Жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пәні бірлестігінің 201 – 201 оқу жылына түзілген



бет1/9
Дата01.06.2023
өлшемі0.5 Mb.
#474568
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
әдістеме папка


Бекітемін
Мектеп директоры ׃
« » жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
______________пәні бірлестігінің
201 201 оқу жылына түзілген
іс-шаралар жоспары

3. Пән бірлестік ережесі.
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
І. Жалпы ережелер
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.
Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.
ІІ. Әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары
Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:
пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
сабақ беру әдістемесін жетілдіру;
мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;
педагогикалық эксперименттерді жүргізу.


І. Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:


оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;

  • оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б;

  • оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары;

  • пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;

  • оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;

  • озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу;

  • пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;

  • өзара сабаққа ену;

  • оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет