Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет165/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   246
74-132

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
12. Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 10.1.1.1. кодында «10» - сынып, «1.1» - бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқыту мақсатының реттік саны.
13. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.

Бөлім

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

10-сынып

11-сынып

1.
Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылы
мы мен қызметтері

1
Тірі организмдердің әртүрлілігі

10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау;
10.1.1.2 филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және (интерпретациялау) түсіндіріп беру;
10.1.1.3 әр алуан филогенетикалық карталар-дың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру




2 Қоректену

10.1.2.1 - әр түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсерін түсіндіру (температура, pH, субстрат концентрациясы, ингибитор)

11.1.2.1 - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату;
11.1.2.2 - фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру;
11.1.2.3 - фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру;
11.1.2.4 - фотосинтездің шектеуші факторларын түсіндіру;
11.1.2.5 - фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру

3 Заттардың тасымал-
дануы

10.1.3.1 - эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миогло-бині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру;
10.1.3.2 - пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

11.1.3.1 - өсімдіктердегі заттар транслокация механизмін түсіндіру;
11.1.3.2 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру;
11.1.3.3 - жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру;
11.1.3.4 - мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау




4
Тыныс алу

10.1.4.1 - аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.1.4.2 - анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру;
10.1.4.3 - метоболизмнің түрлерін атау;
10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау;
10.1.4.5 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату;
10.1.4.6 - Кребс циклін сипаттау




5
Бөліп шығару

10.1.5.1 - зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру;
10.1.5.2 - су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның рөлін түсіндіру;
10.1.5.3 - диализ механизмін түсіндіру;




6
Қозғалыс

10.1.6.1 - көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымын түсіндіру
10.1.6.2 - жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру




7 Координа
ция және реттелу

10.1.7.1 - миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру;
10.1.7.2 - рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіру;
10.1.7.3 - механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау;
11.1.7.2 - гормондардың әрекет ету механизмін түсіндіру;
11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсуді тездететін) әсер ету механизмін түсіндіру

2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму

1
Көбею




11.2.1.1 - адам гаметогенезінің сызбасын талдау;
11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

2 Жасуша-лық цикл

10.2.2.1 - митоз фазаларын сипаттау;
10.2.2.2 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру;
10.2.2.3 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру;
10.2.2.4 - қартаю үдерісін түсіндіру




3
Өсу және даму




11.2.3.1 - бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

4
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу;
10.2.4.2 - дигибридті будандастыру, жыныспен тіркес-кен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану;
10.2.4.3 - кроссинговер нәтиже-сінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру;
10.2.4.4 - аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру;
10.2.4.5 - Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу;
10.2.4.6 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын сипаттау

11.2.4.1 - мутациялардың дезоксирибонуклеин қышқылы репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын табу;
11.2.4.2 . - «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

5
Селекция негіздері

10.2.5.1 - селекцияәдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу




6 Эволюциялық даму

10.2.6.1 – тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
10.2.6.2 - эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау
10.2.6.3 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау
10.2.6.4 - түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу
10.2.6.5 - антропогенездің кезеңдерін атау




3. Ағза мен қоршаған орта

1 Биосфера, экожүйе,
популяция




11.3.1.1 - экологиялық пирамида ережесін түсіндіру
11.3.1.2 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату;
11.3.1.3 - өз аймақтың экожүйесін статистика-лық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, χ2-критерий) қолданып зерттеу

2
Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері




11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау;
11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну

4.Қолдан-балы кіріктірілген ғылым
дар

1 Молекула
лық биология және биохимия

10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру;
10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу;
10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;
10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу;
10.4.1.6 - биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау;
10.4.1.7 -дезоксирибонуклеин қышқылы құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;
10.4.1.8 -рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру;
11.4.1.2 - фермент-субстрат комплек-сінің түзілу механизмін түсіндіру;
11.4.1.3 - ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру;
11.4.1.4 - нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау;
11.4.1.5 - генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру

2 Жасуша
лық биология

10.4.2.1 - электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоид-терінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.4.2.2 - жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты түсіндіру

11.4.2.1 - микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау

3 Биотехно
логия

10.4.3.1 - биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;
10.4.3.2 - полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау;
10.4.3.3- гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру;
10.4.3.4 - гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

11.4.3.1 - микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру;
11.4.3.2 - грамм «оң» және грамм «теріс» бактерияларды зерттеу;
11.4.3.3 - рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;
11.4.3.4 - ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру;
11.4.3.5 - ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

4 Биомедицина және биоинфор
матика

10.4.4.1 - биомеханиканы робототехникада қолданылуын зерттеу;
10.4.4.2 - электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру;
11.4.4.2 - гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру;
11.4.4.3- биоинформатика-ның рөлін сипаттау
11.4.4.4 -экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің маңызын түсіндіру;
11.4.4.5 - ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклональды антиденелерді қолдануды түсіндіру

14. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


15. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Биология» пәні бойынша оқу жүктемесі үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар

1) 10-сынып





Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Молекулалық биология және биохимия

Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері

10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу

Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері

10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. №1 зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдай-лардың әсері (температура, pH)»

10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы.
№2 зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау».

10.4.1.6 - биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау

Дезоксирибонуклеин қышқылы
құрылысы мен құрылымы (бірінші және екінші реттік). Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қызметі

10.4.1.7 -дезоксирибонуклеин қышқылы құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату



Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы

10.4.1.8 -рибонуклеин қышқылы
типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

Жасушалық биология

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері

10.4.2.1 - электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс.

10.4.2.2 - жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты түсіндіру

Қоректену

Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар.

10.1.2.1 - ферменттер белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың әсерін түсіндіру

2-тоқсан

Заттардың тасымалдануы

Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы

10.1.3.1 - эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру

Пассивті тасымалдау механизмі

10.1.3.2 - пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

Тыныс алу

Аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметі

10.1.4.1 -аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Аденозинүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері

10.1.4.2 - анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру

Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері

10.1.4.3 - метоболизмнің түрлерін атау;
10.1.4.4 - энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері.
Кребс циклі және оның биологиялық маңызы

10.1.4.5 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
10.1.4.6 - Кребс циклін сипаттау

Бөліп шығару

Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі.

10.1.5.1 - зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру

Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция

10.1.5.2 - су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның рөлін түсіндіру

Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы.

10.1.5.3 - диализ және бүйрек трансплантациясы механизмін түсіндіру



3-тоқсан

Жасушалық цикл

Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер.

10.2.2.1 - митоз фазаларын сипаттау

Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез

10.2.2.2 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру

Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар

10.2.2.3 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру

Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар.

10.2.2.4 - қартаю үдерісін түсіндіру

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық
Тары

Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. №3 зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».

10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Көптік аллельділік. Есептер шығару

10.2.4.2 - дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану

Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы

10.2.4.3 - кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру

Аллельді және аллельді емес ген-дердің өзара әрекеттесуі. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия

10.2.4.4 - аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру

Хуго де Фриздің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Модельдеу «Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу»

10.2.4.5 - Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу

Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары.

10.2.4.6 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын сипаттау

Эволюциялық даму. Селекция негіздері.
Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар

10.2.6.1 - тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру;
10.2.6.2 - эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау

Эволюцияның дәлелдемелері.

10.2.6.3 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік «Соңғы әмбебап жалпы ата тек». Модельдеу «Кладограмма құру». Филогенетикалық картаның әр түрлі формалары. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы.

10.1.1.2 - филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және түсіндіріп беру
10.1.1.3 әр алуан филогенетикалық карталар-дың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру

Түр түзілудің тәсілдері. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация

10.2.6.4 - түр түзілудің тәсілдерін атау және түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу

Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез

10.2.5.1 - селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу

Антропогенез кезеңдері.

10.2.6.5 - антропогенездің кезеңдерін атау

4-тоқсан

Координация және реттеу

Жүйке жасушаларының құрылысы. Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы. Нейронның аксон бойымен қозудың берілуі

10.1.7.1 - миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру

Рефрактерлық кезең мен оның маңызы. Миелинденген және миелинденбеген нейрондарды салыстыру

10.1.7.2 - рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіру

Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы

10.1.7.3 - механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау

Қозғалыс

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы

10.1.6.1 - көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымын түсіндіру

Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының түрлер

10.1.6.2 - жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшық-тарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру

Биомедицина және биоинфор
матика

Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника). Медициналық биомеханика (протездеу). Эргометриялық биомеханика(оптимизация). Модельдеу «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»

10.4.4.1 - биомеханиканы робототехникада қолданылуын зерттеу

Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Модельдеу « Жүректе өтетін электрлік үрдісті зерттеу»

10.4.4.2 - электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

Биотехнология

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері

10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина, криминалистикадағы маңызы

10.4.3.2 - полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицинада және криминалистикадағы маңызын сипаттау



Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы

10.4.3.3- гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.

10.4.3.4 - гендік модификация-ланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

2)11-сынып





Бөлімше

Тақырыптар

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Молеку
лярлық биология және биохимия

Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиген мен антидененің әрекеттесуі

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру

Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Фишердің теориясы. Ферменттердің иммобилизациясы.

11.4.1.2 - фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру

Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі. Дәрілік препараттар мен ауыр металдар иондарының ферменттердің белсенділігіне әсері.

11.4.1.3 - ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру

Транскрипция. Премрибонуклеин қышқылы посттранскрипциялық модификациясы.

11.4.1.4 - нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау

Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы

11.4.1.5 - генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру

Қоректену

Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Rf мәні.
№1 зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»

11.1.2.1 - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату

Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану

11.1.2.2 - фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі

11.1.2.3 - фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар.

11.1.2.4 - фотосинтездің шектеуші факторларын түсіндіру

Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру

11.1.2.5 - фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру

Заттардың тасымал
дануы

Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі

11.1.3.1 - өсімдіктердегі заттар транслокациясы механизмін түсіндіру

Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы

11.1.3.2 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері

11.1.3.3 - жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалының әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру

Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі

11.1.3.4 - мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау

2-тоқсан

Координация және реттелу

Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы.

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау

Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру

Өсіргіш заттар. Ауксин мен гибериллиннің әсері.

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін түсіндіру

Көбею

Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары

11.2.1.1 - адам гаметогенезінің сызбасын талдау

Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру

11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

Өсу және даму

Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі

11.2.3.1 - бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

Тұқым
Қуалаушылықпенөзгергіштік
заңдылықтары

Дезоксирибонуклеинқышқылыныңкездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері

11.2.4.1 - мутациялардың дезоксирибонуклеинқышқылы
репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы
репликациясы арасындағы байланысын табу

«Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ын секвенирлеу.

11.2.4.2 - «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

3-тоқсан

Жасуша
лық биология

Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. №2 зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау»

11.4.2.1 - микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау

Биотехнология

Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері. №3 зертханалық жұмыс «Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу»

11.4.3.1 - микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру

Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері.

11.4.3.2 -грамм оң және грамм теріс бактерияларды салыстыру

«Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы» ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы
алу тәсілдері.
Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. «Клондау» ұғымы

11.4.3.3 - рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы
алу тәсілдерін түсіндіру

Ағзаларды клондау тәсілдері



11.4.3.4 - ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру

Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы

11.4.3.5 - ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

Биомеди
цина және биоинформатика

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар.

11.4.4.2 - гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру

«Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану.

11.4.4.3 - биоинформатиканың ролін сипаттау

Экстракорпоральды ұрықтандыру
әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың
этикалық аспектілері

11.4.4.4 -экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің маңызын түсіндіру

Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу

11.4.4.5 - ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру

4-тоқсан

Биосфера, экожүйе,
популяция

Экологиялық пирамидалар. Трофикалық деңгейлер. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу

11.3.1.1 - экологиялық пирамида ережесін түсіндіру



Түрлердің алуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.

11.3.1.2 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. №4 зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз регионы экожүйесінің жағдайын анықтау»

11.3.1.3 - өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, χ2-критерий) қолданып зерттеу

Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу»

11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау

Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну.

3-тарау «Биология» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет