Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет227/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   246
74-132

3-тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
36. Дене шынықтыру бойынша білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар келесі 6 базалық негіздермен анықталады: «білу/түсіну», «орындай білу», «игерген білім деңгейлерін іс жүзінде орындалатын іс-әрекет кезінде және күнделікті өмірде қолдану», «талдау», «синтездеу», «бағалау».
37. 11-сыныпты аяқталғанда білім алушы:
1) дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; әр түрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары сабақтарының кешенін; жалпы дамыту және түзету бағытындағы дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін; дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
2) өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене шынықтырумен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстануға қажеттілікті; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің ауырлық деңгейін; физикалық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету қажеттілігін түсінеді;
3) өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын, салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыруды, ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларымен өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін; түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
4) сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды қызмет ету жағдайын талдайды;
5) қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастыруда дағдыларды; дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде мәселелерді зерттеу және шешу үшін сын тұрғысынан ойлау құралдары мен білімін; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін білуді жинақтайды;
6) жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; өз бетінше жетілу және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін; дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды.

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « «
№ бұйрығына
127-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің (жаратылыстану-математикалық бағыты, қоғамдық-гуманитарлық бағыты) 10-11 сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет