Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет26/73
Дата02.02.2023
өлшемі0.82 Mb.
#469077
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
lektsii po politologiya

Коммунистік (латынның коммунис - жалпы деген сөзінен) идеялар ХІХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895). Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырылғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал – социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет – пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық-экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланастырылады. Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санайды.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И.Ленин (1870-1924) басқарды. Ол марксизмді демократиялық революцияда пролетариаттың басшылық ету керектігі, партияның рөлі, буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы теориялармен байытты. Реформистік идеялар немістің социал-демократы Э.Бернштейн (1850-1932) мен немістің тарихшысы және экономисі К.Каутскийдің (1854-1938) еңбектерінде дамытылды. Кейін ол өзінше бөлек идеялық-саяси бағытқа – социал-демократияға айналды.
ХХ ғасырдың аяғында марксизм күйзеліске ұшырады, коммунистік идеологияның ықпалы күрт төмендеп кетті. Бүгінгі таңда ол Қытай, Корея Халық-Демократиялық Республикасы, Кубада сақталды.
Жоғарыда көрсетілгендей, социал-демократиялық идеологияның теориялық негізін салған Э.Бернштейн. 1899 жылы оның «Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты» деген еңбегі жарық көрді. Онда ол капитализмнің өзін-өзі дамытуға мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті. Соның негізінді классикалық марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет