Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет51/63
Дата04.03.2024
өлшемі0.89 Mb.
#494151
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
@8; 6 3 07

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)

41. Оқу мақсаттарын қолдануға ыңғайлы болу үшін бағдарламада кодтау енгізілген. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім мен бөлімді, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.2 кодында: «10» - сынып, «2.1» - бөлім және кіші бөлім, «2» - оқу мақсатының нөмірленуі.


1) Мемлекет және құқық:



Білім алушылар:

10-сынып

11-сынып

10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру

11.1.1.1 нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау

10.1.1.2 құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу

11.1.1.2 нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу

10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт)

11.1.1.3 заңдылық пен құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру

10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау

11.1.1.4 заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру




11.1.1.5 қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау

10.1.2.1 құқықтық мемлекет принциптерін айқындау

11.1.2.1 Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру

10.1.2.2 әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету

11.1.2.2 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру

10.1.2.3 конституциялық принциптер негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату

11.1.2.3 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігін бағалау (Үкіметтік емес ұйымдар және тағы басқалар)

10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету


10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру

11.1.3.1 нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру

10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени)

11.1.3.2 азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқалардың) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау

10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт)

11.1.3.3 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру






11.1.3.4 Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру

10.1.4.1 сот төрелігінің принциптерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру

11.1.4.1 сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету

10.1.4.2 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау

11.1.4.2 судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету

2) жария құқық:



Білім алушылар:

10-сынып

11-сынып

10.2.1.1 Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру

11.2.1.1 азаматтық ұғымын ашып көрсету

10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар)

11.2.1.2 қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру




11.2.1.3 Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру

11.2.2.1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау

10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру

11.2.3.1 жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру

10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну

11.2.3.2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату

10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау

11.2.4.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау

10.2.4.2 нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру




10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау




10.2.4.4 кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау




10.2.4.5 жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау




10.2.4.6 қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылу шарттарын айқындау




10.2.5.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру

11.2.5.1 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату

10.2.5.2 нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану

11.2.5.2 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

3) жеке құқық:



Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

10.3.1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер)

11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру



10.3.1.2 азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру

11.3.1.2 келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау

11.3.1.3 мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру

10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу

11.3.1.4 заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды ажырату

10.3.1.5 нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау




10.3.1.6 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру




10.3.1.7 мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру




10.3.1.8 құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру




10.3.1.9 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу




10.3.1.10 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау




10.3.2.1 Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

11.3.2.1 қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру

10.3.2.2 заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру

11.3.2.2 нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау

10.3.3.1 отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру («Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі», «Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы»)

11.3.3.1 авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру

10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру

11.3.3.2 авторлық құқық саласында нақты жағдаятты шешудің құқықтық жолдарын ұсыну

10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу




10.3.4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру

11.3.4.1 отбасын отбасы құқығының институты ретінде айқындау

10.3.4.2 әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарын жүзеге асыруды зерттеу

11.3.4.2 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру




11.3.4.3 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау




11.3.4.4 алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау




11.3.5.1 еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау




11.3.5.2 кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу




11.3.5.3 жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

4) іс жүргізу құқығының негіздері:



Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру

11.4.1.1 қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру

10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату

11.4.1.2 кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау

10.4.1.3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету

11.4.1.3 Қазақстан Республикасының алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау

10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау

11.4.2.1 талап қою шарттарын түсіндіру



10.4.2.2 азаматтық процестің субъектілерін ажырату

11.4.2.2 талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру

10.4.2.3 кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау

11.4.2.3 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету

10.4.3.1 әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру



11.4.3.1 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу

10.4.3.2 әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау

11.4.3.2 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету




  1. халықаралық құқық:

10-сынып

11-сынып

10.5.1.1 халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар салаларын анықтау

11.5.1.1 Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру

10.5.2.1 қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау

11.5.1.2 Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу

42. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


43. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады (төмендетілген оқу жүктемесімен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет