ТАҚЫРЫБЫ: «Қызба»
Қызба – пирогендi заттардың әсерiне дене температурасы көтерiлуiмен және
термореттеудiң өзгеруiмен сипатталатын типтiк патологиялық процесс.
Пирогендер (pyr-от, ыстық) - қызбаны шақыратын заттар.
Гомойотермды (homoios-бiр, бiрдей, + tremos-жылы) - қоршаған орта
температурасына тәуелсiз дене температурасының салыстырмалы тұрақтылығы.
Пиротерапия (pyr-от, ыстық) - дене температурасын жасанды көтеру арқылы
емдеу әдiсi.
Пойкилотермды (poikilos-әр түрлi, genesis -туу, пайда болу) - сыртқы орта
температурасына тәуелдi дене температурасы тұрақсыз болатын ағзаның түрi.
Термогенез (thermos-жылу,genesis -туу, пайда болу) - жылуды түзу процесi.
Субфебрильдi қызба- температураның Цельсий бойынша 38 градусқа дейiн
көтерiлуi.
Орташа қызба- температураның Цельсий бойынша 38-39 градусқа дейiн
көтерiлуi.
Жоғары қызба - температураның Цельсий бойынша 39-40 градусқа дейiн
көтерiлуi.
Гиперпиретикалық қызба- температураның Цельсий бойынша 41 градустан
жоғары көтерiлуi.
Ұстамалы қызба (febris intermittens) - дене температурасы тәулiк бойы үлкен
тербелу өрiсiмен сипатталанатын және таң ата қалпына келiп немесе
төмендеуiмен ерекшеленетiн қызбаның түрi.
Әлсiрететiн қызба (febris hecticа)- дене температурасының тәулiктiк өзгеруiнiң
Цельсий бойынша 3-5 градусқа жетуi.
Қайтымды қызба (febris recurrens)- қызбалық және қызбалық емес кезеңдердiң
алмасуымен ерекшеленетiн қызба.
Босаңситын қызба (febris remittens) - тәулiктiк дене температурасының тербелiсi
1 градустан жоғары болады, бiрақ қайта қалпына келмейдi.
Атипиялық қызба (febris athypica) - дене температурасының тәулiк бойы
бiрнеше рет өзгеруi; циркадты ырғақтың толық өзгеруiмен ерекшеленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |