10- сынып
Өркениет: даму ерекшеліктері
|
11- сынып
Өркениет: даму ерекшеліктері
|
Білім алушылар:
|
10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану
|
11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану
|
10.1.1.2 «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру
|
11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу
|
10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрінің ерекшеліктерін анықтау
|
11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау
|
10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау
|
11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру
|
10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін талдау
|
11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау
|
10.1.3.2 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу
|
11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау
|
10.1.3.3 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін талдау
|
11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу
|
10.1.3.4 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау
|
11.1.2.1 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу
|
10.1.3.5 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау
|
11.1.2.2 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау
|
10.1.3.6 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау
|
11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау
|
10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау
|
11.1.3.2 өлшемшарттар негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
|
10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау
|
1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау
|
|
11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау
|
10.1.4.3 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау
|
|
10.1.4.4 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру
|
|
10.1.4.5 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау
|
|
10- cынып
Этникалық және әлеуметтік процестер
|
11-сынып
Саяси-құқықтық процестер
|
Білім алушылар:
|
10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
|
11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін «құқықтық мемелекет» ұғымын қолдану
|
10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолдану
|
11.2.1.2 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау
|
10.2.1.3 әлем картасын пайдалана отырып
әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру
|
11.2.1.3 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу
|
10.2.1.4 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау
|
11.2.1.4 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін «азаматтық қоғам» ұғымын қолдану
|
10.2.1.5 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени лікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу
|
11.2.1.5 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының байланысын анықтау
|
10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін қолдану
|
11.2.1.6 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау
|
10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау
|
11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау
|
10.2.2.3 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау
|
11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау
|
10.2.2.4 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу
|
11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін «постбиполярлық жүйе», «көпвекторлы саясат», «бір полярлы әлем» ұғымдарын қолдану
|
10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін «социогенез», «формациялық әдіс», «өркениеттік әдіс» ұғымдарын қолдану
|
11.2.2.4 қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау
|
10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
|
11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «сепаратизм», «терроризм», «фундаментализм», «экстремизм», «миграция», «босқындар» терминдерін қолдану
|
10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру
|
11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық лаңкестіктің таралу себептері мен салдарларын анықтау
|
10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу
|
11.2.3.3 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау
|
10- cынып
Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан
|
11-сынып
Қоғамдық-саяси ойдың дамуы
|
Білім алушылар:
|
10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолдану
|
11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін «либерализм», «ұлтшылдық», «социал -демократия», «марксизм», «экзистенциализм», «прагматизм», «позитивизм» түсініктерін қолдану
|
10.3.1.2 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру
|
11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау
|
10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру
|
11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу
|
10.3.2.2 эллинизмді таратудағы А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау
|
11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде «гандизм» ұғымын түсіндіру
|
10.3.2.3 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау
|
11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау
|
10.3.2.4 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өтудің заңдылығын тұжырымдау
|
11.3.2.3 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолдану
|
10.3.2.5 дәйекті қорытындылар жасау арқылы араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтау
|
11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау
|
10.3.2.6 моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау
|
11.3.2.5 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «апартеид» ұғымын қолдану
|
10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау
|
11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау
|
10.3.2.8 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату
|
11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «этатизм», «зайырлы мемлекет» ұғымдарын қолдану
|
10.3.2.9 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау
|
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі туралы қорытындылар жасау
|
10.3.2.10 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру
|
11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі
Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау
|
10.3.2.11 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау
|
11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін «голлизм» ұғымын қолдану
|
10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау
|
11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу
|
10.3.3.2 буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру
|
11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін «қытайлық ерекшелігі бар социализм» ұғымын қолдану
|
10.3.3.3 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу
|
11.3.3.8 Қытай Халық Республикасы мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін талдау
|
10.3.3.4 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау
|
11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы «экономикалық ғажайып» факторларын тұжырымдау
|
10.3.3.5 социалистік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерін түсіндіру
|
11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру
|
10.3.3.6 Шығыс Еуропадағы «барқыт» революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау
|
11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау
|
10.3.3.7 «араб көктемі» және «түрлі-түсті революциялардың» ішкі және сыртқы факторларын анықтау
|
11.3.3.12 «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының мысалында мемлекет дамуының ұзақ мерзімді жоспарының тиімділігін дәлелдеу
|
|
11.3.3.13 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ұсынудың өзектілігін негіздеу
|
10- cынып
Мәдениеттің дамуы
|
11-сынып
Білім мен ғылымның дамуы
|
Білім алушылар:
|
10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу жолдарын түсіндіру
|
11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу
|
10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау
|
11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау
|
10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау
|
11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау
|
10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру
|
11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау
|
10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракционизм», «модернизм», «постмодер- низм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрессионизм», «гиперреа- лизм», «хайтек» терминдерін қолдану
|
11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру
|
10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау
|
11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу
|
10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау
|
11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау
|
10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау
|
11.4.1.8 заманауи жоғарғы білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау
|
10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау
|
11.4.2.1 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолдану
|
10.4.3.1 қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мысалдарын зерттеу
|
11.4.2.2 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау
|
10.4.3.2 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау
|
11.4.2.3 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін «ғылыми-техникалық прогресс» ұғымын қолдану
|
10.4.3.3 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру
|
11.4.2.4 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу
|
10.4.3.4 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау
|
11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу
|
|
11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау
|
|
11.4.3.3 ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдану
|
|
11.4.3.4 жаңа ғылыми бағытттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау
|
|
11.4.3.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлерінің дамуынның маңызын түсіндіру
|