Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



жүктеу 3.5 Mb.
бет1/30
Дата14.06.2016
өлшемі3.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
« Сырдария »университеті

Гуманитарлық білім” факультеті



«География және қоғамдық пәндер » кафедрасы

« Бекітілді »

Факультет оқу-әдістемелік кеңесі

№ хаттама ____200__ж.

_____________________________

(төрағасы ,аты жөні )


Саясаттану пәнінен ОБСӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы




Барлық мамандықтардың 2- курс студенттері үшін

Құрастырған доцент Алтынбеков Б.М.

Жетісай 2009ж.

ОБСӨЖ №1





  1. Сабақтың тақырыбы: Саясаттану ғылымы, қызметтері.




  1. Сабақтың жоспары:

1. Саясаттану пәнінің негізгі қызметтері.

2. Саясаттанудың заңдылықтары мен құрылымы.

3. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдармен байланысы.

4. Саясаттану ғылымының кезеңдегі негізгі бағыттары.


  1. Теориялық мәліметтер:


1. Саясаттанудың пәні жөніндегі алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын біріңғай, жалпы жұрт танып мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері , жеке ғылыми пән ретінде ерекшеленді-ретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелерімен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен,оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс- әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстыр-малар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс- тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с. нақтылы ғылымдарға телиді. Мұндайда теориялық қыры (мысалы,қоғам мен мемлекеттің мән- мағынасын, саяси идеяларды, саясаттың негізінде жатқан заңдылықтар мен қайшылықтарды, зерттеу, қоғамды сын көзбен сараптау және т.б.) тыс қалады. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылыққа алып отыр. Бұндай білімнің екі түрін бір- біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.

Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ «еркін-дік», «теңдік»,»әділеттік»,»егемендік»,» демократия» және т.б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.

Саясаттануды зерттейтін ғылымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды.Бұл пікірді БҰҰ-ның Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылар-дың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние-жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты:1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі);2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3)партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси - құқықтық жағдайы, оның саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы үсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат мүддесіндегі және мінез- құлық, іс- әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым- қатынастары туралы жинақтал-ған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс- тәсілдерін зерттейді.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп- білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы,жүйелеу, социологиялық,тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс- әр түрлі еледердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол еледгі саяси тұрақтылық пен саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

Жүйелеу әдісі- саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиядлық әдіс- саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи тәсіл- саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болащақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді, олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып- білуді талап етеді.

Бихевиористік әдіс- жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс- әрекеттерін талдау арқылы түсініп- білуге болады дейді.

Нормативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық- материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға және болмайды.

Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

Ғылымының басқа салаларындағы сияқты саясатанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік»,»саяси жүйе», «саяси тәртіп»,»саяси партия»,»саяси мәдениет», «саяси әлеуметтену»,»саяси өмір», « саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар»,»мемлекет»,»демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет»,»азаматтық қоғам»,»ішкі саясат»,»сыртқы саясат» және т.б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан,жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.

Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гноселогиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып- білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыз-дың саясат пен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының , бағдарламалары-ның сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.

Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану реттеушлік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелі-гі- қоғамны саяси өмірімен тығыз байланысында . Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс- әрекетінде басшылыққа алынады.

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси- басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік – саяси шиеленістер-ді ауыртпалықсыз шешу жолдарымен әдістерін көрсетеді.

Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеу-мен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

2. Біздің заманымыздың бесжүзінші жылдарынан бастап-ақ саясат туралы теориялық зерттеулер пайда болып, алғашқы саяси категориялар, атаулар, мұнан кейін саяси тұжырымдар қалыптаса бастады. Олардың философиялық-этикалық сипаты болды. Бұл процесс ең алдымен Конфуцийдың, Платонның, Аристотельдің шығармаларына байланысты. Олар саяси ғылым адамдарға қоғамда жарасымды және әділетті өмір сүруді, біртұтас мемлекетте дұрыс қарым- қатынас жасай білуді, азаматтарға белгілі дәрежеде жақсы қасиет және оларды үлгілі іс- әрекет жасауға үйретеді дап санады.

Саясаттану білімнің дербес саласы болып басқа қоғамдық ғылым-дардан кейін қалыптасты. XX ғ. Екінші жартысына дейін ол философия, заң ғылымдары, тарих ғылымдарының аясында болып келді.Саясаттану жөніндегі алғашқы кафедралар АҚШ-та, Батыс Европада XIXғ. аяғы XXғ. басында пайда болды. «Саясаттану» терминінің грекшеден аудармасы бола тұрса да Батыста ол сирек қолданылады. Олар мұнда саясаттың социологиясы мен психологиясы туралы сөз етеді. Саяси ғылымды көбінше «Саяси ғылым» немесе саяси социология, ғылыми саясат деп атайды. Жаңа заман саяси ғылымының (саяси социология, саясаттану) негізін салушы классиктері М. Вебер, В. Перето, Г. Моска, М. Острогорс-кий, Р. Михельс, А. Бентли, Ч. Мериам, Г. Лассуэл және т.б. болып саналады.

1925ж. Ч. Мериам (АҚШ) саяси ғылымды саяси құлық, тәртіп туралы ғылымға айналдыру идеясын ұсынды. Осылайша саяси ғылымда бихевиористік (мінез- құлық, тәртіп,дегенді білдіреді) бағыттың негізі қаланды. 30-шы жылдары АҚШ- та биліктің жалпы саяси концепциясын жасау белсенді қолға алынды. Осы жылдары Г. Лассуэл – саяси ғылымның аса ірі теоретиктерінің бірі- З. Фрейдтің ілімі негізінде саяси психологиялық тұжырымдады.

1948 жылы ЮНЕСКО Парижде саяси ғылымның проблемалары жөнінде халықаралық жиын өткізді. Оған Европа мен Американың жетекші саясаттанушылары қатысты. Онда «саяси ғылым» деген терминді жекеше түрде қолдануға келісті. Оның пәні төмендегі мәселелер болып белгіленді: 1) саяси теория және идеялардың тарихы; 2)саяси институттар (конституция, орталық басқарма, аймақтық және жергілікті басқарма, ресми әкімшілік, басқарманың экономикалық және әкімшілік қызметі, саяси институттарды салыстыра талдау); 3) партиялар, топтар, қоғамдық пікір (саяси партиялар, топтар, ассоциациялар, азаматтардың басқарма мен әкімшілікке қатысуы, қоғамдық пікір);4) халықаралық қатынас (халықаралық саясат және халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық). Дегенмен саяси ғылым нені зерттейді дегенмәселе бойынша түсінікте келіспеушілік сақталып қалды. Өйткені, оған әр елдегі ұлттық, әлеуметтік- экономикалық, мәдени- ахуалдың ерекшеліктері мен айырмашылықтары себеп болды.

Бұрынғы социолистік елдерде «Саясат туралы ғылым» Югославия мен Польшада ғана оқытылып келді. Польшада саяси ғылым туралы мектеп Львов қаласында 1902 жылы ашылды.

Cаяси ғылымдардың кеңестік ассоциациясы 1955 жылы құрылып, ол халықаралық саяси ғылымдар ассоциациясына кірді. Кеңес одағында, оның ішінде Қазақстанда 80- ші жылдардың ортасына дейін саясаттану өз мәртебесін алған жоқ, оны ғылыми коммунизм теориясы, партия тарихы ауыстырып келді. Саясаттану пән ретінде жоғары оқу орындарында 90- шы жылдардың басынан бері оқытыла бастады.

Саясаттанудың пәні саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылығы, оның қызмет әдістері мен түрлері, олардың мемлекеттік –ұйымдасқан қоғамда пайдаланылуы болып табылады. Батыста қалыптасқан дәстүр бойынша саясаттану билік құрылымын ұйымдастыру, саяси процестердің дамуын әр алуан әлеуметтік және саяси күштердің өзара байланысын, топтардың, жеке адамдардың саяси қимылын, мүдделерін, саяси дәстүрі мен саяси мәдениетін, халықаралық қатынас жүйесінің даму мәселелерін қамтиды. Міне сондықтанда саясаттануды әдетте саясат туралы, оның барлық көріністері туралы ғылым ретінде бағалайды, ол мемлекеттік және саяси институттардың мақсаты мен барлық іс - әрекеттерін зерттеуге тиіс.

Саясаттану ғылымы саясаттың екі жағын – теориялық және күнделікті қолданбалы жағын қарастырады.



Теориялық тұрғыда –ол саяси өмірді қалыптастыруға байланысты ғылыми проблемаларды зерттейді, қоғамның алдында тұрған саяси мақсаттарды және оған жетудің құралдарын белгілейді, саяси даму процестерін түсіндіреді, саяси зерттеулердің әдіс- тәсілдерін белгілейді.

Практикалық тұрғыда- ол зерттеу тұлғаларының принциптерінің жеке тетіктернің, сондай-ақ іс жүзінде қолдануға жобаланған саяси технологиялардың, нақты бағдарламалар мен ұсыныстардың жиынтығын қамтиды.

Саяси ғылым аса көптеген проблемаларды зерттейтін болғандықтан оның шегі өзгеріп отырады және оны болжау қиын. Бірақ, бұл проблемалардың болжамды тізімін келтіруге болады. Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы мәселен,төмендегі проблемаларды атады. Саяси тарих, саяси институттар, партиялар, топтар, қоғамдық пікір, халықаралық қатынас. Ал Қазақстанда саяси ғылымдардан мынадай тақырыптарда диссертациялар қорғалды: саяси ғылымның теориясымен тарихы; саяси партиялармен қозғалыстар; саяси институттармен процестер, саяси мәдениет және идеология; халықаралық жүйенің саяси проблемалары және әлемдік даму.

Саясаттанудың оқу пәні ретіндегі проблемалары да айқындалып келеді. Оған әдетте төмендегі бөліктер кіреді: саясаттың теориясы мен социологиясы; қоғамның, билік пен демократияның теориясы; саяси идеология және саяси білімдердің тарихы; қолданбалы саясаттану; салыстырмалы саясаттану; саяси жүйе және оның құрылымы, саяси сана, халықаралық саясат және т.б. егжей- тегжейлі қарастырылады.

3. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі – ортақ қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитар-лық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.

Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байла-нысты. Фәлсафа- табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.

Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің нгеізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемле-кеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.

Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адам-дардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен инстиуттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады.Құқықты К. Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.

Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық- әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі-әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды.Ал әлеуметтану оған процес ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады.Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.



Тарих болса, жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.

Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгер-шілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып- үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.

Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тоталитарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саясаттануды оқып- үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе, әрбір тұлғаның еркіндігі мен абройын , оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді.

Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты- адамды күрделі әлеуметтік- саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету.Сонымен қатар ол азаметтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тәртіпсіз жеке адамның шын мәніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес.

Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында «этикалық парызды» насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған заңдарын сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуды қалыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тәсіл, көзқарас Еуропада, әсіресе Германияда,XX ғасырдың 60 жылдарына дейін орын алады. Ал АҚШ-та көптеген жылдар бойы саяси білімнің пайдалы нәтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағыты басым дамыған . Ол азаматтарды өзінің өмірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым- қатынаста, ынтымақтас-тықта шешуді үйретеді. Әр түрлі дау- дамай, шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық және америкалық ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделерін үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.

Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді.

Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.

Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамдық өмірді демократияландыру, саяси мәдениетті сомдау, өсіп келе жатқан ұрпақты саяси әлеуметтендіру саясаттандыру курсын оқып- үйренудің маңызы өте зор.



4.Кейбіреулер саясаттанудың даму жолын оқып керегі не деп те ойлауы мүмкін.Ондай ой ағаттық болар еді. Себебі, біріншіден , қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдық құрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола қойған жоқ. Оған мыңдаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты.

Екіншіден, қоғамдық ой- пікірде түпкілікті, үзілді- кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, ескі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік ішкі қисыны, логикасы болады. Оларды оқып- білу арқылы адам өркениеттіліктің сатыларынан өтіп, саяси тәжірибе жияды. Сондықтан саясаттанудың тарихын білмей, қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір саяси теорияларды негіздеушілер және олардың жақтаушылары өз іс- әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихи тағылымға талмай үңілуді талап етеді. Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой- пікірлерін оқып үйренудің маңызы зор.

Саясаттанудың даму тарихын зерделегенде тағы бір есте болатын жай- қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған, әлі де ойландыратын ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына жататындар: мемлекет деген не, ол қалай пайда болды, не үшін керек, оның ең жақсы түрі бар ма, билігінің шегі қандай, және т.с.с. Бұл мәселелер жөнінде әр ойшылдың өзіндік пайымдаулары болғандығын төменде жиі байқайтын боламыз.





  1. Бақылау сұрақтары:

  1. Саясаттану қандай пән?

  2. Бихевиористер кімдер?

  3. Саясаттанудың әдістері?

  4. Саясат туралы теориялық зерттеулер қашан пайда болды?

  5. Саясаттану білімнің дербес саласы болып қай кезде қалыптасты?

  6. Саясаттану КСРО- да , соның ішінде Қазақстанда қашан оқытыла бастады?

  7. Саясаттану қандай ғылымдармен тығыз байланыста дамиды?

  8. Сасаттың даму жолы, тарихы қандай?

  9. Саясаттану ғылымы саясаттың қандай жақтарын қарастырады?




  1. Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий


7. СӨЖ тапсырмасы: XI-XV ғасырдағы Қазақстан территория-сындағы тайпалар мен халықтардың саяси бірлігі.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998ж.

2. Қапесов Н. Саясаттану Алматы «Жеті жарғы » 2003 ж

3. Хан И.Г. Саясаттану Алматы Каз ГЗУ 2003

4. Көкеев Ә.Д. Саясаттану Оқу - әдістемелік құрал Шымкент 2002ж

5. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері. Алматы «Санат», 1995ж

6. Әл- Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университеті. Фәлсафа, Саясаттану және Психология факультеті. Саясаттануға кіріспе I,II,III – бөлім. Алматы , 1994ж

7. Қ. Әбілдаев, Ә. Мелдебеков Саясаттану Алматы «Санат» 2002ж

8. Н. Өсерұлы Қазақтың үкім кесімдері Алматы «Ана тілі » 1994ж

9. А.А. Амирбек Халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер дақтары. Шымкент 2006ж

10. Д.А. Жамбылов Г.Ж. Жамбылова Саясаттану сөздігі Алматы «Эконо-мика» 1997 ж

11. Америка құрама штаттарының ақпарат агенттігі Абылайхан- дос және К 0 Америка үкіметі туралы очерктер Алматы 1995ж


Қосымша:

1. Краснов Б. Политология. М, 1995г.

2. Жуков В., Краснов Б. Общая и прикладная политология. М, 1999г.

3. Пугачев М. Основы политологии. М, 1995г.

4. Мельник В. Политология. Минск, 1997г.

5. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері. А, 1994ж.

6. Нартов Н. Геополитика. М, 1999г.

7. Зеркин В. Основы политологии. Ростов-на-Дону. 1996г.

8. Мальцев В. Основы политологии. М, 1997г.

9. Нерсесянц В. История политических и правовых учений. М, 1998г.

10. Джунусова Ж. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. А, 1996г. П.Копесов Н. Основы политологии. А, 1995г.

11. Ефимов В. Система государственной власти. М, 1994г.

12. Демидов А. Основы политологии. М, 1994г.

13.Ашин Г. Основы политической элитолгии. М, 1999 г.

14.Пугачев В. Введение политологию. М, 1999 г.

15.Назарбаев Н. Ғасырлар тоғыында А, 1999 ж.

16. Назарбаев Н.Тарих толкынында А, 1999 ж.

17. Нысанбаев Ә. Қазақстан демократия рухани жаңғыру. А, 1998ж.

18.Денисюк Н. Политология М, 1996г.

19.Марченко М. Политология М, 1997г.

20.Малько В. Политология М, 1999г.

21.ГаджиевК. Введение в политическую науку. М, 1997г.

22. Машан М.С Политическая система Казахстана трансформация,

адаптация, целедостижение. Алматы Білік, 2000г.-208с

23.Байтенова Н. Межэтническая интеграция: проблемы, реальность перспективы. А, 1997г.

24.Бакаев Л. Межэтнические отношения в Казахстане исторический опыт, проблемы и противоречия А, 1995 г.

25. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода Алмалы: Өнер, 1998г.-256с

26.Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана состояние и перспективы

Алматы: ИРК 1996г.-227с

27.Аяган Б.Г. Апогей и закат советского социализма Казахстанский полигон Алматы, 2000 г-168 с.

28. Кадыржанов Р. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы перспективы. Алматы: ИФП МН-ВО РК, 1999г-166с.

29. Ибраева Г.Ж. Политика и телевидение Алматы КазГУ, 1996г.-147с

30. Байдельдинов Л.А. Казахстан как политическая реальность. Алматы: институт развития Казахстана, 2000г.

31.Ертысбаев Е. Выборы и демократия сущность и основное содержание Алматы 2000г.

32.Сарсенбаев А. Формирование информационной политки Республики Казахстан. Алматы, 1999г.-174с

33.Тасмаганбетов И.Н. Социаальная политика и политическая трансформация. Алматы: Ғылым, 1997г.-250с

34.Калиева Р.М. Республика Казакстан и современный мир. Астана Елорда, 2000г.-248с

35. Бурханов К. Политология А, 2000г.

36.Казахстан Респбуликасының Конституциясы. А, 1995ж

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет