МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
26
Стенографиялық есеп
Балаларға арналған мұндай ғылыми орталықтар
коммерциялық бағытта емес,
мемлекет пен демеушілер тарапынан қолдау табу керек.
Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдаланушыларға ғылым мен техниканы
дамытуға кірістің 1 пайызын аудару туралы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін айтты.
Бұл қаражатты пайдалану ұсынылып отырған бастаманы қаржыландыру көздерінің бірі
ретінде қарастыруға болады.
Балалар орталығының орналасатын жері ретінде «Экспо» аумағындағы «Нұр-
Әлем» павильон-музейін қарастыруға болады. Ол қазіргі кезеңде құрылған «Alem»
инновациялық мектебінен, «Astana IT University», «Назарбаев Университеті», «Astana
Hub», Жасыл технологиялар орталығы және тағы басқалардан тұратын экожүйеге
қосымша болады.
Сонымен қатар ғылыми орталық Алматыдағы «Атакент» аумағында орналасуы да
мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты болашақ балаларға арналған ғылыми
орталықтың қаржыландыру көзін және орналасатын жерін анықтау мәселесін пысықтауды
сұраймын.
Құрметпен «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі депутат Д. Тұрғанов».
Рақмет.
ТӨРАҒА. Сөз депутат Мұқаев Дәулет Төлеутайұлына беріледі.
МҰҚАЕВ Д.Т. Рақмет, Ерлан Жақанұлы.
Менің депутаттық сауалым Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары Роман Васильевичке арналады.
Бүгінгі сауалым жыры басылмаған жастарға берілген
жалдамалы пәтер жайлы
болмақ.
«2019 жылы – Жастар жылында жастар қуана қабыл алған жұмысшы жастарға
берілген жалдамалы пәтерлер бүгінде жастардың басты мәселесіне айналып отыр. 2019
жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан
жастардың саны 10 мыңға жуықтады. Бұл аудан халқымен парапар екенін ескерсек, назар
аударарлық мәселе болып отыр.
Иә, бұл жастарға өз баспанасын алуға қаржы жинау мақсатында берілген үлкен
мүмкіндік еді. Әйтсе де бұл бағдарламаны қабылдағанда өзге де факторларды ескеруді
назардан тыс қалдырған сыңайлы. 2019 жылы жалдамалы
пәтер алған жастардың
баспананы босатуына да бір жылдан аз уақыт қалды. Бүгінде мегаполистердегі жастардың
далада қалу қаупі жоғары.
2019 жылы баспана алған жастар әлемдік пандемиямен қатар келіп, 42 мың 500
теңгеге қарап қалғанын ескерсек, ақша жинау мүмкіндігі болмады. Бағдарлама ең
алғашында бес жылға берілсе, кейінгі жылдары үш жылға тағы қысқарды. Бүгінгі
таңда
елімізде инфляция деңгейі де шарықтап, үй бағасы жылдан-жылға өсті. Шындыққа тура
қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып, күнкөріс
мәселелері
алдыңғы орынға шықты. Бұл біріншіден.