Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет125/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   246
74-132

3-тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)
1-параграф. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұны


18. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).

19. 10-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) 7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау;

2) «Функция, оның қасиеттері және графигі». Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру. Функцияның қасиеттері. Күрделі және кері функция ұғымдары;

3) «Тригонометриялық функциялар». Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу;

4) «Кері тригонометриялық функциялар». Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері;

5) «Тригонометриялық теңдеулер». Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері;

6) «Тригонометриялық теңсіздіктер». Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;

7) «Ықтималдық». Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті). Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет