Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі



бет155/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   246
74-132

2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі

15. Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


Білім алушылар білуі тиіс:





Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.1 Кинематика

10.1.1.1 - кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу




10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру




10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау




1.2 Динамика

10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру




10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау




10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау




1.3 Статика және гидростатика

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау




10.1.3.2- Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы




10.1.3.3- гидростатикалық қысым терминін түсіндіру




1.4. Сақталу заңдары

10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану




1.5 Гидродинамика

10.1.5.1 сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау




10.1.5.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеру




10.1.5.3 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну




2.1 Молекулалық физика

10.2.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау
10.2.1.2 -қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау;
10.2.1.3-кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату




2.2 Газ заңдары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газ процестерінің графиктерін ажырату




2.3 Термодинамика негіздері

10.2.3.1 - термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру




10.2.3.2 - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау




2.4 Сұйық және қатты денелер

10.2.4.1 -ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау




10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы.




10.2.4.4- серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау




3.1 Электростатика

10.3.1.1 - электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау




10.3.1.2 - электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;




10.3.1.3 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру




10.3.1.4 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану




3.2 Тұрақты ток

10.3.2.1 - сыртқы тізбектегі электр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну




10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу




10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну




10.3.2.4 - эксперимент арқылы ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау




3.3 Әртүрлі ортадағы электр тогы

10.3.3.1 - әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру
10.3.3.2 - электролиттердегі электр тогыныың пайда болу шартын эксперимент арқылы анықтау




10.3.3.3-жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру




10.3.3.4 - асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау;




3.4 Магнит өрісі

10. 3.4.1 - өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну




10. 3.4.2 - сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау




10. 3.4 .3 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау




10.3.4.4 - жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру




10.3.4.5 - соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау




3.5 Электромагниттік индукция

10.3.5.1 - магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру




10.3.5.2 - Ленц ережесін түсіндіру




10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіндіру




10.3.5.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіндіру




4.1 Механикалық тербелістер




11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

4.2 Электромагниттік тербелістер




11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау
11.4.2.2 - механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықтарды сәйкестендіру

4.3 Айнымалы ток




11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу




11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күші максималды және әсерлік мәндері ) қолданып, айнымалы токты сипаттау




11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына саласына мысал келтіру;
11.4.3.4 - Резонанстық жиілікті есептеу




11.4.3.5 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру




11.4.3.6 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау




11.4.3.7 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

5.1 Электромагниттік толқындар




11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау




11.5.1.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекциясын сипаттау
11.5.1.3-радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру




11.5.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру




11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

6.1 Толқындық оптика




11.6.1.1 – жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру




11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану




11.6.1.3 - жарықтың интерференциясы, дифракция және поляризация құбылыстарын талдау арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын тәжірибелік түрде дәлелдеу

6.2 Геометриялық оптика




11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау;
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру




11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

7.1 Кванттық физика




11.7.1.1 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру(элементар бөлшектердің толқындық табиғаты);




11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау




11.7.1.3 - электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату




11.7.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру




11.7.1.5 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау




11.7.1.6 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру




11.7.1.7-лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіру;
11.7.1.8 - голографияның даму кезеңдерін талқылау

7.2 Атом ядросының физикасы




11. 7.2.1- радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру




11. 7.2.2 - графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау




11. 7.2.3- ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану




11. 7.2.4 - радиоактивті сәулелердің иондалу және өтімділік қабілеттерін түсіндіру;
11. 7.2.5 - радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау




11. 7.2.6 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11. 7.2.7 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

8.1 Нанотехнология және наноматериалдар




11.8.1.1- наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын, қолдануын түсіндіру

9.1 Космология




11.9.1.1 - жұлдыздардың жырақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіру




11.9.1.2 - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.9.1.3 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау




11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын «жаңа тәсілдерді» әдісін пайдалануды сипаттау




11.9.1.5 - Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы пікірталасты талқылау;
11.9.1.6 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып әлемнің ұлғаюы туралы болжамды талқылау




11.9.1.7 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу







11.9.1.8 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру

16. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


17. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі қосымшада берілген ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет