Тапсырма№3. Тұрақты сөз тіркестерін көшір де, тұсына мағынасын жаз.
Үлгі: Тілі шығу – сөйлеу.
Арасынан қыл өтпейтін –
Бармағын шайнау –
Ит арқасы қиянда –
Екі езуі екі құланда –
Жұлдызы қарсы –
Қас пен көздің арасында жоқ болу –
Бетінен оты шықты –
Ағаштан түйін түю –
Қырғи қабақ болу –
Жүрегі зу ету –
Тапсырма№ 4. Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз.
Көзі жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасына түсу. Көңіліне келу.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма№5. Мына сөздердің қайсылары тұрақты тіркеске жатады? Астын сыз.
Ақ халатты абзал жандар, дала кемесінің капитаны, былғары қолғап шебері, адам жанының инженері, мектептің жүрегі, қас-қабағын аңду, қолы ұзын, жүрегінің түгі бар, көзі ашық, ит арқасы қиянда, түйе үстінен сирақ үйту.
Тапсырма№6. Мына сөздер қай мамандық иелеріне қатысты
Кәсіби сөздер
|
Мамандық иелері
|
Сот, жаза, үкім, айыпкер, тергеу
|
|
Дәрі, науқас, емхана, дәрігер
|
|
Сабақ, тоқсан, баға, оқулық
|
|
Томаға, тұзақ, қанжыға
|
|
Тапсырма№7. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Белгілі кәсіпке байланысты сөздерді кім көп айтады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Тапсырма№8. Бедре, бақыр, шекер, сым, дөкей, қалақ, сібірткі, леген, кірлен,әпше, оттық, азан, дәке сөздерінің мағынасын тап
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма №9. Әр ғылымға тән термин сөздерді ата
Қазақ тілі
|
|
Математика
|
|
География
|
|
Биология
|
|
Тапсырма №10. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейінгі жаңа сөздерді жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |