Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚат үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы 2016 ж Жоспар



бет2/5
Дата10.02.2024
өлшемі30.87 Kb.
#491564
1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Жалпыадамзаттық құндылық Ақиқат (1)

Табиғи құндылық –бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары, яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер т.б.
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар, яғни әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық т.б.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді:

  1. Мен кіммін?

  2. Менің өмірдегі мақсатым қандай?

  3. Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

  4. Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?

Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар

  • Физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз

  • Басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс

  • Сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз болмыс

Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқада тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.
Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.

Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білмді айтамыз. Мұндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға болады .


"Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гөрі, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет