Жалпы рецептура


Әдетте суспензияны дайындағанда сұйық ретінде су қолданылады



бет3/3
Дата29.01.2023
өлшемі1.13 Mb.
#468898
1   2   3
дәрілік формалар

Әдетте суспензияны дайындағанда сұйық ретінде су қолданылады.

Эмульсиялар – EMULSA (Emulsum, Emulsi)

Эмульсия - суда ерімейтін сұйық заттар(мысалы, сұйық майлар) сулы ортада майда тамшылар күйінде өлшенген жағдайда болатын сұйық дәрілік форма. Табиғи майлы эмульсияның мысалы ретінде сүтті алуымызға болады. Эмульсияларды ішке және сыртқа қолданады. Дайындау әдісі бойынша майлы және дәндік эмульсияларды ажыратады. Көбінесе майлы эмульсиялар қолданылады.

Майлы эмульсияларды сұйық майлардан дайындайды: үпілмәлік майы(касторовое), бадам майы(миндальное) және т.б. Майды эмульгирлеу (оны майда түйіршіктерге бөлу) үшін эмульсия дайындау барысында арнайы эмульгаторлар пайдаланылады.


Жақпа майлар(мази) - UNGUENTA (Unguentum, Unguenti) Жақпа майлар – сыртқы қолдануға белгіленетін және тұтқыр консистенциялы, жұмсақ дәрілік формалар. Жақпа майларды дәрілік заттарды арнайы қалыптүзгіш заттармен – жақпа майдың негізімен араластыру арқылы алады. Жақпа майдың негізі ретінде көбінесе вазелинді(мұнайды қайта өңдеудің өнімі), ланолинді(қой жүнін қайта өңдеудің өнімі) пайдаланады. Одан басқа, жақпа майлардың негізі ретінде басқа заттар да болуы мүмкін, мысалы: парафин, балауыз, т.б.
Жұмсақ дәрілік формалар.

Қорытынды

Сонымен, жалпы рецептура – фармакологияның бөлімі болып саналады. Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп, бақылайды. Қандай да болсын рецептті жазу үшін міндетті түрде барлық белгілі дәрілік формаларды ажырата алу қажет және олардың әрқайсысын қандай жағдайда қолдану тиімді екенін білу өте маңызды. Сондай-ақ, әрбір дәрігер, әсіресе фармацевт өз елінің фармакопеясында жазылған заңдылықтарды қатаң ұстануы тиіс!!!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Технология лекарственных форм: Учебник в 2-х томах. Том 1 / Под ред. Т.С. Кондратьевой. – М.: Медицина, 1991. С.312-325.
  • Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. – М.: Академия, 2006. С. 350-374.
  • Фармакология с общей рецептурой : учебник/ Д.А. Харкевич – 3-е издание, испр. и доп. – М.-ГЭОТАР-Медиа 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет