Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Патогенездік ем – ауру патогенезіндегі себеп-салдарлық қатынастардың 
тізбектерін жоюға бағытталған шаралар кешені.
Конституция (лат. constitutio-құрылым, дене құрылымы) – тұқым қуалайтын 
және жүре пайда болған қасиеттердiң негiзiнде құралған және организмнiң 
реактивтiлiк жағдайын қалыптастыратын қызметтiк және морфологиялық 
ерекшелiктердiң жиынтығы. 
Диатездер (гр. diathesis-бейiмдiлiк) – кәдiмгi қоздырғыштарға сәйкес емес 
реакциялармен жауап беруiмен, кейбiр ауруларға бейiмдiлiгiмен сипатталатын 
конституция ауытқуы. 
Адаптация (лат. adaptatio- бейiмделу) – эволюцияда қалыптасқан тiрi 
организмнiң өзгермелi өмiр сүру ортасына бейiмделуi. 
Деадаптация (лат. de-жою, adaptatio- бейiмделу) – организмнiң бұрын иеленген 
өмiр сүру ортасына бейiмделу қасиеттерiн жоғалту. 
Дизадаптация (гр. dys-бұзылу, adaptatio- бейiмделу) – сыртқы немесе iшкi орта 
факторларына организм бейiмделуiнiң бұзылуы. 
Реактивтiлiк (гр. reactia- қарсы шығу) – сыртқы ортаның әртүрлi әсерлерiне 
тiршiлiк әрекетiн өзгерту арқылы организмнiң жауап беру қасиетi. 
Гиперергия (гр. hyper- көп,жоғары+ergon-әсер, қызмет) – организм 
реактивтiлiгiнiң жоғары болуы. 
Гипоергия (гр. hypo- аз, төмен+ergon- әсер, қызмет) – организм реактивтiлiгiнiң 
төмен болуы. 
Нормергия (гр. norma- норма,қалыпты жағдай+ ergon- әсер, қызмет) – организм 
реактивтiлiгiнiң қалыпты болуы. 
Дизергия (лат. dys-бұзылу) – организм реактивтiлiгiнiң бұрмалануы. 
Резистенттілік – патогендiк факторлар әсерiне организмнiң тұрақтылығы. 


ТАҚЫРЫБЫ: «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің 
зақымдануға жалпы реакциялары» 
Жасушаның зардапталуы жасушалардың құрылысы, метаболизмі және 
функцияларының өзгерістері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет