Студенттер міндетті: 1. Сабаққа кешікпеуге.
2. Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.
3. Сабаққа таза келуге.
4. Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз
əкелуге.
5. Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.
6. Оқу процесіне белсенді араласуға.
7. Тапсырмаларды ұқыпты
орындауға.
8. Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.
9. Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.
10. Пунктуальді жəне жауапты болуға.
11. Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуге.
Студенттерге қойылатын талаптар: 1. Сабаққа қатысу.
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Əрбір қатыспаған сабақ оқу-əдістемелік
кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде
себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
2. Дəрісханадағы тəртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты
қабылдауға бөгет болатын нəрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер)
керек.
3. Жеке тапсырмалар
Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат
түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында
қорғалады. Əрбір жеке тапсырма бағаланады жəне ол қорытынды бағалауға əсер етеді.
4. Өзіндік жұмыс СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады жəне сабақ соңында
тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.
Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық
мəнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды
орындау мен тапсыру графигіне сəйкес қабылданады.
5. Білімді бақылау.. Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден
өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі.
Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды
жəне бағаланбайды.