.4.3 - метоболизмнің түрлерін атау;
10.1.4.4 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату;
10.1.4.5 - Кребс циклін сипаттау



1.5
Бөліп шығару

10.1.5.1 - зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру;
10.1.5.2 - су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) рөлін түсіндіру;
10.1.5.3 - диализ механизмін түсіндіру;
10.1.5.4 - бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау



1.6
Қозғалыс

10.1.6.1 - көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу;
10.1.6.2 - жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін сипаттау



1.7 Координа-ция және реттеу

10.1.7.1 - миеленденген нейрон аксонын сипаттау
10.1.7.2 - жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу;
10.1.7.3 - механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау;
10.1.7.4 - холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау;
11.1.7.2 - гормондардың әрекет ету механизмін түсіндіру

2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму

2.1
Көбею



11.2.1.1 - адам гаметогенезінің сызбасын талдау;
11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

2.2 Жасуша-лық цикл

10.2.2.1 - дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу;
10.2.2.2 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру;
10.2.2.3 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру;
10.2.2.4 - қартаю үдерісін түсіндіру



2.3
Өсу және даму



11.2.3.1 - бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

2.4
Тұқым қуалаушы-лық пен өзгергіштік заңдылық-тары

10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу;
10.2.4.2 - кроссинговер нәтиже-сінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру;
10.2.4.3 - Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу;
10.2.4.4 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау

11.2.4.1 - мутациялардың дезоксирибонуклеин қышқылы репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын сипаттау;
11.2.4.2 - «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

2.5
Селекция негіздері

10.2.5.1 - селекцияәдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу



2.6 Эволюциялық даму

10.2.6.1 – тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
10.2.6.2 - эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау
10.2.6.3 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау
механизмдерін жіктеу
10.2.6.4 - антропогенездің кезеңдерін атау



3. Ағза мен қоршаған орта

3.1 Биосфера, экожүйе,
популяция



11.3.1.1 - экожүйелердегі трофикалық деңгейлердің сызбасын құрастыру;
11.3.1.2 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату;
11.3.1.3 - жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін сипаттау

3.2
Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері



11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау;
11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну

4.Қолдан-балы кіріктірілген ғылым
дар

4.1 Молекула
лық биология және биохимия

10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру;
10.4.1.2 - көмірсуларды құрамы және қызметтері бойынша сипаттау;
10.4.1.3 - майлардың құрамы мен қызметтерін сипаттау;
10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрамы, атқаратын қызметтері бойынша сиптаттау;
10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәр-уыздар құрылымына әсерін зерттеу;
10.4.1.6 -дезоксирибонуклеин қышқылықұрылымы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіру;
10.4.1.7 - Чаргафф ережелері негізінде дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы үдерісін сипаттау;
10.4.1.8 -рибонуклеин қышқылы
(РНҚ) типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру;
11.4.1.2- нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау;
11.4.1.3 - генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру

4.2 Жасуша
лық биология

10.4.2.1 - жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.4.2.2 - жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдала-нып, жасуша мембранасының құры-лымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату;
10.4.2.3 - прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру

11.4.2.1 - микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау;

4.3 Биотехно
логия

10.4.3.1 - биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;
10.4.3.2 - полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау;
10.4.3.3- гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру;
10.4.3.4 - гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

11.4.3.1 - микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру;
11.4.3.2 - грамм «оң» және грамм «теріс» бактерияларды зерттеу;
11.4.3.3 - рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;
11.4.3.4 - ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру;
11.4.3.5 - өсімдіктердің микроклоналды көбейту тәсілін сипаттау;
11.4.3.6 - ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

4.4 Биомедицина және биоинфор
матика

10.4.4.1 - биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу;
10.4.4.2 - электрокардиограм-маны қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру;
11.4.4.2 - гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру;
11.4.4.3- биоинформатика-ның рөлін сипаттау
11.4.4.4 -экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) әдісінің маңызын түсіндіру;
11.4.4.5 - ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклональды антиденелерді қолдануды түсіндіру

26. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


27. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады (төмендетілген оқу жүктемесімен).
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар (төмендетілген оқу жүктемесімен)

1) 10-сынып





Бөлімше

Тақырып

Оқыту мақсаты

1-тоқсан

Молекулалық биология және биохимия

Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

Көмірсуларды жіктеу: моносаха-ридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері

10.4.1.2 - көмірсуларды құрамы және қызметтері бойынша жіктеу

Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың құрамы мен қызметтері

10.4.1.3 - майлардың құрамы мен қызметтерін сипаттау

Нәруыздарды құрамы (жай, күрде-лі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдай-лардың әсері (температура, pH) »

10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу

10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

Дезоксирибонуклеин қышқылы
құрылысы. Дезоксирибо-нуклеин қышқылымолекуласының қызметі

10.4.1.6 -дезоксирибонуклеин қышқылықұрылымы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіру

Репликация механизмі. Дезоксири-бонуклеин қышқылы. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі

10.4.1.7 - Чаргафф ережелері негізінде дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы үдерісін сипаттау

Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы

10.4.1.8 -рибонуклеин қышқылы
типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

Жасушалық биология

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары. Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері

10.4.2.1 - жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипид-тердің, холестеролдың қызметі. Зертханалық жұмыс «Жасуша мембранасына әр түрлі жағдайлардың әсері»

10.4.2.2 - жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату

Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері

10.4.2.3 - прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру

Қоректену

Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар: рН; температура; субстрат, ингибитор және активатор.

10.1.2.1 - әр түрлі жағдайлардың (температура, pH, субстрат пен ингибитор концентрациясы

2-тоқсан

Заттардың тасымалда
Нуы

Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қыз-меті. Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы

10.1.3.1 - эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру

Пассивті тасымалдау механизмі: қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.

10.1.3.2- пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

Тыныс алу

Аденозинүшфосфаттың (АТФ)құрылысы мен қызметі

10.1.4.1-аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Аденозинүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері

10.1.4.2 - анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру

Метаболизм түрлері.

10.1.4.3 - метоболизмнің түрлерін атау

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құры-лымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы

10.1.4.4 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты сипаттау

Кребс циклі. Электрондық-тасымалдау тізбегі. Биологиялық жүйелер үшін маңызы

10.1.4.5 - Кребс циклін сипаттау

Бөліп шығару

Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі.

10.1.5.1 - зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру

Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектісі. Гипофункция. Гиперфункция

10.1.5.2 - су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның рөлін түсіндіру

Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ

10.1.5.3 - диализ механизмін түсіндіру

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплан-тациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері

10.1.5.4 - бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

3-тоқсан

Жасушалық цикл

Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Зертханалық жұмыс «Пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау»

10.2.2.1 - дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу

Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез

10.2.2.2 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру

Онкологиялық жаңатүзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар

10.2.2.3 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру

Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар.

10.2.2.4 - қартаю үдерісін түсіндіру

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық
Тары

Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».

10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

Тұқымқуалаушылықтың хромосо-малық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы

10.2.4.2 - кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру

Хуго де Фризадің мутация теория-сы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплаз-малық мутациялар. Модельдеу «Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу»

10.2.4.3 - Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу

Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары.

10.2.4.4 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (ауто-сомдық және жыныстық) сипаттау

Эволюциялық даму. Селекция негіздері.
Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар

10.2.6.1 - тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру;
10.2.6.2 - эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау

Эволюцияның дәлелдемелері. Салыстырмалы-анатомиялық. Эмбриологиялық. Палеонтологиялық. Биогеографиялық. Биохимиялық

10.2.6.3 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік «Соңғы әмбебап жалпы ата тек». Модельдеу «Кладограмма құру». Филогенетикалық картның әр түрлі формалары.

10.1.1.2 - филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және түсіндіріп беру

Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез

10.2.5.1 - селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу

Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар

10.2.6.4 - антропогенездің кезеңдерін атау

4-тоқсан

Координация және реттеу

Жүйке жасушаларының құрылысы.

10.1.7.1 - миеленденген нейрон аксонын сипаттау

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен

10.1.7.2 - жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу

Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы

10.1.7.3 - механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау

Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс.

10.1.7.4 - холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату

Қозғалыс

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин)

10.1.6.1 - көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу

Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының түрлер

10.1.6.2 - жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшық-тарының ортақ қасиеттерін сипаттау

Биомедицина және биоинфор
матика

Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника). Медициналық биомеханика (протездеу). Эргометриялық биомеханика(оптимизация). Модельдеу Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»

10.4.4.1-биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу

Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамды-ғы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардио-графия, оның диагностикалық маңызы. Модельдеу «Жүректе өтетін электрлік үрдісті зерттеу»

10.4.4.2- электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

Биотехноло
гия

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері

10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Медициналық диагности-калауда, әкелікті негіздеуде, тұлға-ларды дербестендіру медицинасын-да, гендерді клондауда, дезоксирибонуклеин қышқылысеквенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы

10.4.3.2 - полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицинада мен криминалистикада және, маңызын сипаттау

Гендік -инженериялық манипуля-циялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы

10.4.3.3 - гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары

10.4.3.4-гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау



2) 11-сынып



Бөлімше

Тақырыптар

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Молеку
лярлық биология және биохимия

Антиденелердің құрылысы мен құры-лымы. Антиденелердің арнайылығы (белсенді орталығының). Антиген мен антидененің әрекеттесуі

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру

Транскрипция. Премрибонуклеин қышқылыпосттранскрипциялық модификациясы. Трансляцияның кезеңдері

11.4.1.2 - нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау

Генетикалық кодтың қасиеттері.

11.4.1.3 - генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру

Қоректену

Хлоропластың құрылымдық компо-ненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні. Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»

11.1.2.1 - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату

Фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңі. Кальвин циклы.

11.1.2.2 - фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы мен жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура. Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу»

11.1.2.3 - фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру

Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру

11.1.2.4- фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру

Заттардың тасымал
дануы

Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі

11.1.3.1 - өсімдіктердегі заттар транслокациясы механизмін түсіндіру

Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы

11.1.3.2 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері

11.1.3.3 - жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалының әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру

Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі

11.1.3.4 - мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау

2-тоқсан

Координация және реттелу

Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. Басқару жүйесінің негізгі компоненттері. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау

Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру

Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі.

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін түсіндіру

Көбею

Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары

11.2.1.1 - адам гаметогенезінің сызбасын талдау

Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру

11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

Өсу және даму

Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі

11.2.3.1 - бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

Тұқым
Қуалаушылық пен өзгергіштік
заңдылықтары

Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері

11.2.4.1 - мутациялардың дезоксирибонуклеинқышқылы репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын сипаттау

«Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ін секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы

11.2.4.2 - «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

3-тоқсан

Жасуша
лық биология

Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау»

11.4.2.1 - микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау

Биотехнология

Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері. Қоректік орталардың түрлері және оларды әзірлеу. Қоректік орталарға себу тәсілдері мен техникасы. Инкубация. Зертханалық жұмыс «Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу»

11.4.3.1 - микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру

Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері. Зертханалық жұмыс №6 «Бактерияларды Грамм әдісі бойынша бояу»

11.4.3.2 -грамм оң және грамм теріс бактерияларды зерттеу

«Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы» ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы алу тәсілдері. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы. Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. «Клондау» ұғымы

11.4.3.3 - рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы алу тәсілдерін түсіндіру

Ағзаларды клондау тәсілдері

11.4.3.4 - ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру

«Микроклоналды көбею» ұғымы. Өсімдіктерді микроклоналды көбейтудің кезеңдері мен әдістері. Маңызы

11.4.3.5 - өсімдіктерді микроклоналды көбейту тәсілін сипаттау

Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы

11.4.3.6 - ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

Биомеди
цина және биоинформатика

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

«Эпигенетика» ұғымы. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Эпигенетиканың молекулярлық негіздері. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар. Эпигенетика және эпигеномика. дезоксирибонуклеин қышқылың метилденуі.

11.4.4.2 - гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру

«Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану.

11.4.4.3 - биоинформатиканың ролін сипаттау

Экстракорпоральды ұрықтандыру
әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың
этикалық аспектілері

11.4.4.4 -экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің маңызын түсіндіру

Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу

11.4.4.5 - ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру

4-тоқсан

Биосфера, экожүйе,
Популяция
Түрлердің алуантүрлілігі

Экологиялық пирамидалар. Трофикалық деңгейлер. Қарым-қатынас түрлері. Модельдеу «Қоректік тізбектерде энергияның тасымалдануының сызбасын құрастыру». Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу

11.3.1.1 - экожүйелердегі трофикалық деңгейлердің сызбасын құрастыру

Түрлердің алуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау.

11.3.1.2 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлі-лігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы.

11.3.1.3 - жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін сипаттау

Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу»

11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау

Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну.

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
19-қосымша

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы «16» қыркүйегіндегі
№399 бұйрығына
115-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет