- Ықпал етілетін адамдардың индивидуалды ерекшеліктері туралы білімдер.
Ықпал етудің екі деңгейін бөліп көрсетеді: когнитиві жəне эмоционалды.
Негізгі ықпал етудің тəсілдері:
1. Иландыру
2. Еліктеу
3. Сендіру
Менеджерлердің тұлғасы мен оның іс əрекетінің индивидуалды стилі.
Менеджерлердің жеке адамдық қасиеттерін зерттеудегі психологияда басқару мен
жетекшілік ету (лидерлік) мəселелері бөлінеді.
Басқару мен лидердің қасиеттері бір
адамның бойынан табылған кезде, идеалды
вариант алынады. Басқарушы – лидер: қиыншылықтар мен мəселерді қабылдай алу
қабілеті, ұйымдастырушы бола білу, сезгіштік пен көрегендік,
өзін -өзі көрсете білу
ыңғайы, эмоционалды – психологиялық ықпал ете алу, оптимизм қасиеттерімен
сипатталады.
Басқару стилі – бұл басқарушының өзіне тəн басқару жүріс – тұрысына əкелетін
тəсілдер, əдістер, ықпал ету формаларының тұрақты жүйесі. Басқарудың классикалық
3стилін атап көрсетеді: авторитарлық – күшпен бағындырушы əдістермен басқару.
Демократиялық, яғни бірлесе отырып талқылау мен шешім қабылдау. Бос жіберушілік,
яғни шын мəніндегі басқару жоқ, формальды түрде ғана бар.
Менеджердің іс əрекетіндегі топтық құбылыстар мен процестерді басқару.
Əлеуметтік ұйым басқаруда құрылым жəне жүйе ретінде қарастырылады. Ұйым – іс-
əрекеті саналы түрде бірлескен іс-əрекетті тəртіптеу үшін жəне
ортақ мақсаттарға жету
үшін басқару субъектісімен координацияланатын индивидтердің бірігуінің спецификалық
формасы. Мұның барлығы топтық динамика. Топтық динамика – бұл ұйымның
тіршілігінің бүкіл циклін сипаттайтын топтың ішіндегі əлеуметтік – психологиялық
процестер мен құбылыстардың жиынтығы мен ондағы жүріп жатқан психологиялық
өзгерістер; бұл жекеленген, сонымен бірге топтық мүдделер
мен қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатында өзара тəуелділік пен өзара ықпал ету негізіндегі ұйым
мүшелерінің өзара əрекеттесу процесі. Топтық динамика келесі құбылыстар мен
процестерде көрінеді: басқару мен лидерлік, топтық шешімдерді қабылдау,
топтық
нормалар мен құндылықтарды жасау, жұмылу, топтық қысым, қақтығыстар жəне т.б. кез
келген топ өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті: 1)танысу, 2)қақтығыс, 3)жетілген
топ, ыдырау немесе жаңа сапаға өту.
Өндірістік қақтығыстар, олардың түрлері.
Қақтығыс түсінігі жəне анықтамасы, қақтығыстың талдауы жəне сипаттаудағы негізгі
категориялар.Қақтығысты сипаттайтын категориялардың проблемалық алаңы оның
құрылымы жəне динамикалық сипаттамалардан тұрады.
Қақтығыстың құрылымдық сипаттамасын келесі жүйелік компоненттер жатады:
қақтығысқа қатысушылар (жақтар), оның жағдайы (пайда болуы жəне өтуі), қақтығыс
пəні, қатысушылар əрекеті, қақтығыстың аяқталуы.
Қақтығыстың динамикалық сипаттамасы қақтығыстың дамуын көрсетеді жəне
қақтығыста не болады (процестер) жəне қалай пайда болады (осы
процестердің
регуляторлары) деген сұрақтарға жауап іздейді.
Қақтығыс түрлері жəне оның оларды түсіндіретін психологиялық концепциялар.
1. Жеке адамдар арасындағы қақтығыс.
2. Интерперсоналды қақтығыстар.
3. Топаралық қақтығыстар.
Конфликтология өзінің пайда болуынан бері практикалық – бағдарлық сипатта болды,
қақтығысты шешу міндеттерін қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: