Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

 
 
 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары» 
Артериялық гиперемия (гр. hyper + haima- қан) – артериялық тамырлар арқылы 
қанның келуі өсуінен ағзаның қанмен толуы. 
Веналық гиперемия -  веналар арқылы қанның ағып кетуі қиындауынан ағзаның 
немесе тін бөлігінің қанмен толуы. 
Ишемия (гр. ischo- кідіру, тоқтату + haima- қан) – артериялық қанның келуі 
баяулауынан немесе тоқтауынан дененің, ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен 
қамтамасыз етуінің азаюы. 
Инфаркт (лат. infarcire- толтыру, нығыздау) – канмен қамтамасыз ету тез арада 
азаюы немесе токтауынан некрозға ұшыраған тіннің бөлігі. 
Стаз (гр. stasis- тоқтау, жылжымау) – капиллярларда, майда артериялар мен 
веналарда қан ағысының баяулауы немесе тоқтауы.
Тромбоз (гр. thrombosis- ұю) – организмнің тіршілігі жойылмаған жағдайда 
тамыр кемерлерінің ішкі беткейінде қанның элементтерінен тұратын
ұйындылардың пайда болу процесі. 
Эмболия (гр. emboli- итермелеп кіргізу, енгізу) – қан немесе лимфа ағысымен 
әкелінген денешіктермен тамырлардың бітелуі.
Диапедез (гр. diapedesis.)-капиллярлар және майда веналардың механикалық 
түрде зақымдалмаған қабырғаларынан қанның формалық элементтерiнiң өтуi. 
Адгезия (лат. adhaessio-желiмдеп жабысу)- әр түрлi немесе бiркелкi 
жасушалардың бiрiне бiрi, әйтпесе тығыз бетiне (мысалы, тамыр қабырғасына) 
желiмдеп жабысуы. 
Агрегация (лат. agregatio- косылу, бiрiгу)- физикалық, химиялық процестердiң 
нәтижесiнде әр түрлi (мысалы, қан жасушаларының) немесе бiркелкi 
бөлшектердiң бiрiгуi. 
Сладж (ағылш. sladge- қою батпак,балдыр)- суспензиялық тұрақтылық 
төмендеуiнен қанның формалық элементтерiнiң агрегация, адгезия, агглютинация 
процестерi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет