16-БАП. ПЕДАГОГТІК ƏДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС 1.Педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітетін педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Педагогті тəртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы еске ріле отырып, білім беру ұйымы басшысының актісімен қабылданады. Педагогтік əдепті сақтау туралы мəселе қаралған кезде педагогтің:
- қаралып отырған мəселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
2) қаралып отырған мəселе бойынша барлық материалдармен танысуға; 3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы келмейтін барлық тəсілдермен қорғауға;
4) шешімді жазбаша түрде алуға;
5) қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқығы бар. Педагогке қатысты талқылаулар жəне олардың негізінде қабылданған шешімдер оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
17-БАП. ПЕДАГОГТІ КƏСІПТІК ДАЯРЛАУ
1.Педагогті кəсіптік даярлау техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне (неме се) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Педагогтерді кəсіптік даярлаудың білім беру бағдарламалары педагогтің кəсіптік стандартының талаптары негізінде əзірленеді.
18-БАП. ПЕДАГОГТІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
1.Педагог бұрын алған кəсіптік құзыреттерін сақтаптұру жəне дамыту мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тəртібін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
2. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бір жолы немесе кезең-кезеңмен жекелеген бағыттар мен пəндерді (модульдерді) меңгеру арқылы, сондайақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен жүзеге асырылады.
3. Педагогтер алған білімін практикада іске асыруы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды тегін жүзеге асырады.
19-БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа алып келеді. 20-БАП. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР Осы Заңның 8-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «орта білім беру ұйымдары мен техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;». 21-БАП. ОСЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ ТƏРТІБІ
Осы Заң, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан №293 -VI ҚРЗ https://bilimdinews.kz/?p=82017&fbclid=IwAR19MbIjNRyleWW-0xqi1g_11_gFl1Gc3GUYp7GUcHuqMG-cHpGdNSXkxe4
Достарыңызбен бөлісу: |