Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет37/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   246
74-132

1-тарау. Жалпы ережелер
1.Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ілімберудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2.»Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіріп оқыту негізінде білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, тіл нормаларын сақтап, еркін сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауын қалыптастыру.
3.»Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің негізгі міндеттері:
1) білім алушының мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қазақ халқының мәдениетімен танысу арқылы тәрбиелеу;
2) адамзаттық ойдағыдай кірігу үшін қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту;
3) қазақ тілі мен әдебиеті пәніне құндылық ретінде қарауды қалыптастыру;
4) коммуникативтік оқыту негізінде барлық сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдану дағдыларын дамыту;
5) қазақ әдебиетінің стилистикалық және жанрлық ерекшеліктерін тану негізінде шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
6) көпмәдени ортада лингвистикалық қажеттілікті іске асыруға дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу;
7) білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлғаны қалыптастыру.
8) Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары
4) СEFR -Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1) негізге ала отырып айқындалған.
2-тарау. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет