2002 жылы объектілерді іске қосу және қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды игеру туралы



жүктеу 45.23 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі45.23 Kb.
2002 жылы объектілерді іске қосу және қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды игеру туралы

Өнеркәсіп өндірісінің өсуіне орай қоршаған ортаны ластаудың деңгейі де көтерілуде. 2002 жылы Қазақстан Республикасында барлық меншік нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдары қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға 21,8 млрд. теңгенің инвестицияларын пайдаланды, бұл 2001 жылдағыдан 9% кем.

Өткен жылы республикада су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалануға 4,2 млрд. теңгенің инвестициясы пайдаланылды. Осы кезең ішінде республикада құаты тәулігіне 1,5 мың. текше метрлік саркынды суды тазалайтын стансалар пайдалануға берілді.

2002 жылы жерді қорғау мен ұтымды пайдалануға 4,4 млрд. теңге бағытталды. Өткен жылы 5,5 километрлік жағаны нығайтатын ғимараттар, 856 гектар қорғаныс орман апқаптары іске қосылды, жалпы көлемі 1866 гектар жер бапталды.

2002 жылы атмосфералық ауаны қорғауға 12,7 млрд. теңгенің инвестициясы пайдаланылды, бұл 2001 жылдағыдан 28,3% көп. Атмосфералық ауаны негізгі ластаушылар – отын-энергетика кешенінің, түсті және қара металлургияның кәсіпорындары. Сондай-ақ әуе бассейнінің жағдайына автомобиль паркінің өсуі де айтарлықтай ықпал жасауда. Сарапшылардың бағалауы бойынша қазіргі кезде атмосфералық ауаға ұшатын ластаушы заттардың жалпы көлемінің 40%-ға жуығы автомашиналардан шығады.

Жер қойнауын қорғау мен минералды ресурстарды ұтымды пайдалануға 406,5 млн. теңгенің инвестициялары бағытталды. Олардың 262,2 млн. теңгесі улы қалдықтарды пайдаға асыру, зарарсыздандыру және көму жөніндегі кәсіпорындар мен полигондар салуға жұмсалды.

Балық қорларын қорғау мен ұдайы өсіруге жергілікті бюджеттен 8,2 млн. теңге бағытталды, бұл алдындағы жылғыдан 5,2 есе көп. Олардың 6,2 млн. теңгесін Шыгыс Қазақстан облысының балық өсіретін кәсіпорындары құрылыс-монтаждау жұмыстарына пайдаланды.

2002 жылы орман ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалануға, қорықтар мен басқа да табиғат қорғау аумақтарын ұйымдастыруға, жабайы аңдар мен құстарды қорғау мен ұдайы өсіруге инвестицияның тиісінше 6,9 млн. теңгесі, 9 млн. теңгесі және 0,2 млн. теңгесі бағытталды.



Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауға
бағытталған инвестициялар пайдалану бағыттары бойынша





Нақты бағалармен, млн. теңге

Қоршаған ортаны қорғау инвестицияларының жалпы көлеміндегі сыбағалы салмақ, %-бен

1999

2000

2001

2002

1999

2000

2001

2002

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға инвестициялар

2690,2

6347,8

22418,2

21769,5

100,0

100,0

100,0

100,0

олардан:

























су ресурстарын қорғау мен

ұтымды пайдалануға



1153,2

2902,8

6456,2

4207,6

42,4

45,8

28,8

19,3

атмосфералық ауаны қорғауға

971,0

1111,4

9344,8

12745,2

36,2

17,5

41,7

58,6

жерді қорғау мен

ұтымды пайдалануға



325,6

1703,1

5592,6

4385,9

12,2

26,8

24,9

20,2

орман ресурстарын қорғау мен

ұтымды пайдалануға



8,2

63,9

64,9

6,9

0,3

1,0

0,3

0,0

жер қойнауын қорғау мен

минералды ресурстарды

ұтымды пайдалануға


232,2

566,6

955,9

406,5

0,0

8,9

4,3

1,9

балық қорларын қорғау мен

ұдайы өсіруге



-

-

1,5

8,2

-

-

0,0

0,0

қорықтар мен басқа да табиғат

қорғау аумақтарын ұйымдастыруға


-

-


-

9,0

-

-


-

0,0

жабайы аңдар мен құстарды

қорғау мен ұдайы өсіруге









2,3

0,2







0,0

0,0

2002 жылы табиғат қорғау шараларына бағытталған инвестициялардың республикалық көлемінде аса мол үлес Атырау (29,3%), Батыс Қазақстан (21,8%), Қызылорда (19,2%), Шығыс Қазақстан (6,5%) және Павлодар (5,4%) облыстарының еншісінде. Алдындағы жылмен салыстырғанда қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жұмсалған инвестициялардың өсуі Қызылорда (2,7 есе), Батыс Қазақстан (2,4 есе), Ақтөбе (1,4 есе), Павлодар (10%) облыстары мен Астана қаласында (2,1 есе) байқалды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет