Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих



Pdf көрінісі
бет62/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

Мінез. 
Мінез туралы түсінік. Мінез - əрбір адамның жеке басына тəн өзіндік 
психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез ерекшеліктері адамның 
даралық өзіндік психологиялық қасиеттері.
Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін 
тұрақты жеке қасиеті мінез деп аталады. 


Мінез бітістері адамның дүниеге көзқарасына сенімі мен мұратына, əлеуметтік 
жағдайына, сыртқы орталық əсері мен адамның өзін-өзі тəрбиелеуінен көрінеді. Мінез 
бітімі қалыптасуында қоғамдық – тарихи тəрбиелену бағыттары əсерінің де маңызы зор.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында алғаш сипаттаған – 
ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV- III ғ.ғ.). 
Адам мінезінің құрылымы əртүрлі қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез 
ерекшеліктері бір-біріне тəуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай əр 
түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылым дейді. Мінездегі өзара 
байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі факторлар деп аталады. Психикалық 
ғылымда мінез қасиеттерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке 
жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық; 
2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап 
қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік; 
3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тəкаппарлық, мақтаншақтық, 
өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т.б; 
4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, ұқыпсыздық, салдыр – салақтық. 
Мінез құрылымындағы қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
1. Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам таланттарына орай көпшілікке
ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді; 
2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет – мінездің күші. 
Осыған байланысты адам жақсы, мықты тұрақты жəне нашар мінезді деп аталады; 
3. Мінездің тұрақтылығы (ауытқушылығы) ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің 
ерекшелігі олар табандылық, тəуелділік, бейімделгіштік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет