Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет186/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   246
74-132

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымын және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған. Тарихты зерделеу патриотизмге тәрбиелеу, білім алушылардың бойында азаматтық-құқықтық сананың қалыптасуына, жалпы мәдениеттік даму, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы әлеуметтенуге септігін тигізеді.
3. Дүниежүзі тарихы пәнін оқу оқушылардың әр түрлі тарихи кезеңдегі әлем тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі сұрақтары бойынша түсінік қалыптастыруды көздейді.
4. Оқу пәнінің мақсаты - дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін оқу негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
5. Оқу пәнінің міндеттері:
1) тарихи кезеңдегі қоғамдағы негізгі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени мәселелер туралы білімдерді қалыптастыру;
2) тарихи кезеңдер бойы адамзат қалыптастырған патриотизмді, толеранттылықты, гуманистік ғұрыптар мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
3) әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
4) оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
5) тарихи деректердің типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
6) деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларын қолдана білу қабілетін дамыту;
8) коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет