Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар?
1.Саяси партиялардың пайда болу себептері, дамуы.
2.Партияның мәні мен қызметі.
3.ТМД елдеріндегі көппартиялық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері.
4.Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері.
5.Саяси өмірдегі оппозицияның алатын орны.
6.Партиялық жүйенің түрлері.
Тақырып: Адам және саясат. Саясат субъектілері.
Жоспар:
1.Тұлға – саясаттың субъектісі мен объектісі.
2.Жеке адамның құқығы мен бостандықтары.
3.Жеке адамның құқықтарының жіктелуі.
1. Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.
Субъект деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Объект деп субъектінің танымдық және басқа іс - әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект – зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.
Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат- мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді.
Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалы әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі;
Қоғамды ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат;
Саяси ұйымдардың (партияның және т.б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам;
Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер;
Саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясатшы;
Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, ең “соңғы саты” болып саналатын саяси басшы, көсем.
Достарыңызбен бөлісу: |