Тақырып. Болмыс философиясы



Дата12.09.2023
өлшемі21.1 Kb.
#477279
4 лекция


1.4 Тақырып. Болмыс философиясы

1 Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.


2 Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). М.Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы» (Dasein). «Man», «шекаралық жағдай», «Қамқорлық» ұғымдары және философиялық мәні.
3 Болмыстың түрлері. Болмыстың тарихи формалары. Болмыс және материя.
4 «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
5 Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. «Идея» ұғымы. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындық мәні.

Кілт ұғымдар: болмыс, бейболмыстық, тіршілік, мән, дүние, материя, қозғалыс, даму, уақыт, кеңістік, мүмкіндік, шындық, идея, виртуалды шындық


1 Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.


«Онтология» – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс – тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс – қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық жəне рухани дүниенің қорытындысы.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория.
«Болмыс» – өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті əңгімедегi «болу», терминіне сəйкес келеді.
Философияда «болмыс» терминіне ерекше мəн беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде əрекеттенеді.
Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. əсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бəріне де тəуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен əлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық:
1 психикалық климат;
2 әлеуметтік-материалдық қатынас;
3 адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі – осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бəрі де болмыс.
«Метафизика» дегеніміз – (грек.т.»Meta ta physіka» – «физикадан кейін») (Аристотельдің негізгі философиялық шығармасы да осылай аталған) болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық ғылым; дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс.
«Метафизика» терминін алғаш қолданған Аристотель. Аристотель оны «Алғашқы философия» деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» термині де қолданылды. Декарт, Лейбниц, Спиноза және 17 ғ-дағы басқа да ойшылдардың философиясында метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс 18 ғ-да, әсіресе Х.Вольф секілді философтар тұсында бұзылды.
Г.Гегель метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында, 17-18 ғасырлардағы ғылымға, әсіресе философияға қатысты алғаш қолданды. Ғылым мен техниканың өріс алуына байланысты 20 ғасырда философиясында метафизиканың жаңа идеяларын тудырды. Кибернетика мен генетиканың, ғылыми-техникалық ойдың жедел дамуы әсерінен метафизиканы «қатаң ғылым» ретінде қарастыру қалыптасты. Метафизика онтологияны алмастырып, оның маңызы теориялық және тәжірибелік зерденің мәнін ашуға бағытталды.
Ең маңыздысы «Мән» деген сөзден не түсінгіміз келгеніне байланысты. «Мән» – өте терең субъективті дүние. Бірақ мән болмаса, адам және өркениет дамымай қалар еді. «Мән» – адам әрекетінің барлық не басым көпшілігінің басты себебі. Адам өмірінің мазмұны. Мәннің текетіресі жаңа сапаға жеткізуі мүмкін, жеткізіп те жүр. Мәннің мағынасын объективті әрі жалпы адамзаттық деп түсінуге тырыссақ, онда жалпы бұл дүниенің еш мағынасы жоғын білуге болады. Оның жалпы мағынасы не жоспары – нақтылық мүмкін деген абстракцияға барып тіреледі. Мән – жаратылыс пен жаратудың бәрі тек жалпылап алғанда ғана түсінікті болуы ықтимал. Бірақ бұны жекелей адамдардың түсінуі қиын. Неге деген сұрақ орынсыз. Неге деген сұраққа қалай дегенді жалғап сұраса, мән туады.
«Онтология» (грек.т. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
И. Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – «мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім» ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20ғ неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология «болу» деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады.
2 Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). М.Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы» (Dasein). «Man», «шекаралық жағдай», «Қамқорлық» ұғымдары және философиялық мәні.
Болмыс ұғымына қарсы ұғым – болмыссыздық (бейболмыс). Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Парменид болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Тейяр де Шарденнің «Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш - адамзат» - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.
Бейболмыс (небытие – болмыссыздық, болымсыздық) – болмыстың қарама-қарсы ұғымы. Егер болмыс бар нәрсенің бәрі болса, бейболмыс – бұл жоқ нәрсенің (жоқтың) бәрі, бірдеңенің толық жоқтығы (полное отсутствие чего-либо). Бірақ бейболмыс та болмыспен бірлікте және ол сияқты реалдылы (шын). Қоршаған дүниенің, әлемнің нәрселері, құбылыстары болмыста да, сондай-ақ бейболмыста да болуы мүмкін. Бейболмысқа әлі ұрықтанбаған, тумаған адамдар, жасалмаған нәрселер және т.с.с., сонымен бірге бұрын болған, ал қазір жоқ бейболмыстағы адамдар, заттар, қалалар, қоғамдар, өркениеттер, мемлекеттер, т.б. жатады.
«Болмыс пен уақыт» деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс əлемі – ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Ал болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, əртүрлі сипаттама жəне түсіндірме береді. Ол болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сəйкес қарады. Хайдеггер: «Болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол əлдебір тіршілік» – дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сəйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бəрі-бір уақытпен анықталады» Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ солай болса да, біріншіден, ешбір болмысты уақытша, ал екіншіден, ешбір уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер болмысты рационалды тануға болмайды деген пікірге келеді.
3 Болмыстың түрлері. Болмыстың тарихи формалары. Болмыс және материя.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1 заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді;
2 адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3 рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы;
4 әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге жіктеледі.
Болмыс – бұл өзінің жиынтығындағы обьективті және субьективті шындық. Болмыс бұл тіршілік ететіннің барлығы. Басқа сөзбен айтқанда, болмыс – таза тіршілік, ешбір себебі жоқ. Болмыс өзіне-өзі себеп. Обьективті реалдық дегеніміз табиғат заттарының әлемі, физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар мен адамның әлеуметтік заттар әлемі, материалды, социо-табиғи әлем. Субьективті реалдық – адамның, оның санасының, руханилығының психикалық әлемі. Болмыстың негізгі түрлері:
- материалды болмыс;
- рухани болмыс.
4 «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Материя – бұл обьективті реалдылықты білдіретін, адам санасынан тәуелсіз тіршілік ететін универсалды категория. Материя – түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Барлық материя тірі деп қарастыратын философиялық ілім – гилозоизм деп аталады. Материя – мәңгі, шексіз, жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне-өзі себеп деген қасиеттер материяның атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуты дегенімізбарлық материялар мен материалдық обьектілерге тән қасиеттер. Материяның сондай-ақ модустары бар, олматерияның жеке түрлерінің қасиеттері. Ол құрылымдық дамудың деңгейін сипаттайды.
Материяның формалары немесе өмір сүру тәсілдері – қозғалыс, кеңістік, уақыт. Қозғалыс-бұл материяның тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі, қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті. Қозғалыстың формасына тән ерекшелік - өзгермелік және тұрақтылық.
«Кеңістік» – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы.
«Уақыт» – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.
Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация - материя немесе рухты санайтын философиялық ілім - монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция – дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм.
5 Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. «Идея» ұғымы. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындық мәні.
Болмыстың екінші ғажайып түрі – «сана», «рух». Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән идеалдық формасы. «Сана» – белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі.
Адам өз түсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы арнаулы ми бөліміне жеткізеді, осы сәттен сараптау басталады. Ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық өрістер» негізінде жүреді.
Сана белгілі бір дәрежеге жеткенде сана-сезімге айналады. Рух дегеніміз – адамның өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Бірақ сана-сезім – адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері де кіреді.
Жеке адамның рухымен қатар, халықтың рухы туралы да айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханиятына – оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтыры жатады.
Рухтың жетістіктері ғылым мен шығармашылық жетістіктерден көрінеді. Рухтың негізгі – адам бойындағы: ақыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан, адалдық, махаббат, сүйіспеншілік, ізгілік, ақиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еркіндік пен әділетілік т.б. жатады. Н.Бердяев: «Рух дегеніміз – ақиқат, ізгілік, әсемдік, еркіндік пен мән-мағына, ... Рух дегеніміз – адам ішіндегі оның құдайлығы».
«Идея» (гр.idea – түр, образ, тек, сыртқы көрініс; eidos – түр, іс-әрекет амалы, сапа, идея, пайымдау, образ мағынасын береді) – әртүрлі философиялық жүйелерде рухтың (кейінірек –білімнің) ең дамыған формаларын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Алғашқылардың бірі болып «эйдос» терминін Анаксагор қолданады. Ол эйдостар деп әлем пайда болған бөлшектерді атайды және оларды «барлық заттардың тұқымдары» деп санайды. Демокрит те әріптерден жасалатындай сияқты заттар құрайтын, бірақ сезімдік таным жете алмайтын идеялар – атомдар туралы айтады.
Идея туралы классикалық ілімді антикалық дәуірде Платон ұсынды. Оның философиясы әлемнің күрделі екіжақтылылығына (двойственность) сүйенеді: заттар әлемі (әрдайым болады және ешқашан жоқ) және идеялар әлемі (әрқашан бар және ешқашан пайда болмайды).
«Виртуалды шындық» (лат.т.-ақиқат) – компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты – қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. Виртуалды шындық сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1 Болмыс пен болмысссыздық арақатынасын қалай түсінесіз?
2 Мән және тіршілік ұғымдарын ашықтаңыз?
3 «Жаттанды жан» мәні неде? Мысал келтіріңіз
4 «Өмір – аналогы жоқ ерекше болмыс» тұжырымдамасының мәні неде?
5 «Виртуалды шындықтың» бүгінде әлеуметтік мәні қандай?

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:


1 Реми Хесс. Философияның таңдаулы 25 кітабы. М.Хайдеггер. Болмыс және уақыт, 1927. (294-308 бб)
2 Д. Джонстон. М.Хайдеггер: біз болмысты ұмыттық. (168-178 бб).
3 Энтони Кенни. Антика философиясы. 1 Тарау. Бастау: Пифагордан Платонға дейін. (23-97 бб).
4 Энтони Кенни. Орта ғасыр философиясы. Ибн Сина болмыс, мән және тіршілік ету туралы (243-249 бб)
5 К.Армстронг. Құдайтану баяны. 1 тарау. (15-50 бб)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет