«Жалпы патология» силлабусына 5-қосымша


Бақылау: 1.Сұрақтар



бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі77.5 Kb.
#452367
1   2   3
Бақылау:

1.Сұрақтар:

        1. «Ісіктік өсу» және «ісік» түсініктеріне анықтама.

  1. Ісіктік өсудің қандай биологиялық ерекшеліктері болады,атипизм түрлері,өспе және эмбиональді тіндердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері.

  2. Ісік этиологиясы,физикалық және химиялық бластогенді факторлары,онкогенді вирустар дегеніміз не.

  3. Ісіктердің патогенезін түсіндіру.Онкогенге түсініктеме беру

  4. Тіл өспесі туындауының себептері.

  5. Тіл өспесінің жіктелуі, патогенезі.



2. Тесттік тапсырмалар:
1. 67 жастағы науқас Р. «таңдайдың шырышты қабығының тегісжасушалы ісігі» диагнозымен онкологиялық ауруханаға түскен. Морфологиялық анаплазия қатерлі

өсуі кезінде мынамен бірге жүреді:

A. митохондриялар саны көбеюі

B. бөлінетін жасушалар саны азаюы

C. ядрошықтар саны мен көлемінің артуы

D. ядрошықтар саны мен көлемінің азаюы

E. митозға жауапты нәруыздардың азаюы
2. 45 жастағы науқас П, ауыз қуысының шырышты қабығында өскіннің пайда болуына

хирургқа шағымдана келген. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабығында ақшыл

түсті бүрлі аяқшасы бар жекеленген өскін байқалады. Қатерсіз өспелерге тән ерекшелік:

A. митоздық белсенділігінің төмен болуы

B. экспансиялық өсудің баяулығы

C. метастазға бейім болуы

D. айқын анаплазия

E. рецидивтің жиілігі


3. 59 жастағы науқас Т. онкологиялық диспансерге химиотерапия курсына «ауыз қуысы

төменгі бөлігінің эритроплакиясы» диагнозымен түсті. Қатерлі өспе өсуінің ерекшелігі: :

A..митоздық белсенділігінің төмен болуы

B. инфильтрациялық өсудің қарқындылығы

C. организмнің азып-тозбауы

D. рецидивтің сиректігі

E. экспансиялық өсудің баяулығы


4. 65 жастағы науқас В. онкологиялық диспансердің хирургиялық бөліміне «тегісжасуша-

лы өспе» диагнозымен емделуге жатқызылды.Инфильтрациялық өсудің патогенезінде

ең басты ролі:

A. кадгериндердер мөлшерінің төмендеуі

B. гидролиттік ферменттер бөлінуінің төмендеуі

C. өспе жасушаларының нейроэндокриндік регуляциясының үйлесімділігі

D. тіндік гидролаза ингибиторларының белсенділігі

E. өспе жасушалары арасындағы адгезиялық күшінің төмендеуі


5. Онкогендік қасиеті жоқ заттардың әсерінен канцерогендер әрекетінің күшеюі осылай

аталынады:



A. канцерогенез

B. проканцерогенез

C. коканцерогенез

D. синканцерогенез

E. антиканцерогенез
6. Темекі жағылған кезде мынадай заттар пайда болып, ағзаға әсер етеді:

A. радиобелсенді заттар

B. афлотоксиндер

C. бензидин

D. ретровирустар

E.кумариндер
7. Өспе дамуы кезінде көмірсулары алмасуының ерекшеліктері:

A. РНК синтезінің төмендеуі

B. мембрана липидтерінің монотондылығы

C. изоферменттің қарапайымдануы

D. анаэробтық гликолиздің күшеюі

E. нәруыздар синтезінің оның катаболизмінен басым болуы

8. Өспені жануардың бір түрінен осы түрдің жануарларына енгізуін осылай атайды:



A. аутотрансплантация

B. изотрансплантация

C. гомотрансплантация

D. гетеротрансплантация

E.аллотрансплантация
9. Қатерлі өспенің қарқынды өсуі кезінде кахексияның дамуы мынадан болады:

A.гипергликемиядан

B.гипогликемиядан

C.артериалық гиперемиядан

D.иммунитеттің белсенуінен

E.полицитемиядан


10. Өспелердің биохимиялық профилактикасы мынамен ерекшеленеді:

A. өндірісте канцерогендерді анықтау

B. денсаулық сақтау саласында жұмыстар жүргізу

C. антиканцерогендерді іздеу және тағайындау

D. канцерогендермен жанасудың алдын алу

E. атмосфераны канцерогендермен ластандыратын өндірістерді жабу
11. Құрылымдық-химиялық организацияларды қарапайымдылау, өспе тінінің дифферен-

циация деңгейінің төмендеуін осылай атайды:



A. дисплазия

B. күрделену

C. конвергенция

D. анаплазия

E. гипертрофия
12. Трансформацияланатын ген (онкоген) протоонкогенінің туындысы мынаған әкеледі:

A. регенерацияға

B. гипертрофияға

C. мутацияға

D. некрозға

E. аплазияға
13. Өспе жасушалары қаситтерінің малигнизацияға қарай сапалы өзгерісін осылай

атайды:


A. иммортализация

B. промоция

C. өспе прогрессиясы

D. инициация

E. өспе трансформациясы
14. Канцерогенез үрдісі кезінде ең қатерлі жасушаларды таңдау осылай аталады:

A. селекция

B. промоция

C. инициация

D. иммортализация

E. коканцерогенез
15. 38 жастағы науқас ер адам К. онкологқа ауыз қуысының шырышты қабығында түрлі-

түсті орамжапыраққа ұқсас және ас қабылдағанда «қолайсыздық» туындататын өскіннің

пайда болғанына шағымдана келген.

Өспе дамуының бастапқы сатысын осылай деп атайды:



A. селекция

B. промоция

C. инициация

D. иммортилизация

E. өспе прогрессиясы

3 Жағдайлық есептер:

1. 45 жастағы ер адам стоматологиялық клиникаға алып-салмалы тіс протездерінен тұрақты ауырсыну сезімінің пайда болатынына шағымдана келген.

Объективті қарағанда тілде жиектері біркелкі емес, қанайтын ойық жара байқалады.

Ойық жара тілдің төменгі жағы мен ортасында олналасқан.

Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталған.

1. Қандай патологиялық үрдіс дамыған? Туындау себептері.

2. Науқаста типтік патологиялық үрдістің даму механизмін сипаттаңыз.


2. 55 жастағы науқас К. онкодиспансерге хирургиялық тәсілмен емделуге астынғы ерін өспесі себебімен келіп түсті. Анамнезінен пациенттің 40 жыл бойы

күніне темекінің бір пачкасынан артық тартатыны белгілі болды. Астынғы ерінде

шекаралары белгіленген тығыз өспе байқалады. Өспе үстіндегі терісі ойылған.

Жақ асты лимфалық түйіндер ұлғайған, тығыз консистенциалы, ауырмайды.



1. Науқаста өспе туындауында қандай себептер болуы мүмкін?

2.Осы типтік патологиялық үрдістің туындауында себеп-салдарлық байланыстарын сипаттаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет