Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.ҚР халықаралық беделінің өсу жолындағы Қазақстан Президентінің рөлі.
2.Орталық Азия аймағының халықаралық ұйымдарындағы Қазақстан.
3.Қазақстанның ішкі саяси приоритеттері ( «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы»).
4.Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері,
5.ҚР плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары.
6.ҚР сыртқы саясаты.
7.Қазақстанда азаматтық қоғамның орнау ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар.
Абсолютизм—жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.
Авангардтық партиялар — ұйымы жоғары орталықтандырылған, барлық мүшелерінен белсенді жұмысты талап ететін партиялар. Мысалы, бұрынғы СОКП, қазіргі Үндістан Үлттық конгресс партиясы.
Авантюризм — саясатта, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат, мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлы жолмен оңай олжа іздеушілік. Әдетте, мұндай саясат елдің қоғамдық-саяси жағдайын шиеленістіріп, адамдардың, халықтардың тағдырына ауыр зардабын тигізуі мүмкін.
Автаркия — елдің экономикасын баска елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат. Осыған орай ол шетелдердің тауарларын, капиталын жөне т.б. өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатта да жасалады.
Автократия — бір адамға жоғары екімет билігін шексіз беру арқылы басқаруды немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады. Сонымен катар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
Автономия — бір мемлекеттін шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым.
Авторитаризм — жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |