Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швеццияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы т.б.
Консервативтік партиялар негізінен ірі буржуазияның негізін құрайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиан-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның косервативтік партиясы т.б.
Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқығын бостандығын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.
Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай революциялық, реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Революциялық партиялар қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік партиялар қоғамда маңызды өзгерістер жасамақ, бірақ оның негізігі құрылысын сақтап қалмақ. Консервативтік партиялар қазіргі әлеуметтік өмірдің негізігі сипат, ерекшеліктерін тұрақты сақтап қалмақ. Реакциялық партиялар – қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды коксеушілер.
Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |