Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы



бет220/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   246
74-132

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Шетел тілі (екінші). Неміс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2. Оқу пәнінің маңыздылығы, оның коммуникация, ғылым, бизнес, туризм және спорттық тілі болып табылатынымен белгіленеді. Неміс тілін білу:
1) білім алушылар әртүрлі тіршілік ету жағдаяттарындағы қарым-қатынаста сенімділіктерін арттырады;
2) Қазақстанда ғана емес, шет елдеде жоғары білім алуға мүмкіндік береді;
3) Қазақстанда және шет елде кәсіптік білім алуды жалғастыруға мүмкіндік береді;
4) білім алушылар неміс тілінде таратылатын жаңалықтар мен ақпарат алуға мүмкіндігін кеңейтеді;
5) білім алушылар неміс тіліндегі әдеби туындылардың тұпнұсқалық мәтіндерімен танысуға мүмкіндік алады;
6) білім алушыларға Қазақстанды өз елінде және шет елдерінде танытуға мүмкіндік алады;
7) мектепте қалыптасқан дағдыға, оқыту және білім стратегиясына сүйеніп өмір бойы оқуға мүмкіндік алады.
3. «Шетел тілі (екінші). Неміс тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушылардың сөйлеу қызметі бойынша төрт тілдік дағдыны дамытуға бағытталған (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Жалпы орта білім беру мектепті бітіргеннен кейін, білім алушылар (10-11 сынып) Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттікке сәйкес (Common European Framework of Reference, CEFR) В1 (орта – В1.2) тіл деңгейіне дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет