Жалпы патофизиология


Циркуляциялық (жүрек-тамырлық) гипоксия



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Циркуляциялық (жүрек-тамырлық) гипоксия- қанайналым жүйесінің
бұзылыстарының салдарынан дамитын эндогенді гипоксияның түрі. Оттегінің 
құрамы бойынша артерия-веналық айырмашылықтың жоғарылауы тән. 
Тіндік гипоксия – тіндердің оттегіні пайдалануы бұзылғанда дамитын 
эндогенді гипоксияның түрі. Оттегінің құрамы бойынша артерия-веналық
айырмашылықтың төмендеуі тән. 
Ажыраған гипоксия (разобщения) – тыныстық тізбекте тотығу және 
фосфорилдену үдерістері бұзылғанда дамитын тіндік гипоксияның түрі. 
Артық жүктемелік гипоксии (жүктемелік гипоксия) - Қандай да бір 
ағзаның қызметі артқанда дамитын гипоксияның түрі. Бұл кезде ағзаның оттегіге 
мұқтаждығы бірден жоғарылағандықтан оттегіні тасымалдау жүйесі қажетті 
деңгейде ағзаны оттегімен қамтамасыз ете алмайды. 
Субстратты гипоксия- субстраттардың біріншілікті тапшылығынан 
биологиялық тотығу процестерінің бұзылуымен сипатталатын эндогенді 
гипоксияның түрі. Бұл кезде оттегіні тасымалдау жүйесі, мембраналар, 
ферменттер қалыпты болады.
Аралас гипоксия- гипоксияның екі және одан да көп түрлерінің қатар жүруі. 
Кривая диссоциация оксигемоглобина
бұл 
еріген 
оттегінің 
қысымымен анықталатын, гемоглобиннің оксигемоглобинге алмасу тәуелділігін 
график түрінде көрсету.


Оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығы сол жаққа қарай ауытқуы 
- алкалоз, гипокапния, гипотермия,эритроциттердегі 2,3-дифосфоглицерат 
концентрациясы төмендеуі кезінде байқалады. Бұл кезде гемоглобиннің оттегіні 
байланыстыру қабілеті жоғарылап, тіндерге оттегінің берілуі бұзылады. 
Диссоциациялық сызықтың сол жаққа қарай ауытқуы тіндік оксигенацияға 
жағымсыз әсер етеді. 
Оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығының оң жаққа қарай 
ауытқуы
ацидоз, 
гиперкапния, 
гипертермия, 
эритроциттердегі 
2,3-
дифосфоглицерат концентрациясы жоғарылауы кезінде байқалады. Бұл кезде Hb 
оттегіні байланыстыруы азаяды, өкпеде гемоглобиннің оттегіге қанығуы 
нашарлайды, бірақ капиллярларда оксигемоглобиннің оттегіні беруі жеңілдейді. 
Сондықтан оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығының оң жаққа қарай 
ауытқуы оттегілік гомеостазға қарағанда қауіпсіз жағдай болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет