Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласында өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы «Дамуға ресми көмек туралы»



жүктеу 55.35 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі55.35 Kb.



Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласында өзара

іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Министр Е. Ыдырысов


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі


______________Б. Сұлтанов


2015 жылғы «____» _____________

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

«___» ___________ 2015 жылғы

№ ____ бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласында өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласында өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек (бұдан әрі- ДРК) саласындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейді.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрік) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ДРК саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасының ДРК саласындағы мемлекеттік органдарының, операторының (бұдан әрі – Оператор) және ДРК саласындағы өзге де ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Министрлік мемлекеттік органдардың, оператордың және ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, ДРК саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарын оларды кейіннен Қазақстан Республикасының Президентімен бекіту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.



2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмекті

қалыптастыру жөніндегі өзара іс-қимылы





  1. Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер), оператор және ұйымдар жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде Министрлікке ДРК саласындағы жобалық ұсыныстарды (бұдан әрі – жобалық ұсыныстар) кезекті қаржылық жылға қалыптастыру бойынша:

ДРК іс-шаралар жоспарын;

ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын енгізеді.

Жобалық ұсыныстар Министрлік бекіткен нысан бойынша енгізіледі.

Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер және ұйымдар жобалық ұсыныстарды уақытылы бермеген жағдайда, Министрлік аталған жобалық ұсыныстарды әзірлеушілерді хабардар етіп, оларды қараусыз қалдырады.



  1. Министрлік ұсынылған жобалық ұсыныстарды олардың сыртқы саяси орындылығы нысанасына сәйкестігін қарастырады.

Жобалық ұсынысты іске асырудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны тиісті жоспар жобасына енгізеді.

Министрлік ағымдағы қаржылық жылдың 1 сәуіріне дейін кезекті қаржылық жылға:

ДРК іс-шаралар жоспарын;

ДРК-ге арналған халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу жоспарын әзірлейді.

ДРК-ге арналған халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу бойынша жоспар жобасы Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 11 желтоқсандағы №2091 Қаулысымен бекітілген Комиссия туралы Ережесімен бекітілген тәртіппен қарастырылады.

Республикалық бюджет бекітілген соң Министрлік тиісті жылдарға ДРК іс-шаралары жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын бекітеді.



3. Бекітілген ДРК іс-шаралар және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарларға өзгерістер енгізу жөнінде

мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы


  1. Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар сыртқы саясат ахуалы өзгерген кезде бекітілген ДРК іс-шаралар жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

  2. Сыртқы саяси орындылығын ескере отырып, Министрлік бекітілген бюджеттік қаражаттар шығындары шегінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына түзетулер енгізеді және енгізілген өзгерістер туралы мемлекеттік органдар мен шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді.

Комиссия ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарының өзгерістерін алдын ала қарайды.

ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына енгізілген өзгерістер мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар үшін ДРК-нің қайта қосылған жобаларын іске асыруға негіз болып табылады.


4. ДРК жобаларын іске асыру жөніндегі

мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы


  1. Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар бекітілген ДРК іс-шаралар жоспарында қарастырылған ДРК жобаларын іске асыруды жүзеге асырады.

ДРК жобасын іске асыруға тиісті жобалық ұсыныстар енгізген оператор, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар жауапты болып табылады.

ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын іске асыруды Министрлік жүзеге асырады.



  1. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде:

Министрліктің сұранысы бойынша ДРК жобасын іске асыру үшін ұйымдастыру-техникалық жәрдемдесуді;

ДРК жобаларын іске асыруда сараптамалық жәрдемдесуді;



жыл сайын 30 желтоқсаннан кешіктірмей, ДРК жобаларын іске асыру бойынша Министрлікке есептік ақпаратты беруді жүзеге асырады.

  1. Министрлік мемлекеттік органдардың, шет елдердегі мекемелердің, әріптес-донорлардың және ДРК жобалық ұсыныстарды іске асыруға қатысуға ұсынылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының жәрдемдесуімен тұрақты негізде ДРК жобаларын іске асыруға мониторингті жүзеге асырады.

ДРК жобаларын іске асыру мониторингі негізінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына Қағидалардың 3-тарауында қарастырылған тәртіп бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

  1. Министрлік мемлекеттік органдардың, шет елдердегі мекемелердің, оператордың және ұйымдардың қатысуымен ДРК-мен байланысты мәселелерді шешу үшін жұмыс отырыстарын өткізуге бастамашылық етеді.

  2. Министрлік жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне өткен жылғы ДРК жобаларын іске асыру барысы туралы есептік ақпаратты ұсынады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет