Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет11/73
Дата02.02.2023
өлшемі0.82 Mb.
#469077
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
lektsii po politologiya

Демократиялық режимбұл дамушы, ілгері жылжушы режим, халық үкіметі- яғни, халыққа барлық билікті, қоғамды және мемлекетті басқарудың шынайы мүмкіндігін олар бақылайтын саяси институттар арқылы беру.
Әрине демократия- идеалды құбылыс емес, бірақ, барлық кемшіліктеріне қарамастан ол осы уақытқа дейін белгілі болып отырған саяси режимдердің ішіндегі ең жақсы және ең әділетті басқару формасы.
2. Қазақстандағы демократиялық саяси режим.
Қазіргі кездегі Қазақстанды жаңарту үшін демократияландырудың әлемдік тәжірибесі аса маңызды болып табылады. Қазақстандық қоғамның саяси даму ерекшеліктерін анықтауға және олардың әлемдік ағымдармен ара қатынасын белгілеуге мүмкіндік береді.
Біздің елімізде демократиялық режим орнатылды деп айтуға әлі ерте екендігі анық. Қазіргі Қазақстандағы саяси режим сипаты жағынан мәнісі бойынша авторитарлы- демократиялық режимнің либералдың типіне көбірек жақын. Авторитарлық негіздер ең алдымен, биліктің мемлекет басшысы – президенттің қолына көбірек шоғырландырылғандығынан көрініс береді.
Қазақстан Президенті – атқарушы және басқарушы биліктің басшысы, бас қолбасшы. Үкіметті қалыптастырудың барлық шексіз құқықтары дерлік оған тиесілі. Сонымен бірге елдің парламенті, бәрінен бұрын Мәжіліс, заңдарды қабылдау, үкімет басшысын және мемлекеттік бюджетті бекітуден басқа қайсыбір шынайы құзырларынан айрылған. Осылайша, биліктің Президент пен атқарушы органдардың қолына тым шоғырлануы жағдайында қоғамның тарапынан да, сондай-ақ заң шығарушы тарапынан да олардың қызметіне үнемі ықпалды бақылау жасау мүмкіндігі іс жүзінде жоқ. Бұл республикалық қаржыны бақылаусыз жұмсауға, сыбайлас жемқорлыққа қолайлы мүмкіндік жасайды. Мұндай жағдайда бақылау құралдары болып БАҚ-ры және кемеліне жеткен партиялық жұйе қызмет атқаруы тиіс. Алайда, әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтауға және білдіруге қабілетті бәсекелес партиялық жүйенің қалыптасуы әлі аяқталып біткен жоқ. БАҚ-ң өзі нарық жағдайында билікке тәуелді болады, өйткені олар мемлекеттік қаржысымен өміт сүреді.
Қазақстан саяси режимі – эволюциясы оның демократияландырылуы бағытында қоғамды саяси лидерлер мен элиталармен субъективизмінен қорғауға мүмкіндік беретін биліктің әр түрлі тармақтары арасындағы функциялары мен құзырлардың неғұрлым ұтымды бөлінісімен байланысты.
Қазақстанның алдында әлі шын мәнісіндегі демократияландыру жолын жүріп өтудің ұзақ сапары тұр.
Саяси режимдерді демократияландыру – бұл қоғамдық өмірдің барлық жақтарын ең алдымен, әлеуметтік – саяси қатынастарды, шынайы халық өкіметі мен гуманизмді, адам құқығының басымдығын мойындау негізінде қайта құрудың бәріне ортақ басты бағыт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет