13. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4 кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқыту мақсатының реттік саны.
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
|
10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну
|
11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну
|
2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
|
10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану
|
11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау
|
3. Көркем шығармадағы образ
|
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау
|
11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету
|
4. Шығарма үзінділерімен жұмыс
|
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
|
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
|
5 . Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу
|
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру
|
11.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру
|
2) анализ және интерпретация:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Әдеби шығарманың композициясы
|
10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау
|
11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау
|
2. Автор бейнесі
|
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау
|
11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау
|
3. Көркем шығарманың тілі
|
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау
|
11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау
|
4. Шығармашылық жұмыс
|
10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
|
11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
|
5. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар
|
10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау
|
11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Тарихи және көркемдік құндылығы
|
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау
|
11.3.1.1 шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
|
2. Заманауилығы мен жаңашылдығы
|
10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру
|
11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау
|
3. Әдеби эссе
|
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
|
11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
|
4. Әдеби сын
|
10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу
|
11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
|