Жалпы рецептура



бет1/3
Дата29.01.2023
өлшемі1.13 Mb.
#468898
  1   2   3
дәрілік формалар

Жалпы рецептура

Орындаған: Байзада Ж.

Тобы: ТФП-312


Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
химия факультеті

Жоспары

Жалпы түсінік

  • Жалпы рецептура – дәрілік формалардың рецептке жазылу ережелерімен таныстыратын фармакологияның бөлімі.
  • Дәрілік форма – дәрілік препараттарға қажетті емдік немесе профилактикалық эффектке қол жеткізуге мүмкіндік беретін, практикалық қолданысқа ыңғайлы формалар. Консистенциясына байланысты сұйық, жұмсақ және қатты дәрілік формаларды ажыратады; дәрінің бір түрі сәйкесінше әр түрлі дәрілік формада берілуі мүмкін.
  • Дәрі алуан түрлі аурулардың және паталогиялық жағдайлардың профилактикасына немесе емдеу мақсатында қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардан құралады.
  • Дәрілік зат – дәрі ретінде пайдаланылатын индивидуалды химиялық қосылыс.
  • Дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік формада дайындалған дәрі.

Фармакопея(pharmacon - дәрі, poieo - жасаймын) –дәрінің сапасы мен жарамдылығын анықтаудың әдістері сипатталған стандарттар мен нормалардың жинағы. Фармакопеяда дәрілердің физикалық және химиялық құрамы, ересектер мен балаларға улы және қатты әсер ететін дәрілердің ең жоғарғы бір реттік және бір күндік дозаларының кестелері, әр түрлі дәрілік формаларды дайындаудың әдістері, сақтау мен босатудың шарттары және т.б. көрсетілген.

Мемлекеттік фармакопеяның заңды күші бар. МФ талаптары дәрілерді жасап шығарушы немесе қолданушы елдің барлық мекемелері мен өнеркәсіптеріне міндетті.

Рецепт, дәрілерді жаздыртып босатудың ережелері

Рецепт – дәрігердің немесе фельдшердің дәріханаға науқасқа белгілі бір дәрілік формада дәріні жасап беру және босату жөніндегі, дәрінің дозасы мен оны қолдану әдісі жазылған өтініші қарастырылатын жазбаша жолдауы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет