Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады



бет189/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   246
74-132

23. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.

24. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.


3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспары

1) 10-сынып:



Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқыту мақсаттары



1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшелік
тері



Өркениет түсінігі және оның түрлері



«Өркениет» түсінігі

10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;
10.1.1.2 «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

Өркениеттің: дәстүрлі,
индустриалды және
постиндустриалды түрлері

10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрінің ерекшеліктерін анықтау;
10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

Әлем өркениеттері
нің тарихы

Ежелгі әлем өркениеті

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;
10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін талдау

Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;
10.1.3.3 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін талдау

Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

10.1.3.4 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.3.6 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау

Өркениеттер
дің өзара әрекеттесуі

Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы

10.1.4.1 себеп-салдарлық байланыс ты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау;
10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдар дың рөлін анықтау

Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы

10.1.4.3 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау

Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы

10.1.4.4 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру;
10.1.4.5 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау

2-тоқсан

Этника
лық және әлеумет
тік процес
тер



Антропогенез және этногенез

Адамның шығу тегі теориялары

10.2.1.1 антропогенездің теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Этностардың пайда болуы және дамуы

10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолдану;
10.2.1.3 әлем картасын пайдалана отырып тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру;
10.2.1.5 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәденилікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу

Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар



Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары



10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін қолдану;
10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстар дың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау

Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері

10.2.2.3 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау;
10.2.2.4 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу

Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары

Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі

10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін «социогенез», «формациялық әдіс», «өркениеттік әдіс» ұғымдарын қолдану;
10.2.3.2 социгенез теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары

10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру;
10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу

3 - тоқсан

Мемлекет, соғыс және револю
циялар тарихы
нан

Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер



Мемлекет түсінігі және саяси режимдердің түрлері

10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолдану

10.3.1.2 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру

Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар



Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы

10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру;
10.3.2.2 эллинизмді таратуда А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау

Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде

10.3.2.3 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау;
10.3.2.4 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау

Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары

10.3.2.5 дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау

Еуразия картасының өзгеруіне
Шыңғысхан жорықтарының ықпалы

10.3.2.6 моңғол шапқыншылығы ның Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау;
10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау

Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері

10.3.2.8 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату;
10.3.2.9 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау

ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері

10.3.2.10 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру;
10.3.2.11 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау

Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде



Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы

10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау;
10.3.3.2 буржуазиялық революция лардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру

Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде

10.3.3.3 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу;
10.3.3.4 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау

Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары



10.3.3.6 Шығыс Еуропадағы «барқыт» революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау;
10.3.3.7 «араб көктемі» және «түрлі-түсті революциялардың» ішкі және сыртқы факторларын анықтау

4 - тоқсан

Мәдениет тің дамуы

Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары



Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі

10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіру;
10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау

Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы

10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік- терін анықтау;
10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру;

Өнер – қоғам дамуының бейнесі



Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері

10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракцианизм», «модернизм», «постмодернизм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрессионизм», «гиперреализм», «хайтек» терминдерін қолдану;
10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау;
10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау

Зманауи өнердің даму тенденциялары

10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау;
10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау

Қазіргі қоғамның рухани-адамгер
шілік құндылық
тары



Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі

10.4.3.1 қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеруінің мысалдарын зерттеу;
10.4.3.2 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау

Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі

10.4.3.3 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру;
10.4.3.4 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау

2) 11-сынып:





Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаттары.
Білім алушылар тиісті:

1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшеліктері



Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық



Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану;
11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу

Дәстүрлі (аграрлық) экономика

11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау

Нарықтық экономика

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру;
11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау

Жоспарлы (социалистік) экономика

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру;
11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау

Экономиканың аралас түрі

11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу

Мемлекеттің экономикалық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері



Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары

11.1.2.1 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу;
11.1.2.2 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекет тердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау

Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі



Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі

11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау;
11.1.3.2 алғышарттардың негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу

Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары



1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау;
11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау



2-тоқсан

Саяси-құқықтық процестер



Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекет түсінігі

11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін «құқықтық мемлекет» ұғымын қолдану

Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі

11.2.1.2 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау;
11.2.1.3 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу

Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы

11.2.1.4 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін «азаматтық қоғам» ұғымын қолдану;
11.2.1.5 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының тарихи байланысын анықтау

Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар

11.2.1.6 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау

Әлемнің қазіргі саяси жүйесі



Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі



11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау;
11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау

Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі



11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін «постбиполярлық жүйе», «көпвекторлы саясат», «бір полярлы әлем» ұғымдарын қолдану;
11.2.2.4 қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау

Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі



Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер

11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «сепаратизм», «терроризм», «фундаментализм», «экстремизм», «миграция», «босқын» терминдерін қолдану;
11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық терроризмнің таралу себептері мен салдарларын анықтау




Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері

11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау;
11.2.3.3 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау

3 - тоқсан

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы



Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы



Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары

11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін «либерализм», «ұлтшылдық», «социал-демократия», «марксизм», «экзистенциализм», прагматизм», «позитивизм» түсініктерін қолдану;
11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау;
11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу

ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер



М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы



11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде «гандизм» ұғымын түсіндіру;
11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау

Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы

11.3.2.3 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолдану;
11.3.2.4 - азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау

Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші

11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азамат- тық позициясының маңыздылығын бағалау;
11.3.2.5 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «апартеид» ұғымын қолдану

ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың. басындағы көрнекті саясаткер-реформатор
лар



Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;
11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «этатизм», «зайырлы мемлекет» ұғымдарын қолдану;
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытын- дылар жасау

Франклин Делано Рузвельт және оның «жаңа бағыты»

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау

Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы

11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін «голлизм» ұғымын қолдану;
11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу

Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы

11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін «қытайлық ерекшелігі бар социализм» ұғымын қолдану;
11.3.3.8 ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдау

Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: «үшінші әлемнен бірінші әлемге»

11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы «экономикалық ғажайып» факторларын тұжырымдау;
11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру

Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі

11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау;
11.3.3.12 «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының мысалында мемлекет дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігін дәлелдеу;
11.3.3.13 Қазақстан Республикасы ның Тұңғыш Президентінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ұсыну өзектілігін негіздеу

4-тоқсан

Білім мен ғылымның дамуы



Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде



Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері

11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу;
11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау

Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін



11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау;
11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау;
11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру

Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні

11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу;
11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау;
11.4.1.8 заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау

Ғылыми-техникалық прогресс



Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері

11.4.2.1 мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолдану;
11.4.2.2 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау;

Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары

11.4.2.3 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін «ғылыми-техникалық прогресс» ұғымын қолдану;
11.4.2.4 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу

Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар



Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар

11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу;
11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер дің ықтимал салдарын болжау

Қазіргі ғылымның перспективті салалары

11.4.3.3 ғылымның заманауи тенденция ларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдану;
11.4.3.4 жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау;
11.4.3.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет