Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі



бет3/7
Дата02.09.2024
өлшемі127.87 Kb.
#503291
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
399 бұйрық 112 113 қосымша Оқу бағдарламасы Физика

2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.1 Кинематика

10.1.1.1 - кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу



10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру



10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау



1.2 Динамика

10.1.2.1 - Ньютон заңдарын түсіну және теңәрекетті күшті табу



10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау



10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау



1.3 Статика және гидростатика

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау



10.1.3.2- Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы



10.1.3.3- гидростатикалық қысым терминін түсіндіру



1.4. Сақталу заңдары

10.1.4.1 - сақталу заңдарын түсіндіру



1.5 Гидродинамика

10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау



10.1.5.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескереру





10.1.5.3 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну



2.1 Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері

10.2.1.1 - молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау



10.2.1.2 -қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау



10.2.1.3-кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату



2.2 Газ заңдары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газдардың процестерінің графиктерін ажырату



2.3Термодинамика негіздері

10.2.3.1 - термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру



10.2.3.2 - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау



2.4 Сұйық және қатты денелер

10.2.4.1 -ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау



10.2.4.2- сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы



3.1 Электростатика

10.3.1.1 - электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау



10.3.1.2 - электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;



10.3.1.3 - - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру



10.3.1.4 - қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролі



3.2 Тұрақты ток

10.3.2.1 - ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергі ұғымын түсіну



10.3.2.2 - сыртқы тізбектегі элерктр қозғаушы күші мен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну



10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну



10.3.2.4 - тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу



3.3 Әртүрлі ортадағы электр тогы

10.3.3.1 - әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру



10.3.3.2 - электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау



10.3.3.3-жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру



10.3.3.4 -асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау



3.4 Магнит өрісі

10. 3.4.1 - өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну



10. 3.4.2 - сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау



10. 3.4 .3 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау



10.3.4.4 - жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру



10.3.4.5 - соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау



3.5 Электромагниттік индукция

10.3.5.1 - магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру



10.3.5.2 - Ленц ережесін түсіндіру



10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну



10.3.5.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну



4.1 Механикалық тербелістер



11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

4.2 Электромагниттік тербелістер



11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау



11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру

4.3 Айнымалы ток



11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу



11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күші максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау



11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.4 - Резонанстық жиілікті есептеу



11.4.3.5 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру



11.4.3.6 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау



11.4.3.7 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

5.1 Электромагниттік толқындар



11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау



11.5.1.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің амплитудалық және жиіліктік мен детектрленуін сипатт ау;



11.5.1.3 радиоқабылдағыштың
жұмыс істеу принципін түсіндіру



11.5.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру



11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

6.1 Толқындық оптика



11.6.1.1 – жарық толқындарының интерференциясы және дифракциясы пайда болуын шарттарын сипаттау



11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану



11.6.1.3 - жарықтың поляризация құбылысын эксперимент арқылы зерттеу

6.2 Геометриялық оптика



11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау;
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру



11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

7.1 Атомдық және кванттық физика



11.7.1.1 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру(элементар бөлшектердің толқындық табиғаты);



11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау



11.7.1.3 - электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату



11.7.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру



11.7.1.5 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау



11.7.1.6 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру



11.7.1.7-лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіру;





11.7.1.8 - голографияның даму
кезеңдерін талқылау

7.2 Атом ядросының физикасы



11. 7.2.1- Табиғи радиоактивті ыдырау құбылысын (a, b және g) және жартылай ыдырау периоды терминін түсіндіру



11. 7.2.2 - графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау



11. 7.2.3- ядролық ыдырау және синтез процестерін түсіндіру



11. 7.2.4 - радиоактивті сәулелердің иондалу және өтімділік қабілеттерін түсіндіру;



11. 7.2.5 - радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау



11. 7.2.6 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;





11. 7.2.7 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

8.1 Нанотехнология және наноматериалдар



11.8.1.1- наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын, қолдануын түсіндіру

9.1 Космология



11.9.1.1 – жұлдыздардың жырақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіру



11.9.1.2 - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.9.1.3 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау



11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын "жаңа тәсілдер" әдісін пайдалануды сипаттау





11.9.1.5 - Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы пікірталасты талқылау;





11.9.1.6 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып
әлемнің ұлғаюы туралы болжамды талқылау





11.9.1.7 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;





11.9.1.8 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру

16. Бөлімді және тақырыптарды оқытуға арналған сағат санын мұғалім бөледі.
17. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі қосымшада берілген ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Физика" пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар
10 сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімшесі

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Кинематика



10.1.1.1- кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу

Салыстырмалы қозғалыс

10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру

Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау

Динамика

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

10.1.2.1 - Ньютон заңдарын түсіну және теңәрекетті күшті табу

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау

Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы

10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау

Статика және
гидростатика

Массалар центрі.
Тепе-теңдік түрлері

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру



Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану
Торичелли тәжірибесі

10.1.3.2- Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
10.1.3.3- гидростатикалық қысым терминін түсіндіру

Сақталу заңдары

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары

10.1.4.1 - сақталу заңдарын түсіндіру

Гидродинамика

Сұйықтық кинематикасы

10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау

№ 1 Зертханалық жұмыс:
"Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу"

10.1.5.2. - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеру;
10.1.5.3 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну

2-тоқсан

Молекулалық физика

Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері
қағидалары. Термодинамикалық параметрлер
Кристалл және кристалл емес заттар

10.2.1.1 – молекулалық кинетикалық теорияның
негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау;
10.2.1.2 - қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін Молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау;
10.2.1.3 - кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату

Газ заңдары

Идеал газ күйінің теңдеуі
Изопроцестер.Адиабаталық процесс

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газдардың процестерінің графиктерін ажырату

Термодинамика негiздерi

Термодинамика заңдарын қолдану
Жылу қозғалтқыштары.

10.2.3.1 – термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру; сипаттау;
10.2.3.2 – жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау

Сұйық және қатты денелер

Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі
Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар

10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;
10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы

3-тоқсан

Электростатика

Электр өрісі

10.3.1.1 – электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау;
10.3.1.2 - электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;

10.3.1.3 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру

Электрсыйымдылық.
Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері

10.3.1.4 – қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролі

Тұрақты ток

Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі. Кернеу және потенциалдар айырмасы

10.3.2.1 – ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергі ұғымын түсіну;
10.3.2.2 - сыртқы тізбектегі элерктр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну

Толық тізбек үшін Ом заңы

10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну

Электр тогының жұмысы мен қуаты

10.3.2.4 –тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу

Әртүрлі ортадағы
электр тогы

Металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі, газдар мен вакуумдағы электр тогы.
№ 2 Зертханалық жұмыс:
"Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу"

10.3.3.1 – әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру;
10.3.3.2 - электролиттердегі токтың пайда болу шарттарын эксперименттік түрде анықтау

Жартылай өткізгішті құралдар

10.3.3.3 – жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру

Асқын өткiзгiштiк

10.3.3.4 - асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау

4-тоқсан

Магнит өрiсi

Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі.

10.3.4.1 – өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну

Ампер күші, Лоренц күші.

10.3.4.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау

Заттың магниттік қасиеттері.

10.3.4.3 – магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау



Жасанды магниттер.Соленоид

10.3.4.4 - жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру;
10.3.4.5- соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау

Электромагниттiк индукция

Электромагниттiк индукция заңы.
Электромагниттік құралдар

10.3.5.1- магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру;
10.3.5.2- Ленц ережесін түсіндіру;
10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну

Магниттік-резонанстық томография

10.3.5.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну



Физикалық практикум



11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімшесі

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Механикалық тербелістер

Гармоникалық тербелістер

11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

Электромагниттік тербелістер

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер

11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау;
11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру

Айнымалы ток

Айнымалы ток генераторы

11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу

Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток

11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау

Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс

11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.4 - резонанстық жиілікті есептеу

Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор

11.4.3.5 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру

№ 1 Зертханалық жұмыс:
"Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау"

11.4.3.6 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

11.4.3.7 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

2 - тоқсан

Электромагниттік толқындар

Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы

11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау

Радиобайланыс

11.5.1.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детектрленуін сипатт ау;
11.5.1.3 - радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру

Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс арналары

11.5.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру

Байланыс құралдары

11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

Толқындық оптика

Жарықтың интерференциясы
Жарықтың дифракциясы

11.6.1.1 – жарық толқындарының интерференциясы және дифракциясы пайда болуын шарттарын сипаттау

Дифракциялық торлар
№ 2 Зертханалық жұмыс:
"Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау"

11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану

Жарықтың поляризациясы.
№ 3 Зертханалық жұмыс:
"Жарықтың поляризациясын бақылау"

11.6.1.3 - жарықтың поляризация құбылысын эксперимент арқылы зерттеу

Геометриялық оптика

Геометриялық оптика заңдары

11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау;
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру

Оптикалық құралдар

11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

3-тоқсан

Кванттық физика

Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы

11.7.1.1 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру (элементар бөлшектердің толқындық табиғаты)

Спектрлік талдау

11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау

Электромагниттік сәулелену шкаласы

11.7.1.3 - электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату

Фотоэффектіні қолдану

11.7.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру

Жарықтың химиялық әсері

11.7.1.5 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау

Рентгендік сәулелену

11.7.1.6 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру

Лазерлер.

11.7.1.7 - лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіру;
11.7.1.8 - голографияның даму кезеңдерін талқылау

Атом ядросының физикасы

Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы

11.7.2.1- табиғи радиоактивті ыдырау құбылысын (a, b және g) және жартылай ыдырау периоды терминін түсіндіру

№4 Зертханалық жұмыс: "Жартылай ыдырау периодын анықтау"

11.7.2.2 - графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау

Ядролық реакциялар.
Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция

11. 7.2. 3 - ядролық ыдырау және синтез процестерін түсіндіру

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану

11.7.2.4 - радиоактивті сәулелердің иондалу және өтімділік қабілеттерін түсіндіру;
11.7.2.5 - радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау

Ядролық реактор. Ядролық энергетика

11.7.2.6 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11.7.2.7 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

Нанотехнология және наноматериалдар

Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері. Наноматериалдар

11.8.1.1 - наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын, қолдануын түсіндіру

4-тоқсан

Космология

Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздық шамалар.

11.9.1.1 - жұлдыздардың жырақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіру

Жұлдыздардың классификациясы

11.9.1.2 - жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.9.1.3 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау

Қашықтықты анықтау

11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын "жаңа тәсілдер" әдісін пайдалануды сипаттау

Күңгірт энергия. Әлемнің үдеуі мен ұлғаюы

11.9.1.5 - Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы пікірталасты талқылау;
11.9.1.6 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып әлемнің ұлғаюы туралы болжамды талқылау

Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу

11.9.1.7 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;
11.9.1.8 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру



Физикалық практикум





Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
112-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет