Мұқай Баққожа
(1948- 2008)
Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған.
1971 жылы Әл- Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетін бітірген.
1965- 1966 жылдары Кеген, Нарынқол аудандық газеттерінде еңбек жолын бастаған. 1970- 1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында балалар мен жасөспірімдер әдебиеті бойынша кеңесші болып қызмет істеген.
1990- 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде репертуарлық - редакциялық коллегияда бас редактор, Бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болды. Кейінгі жылдары «Парасат» журналының бас редакторы болып істеген.
Баққожа Мұқай «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдар мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Алғашқы махаббат», «Жеті желі» атты кітаптардың авторы.
Баққожа Мұқайдың шоқтығы биік шығармасы «Өмірзая» романы. Романда ашаршылық кезеңдегі «советтік шындық», яғни өмірдің зілбатпан ауыр салмағы шынайы қалыпта көрсетіледі. Роман 80- ші жылдардағы қазақ идеясы турасында. Сондықтан да ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы- тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының елеулі бір туындысы ретінде, 2000 жылы «Өмірзая» романына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.
Жазушының «Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергелдең болған серілер», «Өзгенің өмірі үшін», «Дүние кезек», «Заманақыр», «Раушан гүлі», «Ерулік», «Тоят түні», «Өмірзая», «Тойы көп үй» атты драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі елуден астам театрларда қойылып, көрермендердің бағасын алған дүниелер.
1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін жазушыға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1995 жылы Қырғызстанның әдебиет жөніндегі сыйлығымен марапатталды.
Баққожа Мұқай М.Колесникова мен М.Колесниковтың деректі материалдар негізінде жазылған «Рихард Зорге» атты кітабын, бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Шығармалары:
Мұқай Б. Таңдамалы шығармалары: 5 томдық. - Алматы: Ана тілі, 006.
Мұқай Б. Жаңбыр жауып тұр.- Алматы: Жалын, 1976.
Мұқай Б. Қош бол, менің ертегім: Екі бөлімді драма. – Алматы: Жазушы, 1976.
Мұқай Б. Өмір арнасы: Повесть.- Алматы: Жалын, 1978.
Мұқай Б. Аққу сазы: Повестер.- Алматы: Жалын, 1980.
Мұқай Б. Жалғыз жаяу: Роман.- Алматы: Жалын, 1983.
Мұқай Б. Мазасыз маусым: Повестер.- Алматы: Жалын, 1986.
Мұқай Б. Тоят түні: Пьесалар.- Алматы: Өнер, 1994.
Мұқай Б. Жеті желі: Хикаялар.- Алматы: жазушы, 1996.
Мұқай Б. Алғашқы махаббат: Хикая мен әңгімелер.- Алматы: Рауан, 1998.
Мұқай Б. Дүние к езек: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1992.
Мұқай Б. Өмірзая: Роман.- Алматы: Жалын, 1998.
Мұқай Б. Ертегідей ертеңім.- Алматы: Ана тілі, 2003.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұмабек С. Төрт ауыз сөз: Баққожа Мұқайдың «Мазасыз маусым» жинағы жайлы //Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.
Мұқаев баққожа //Советтік қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Мұқай Баққожа //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.
***
Адам жанының білгірі: (Жазушы Баққожа Мұқай) // Жетісу.- 2010.- 16 қаңтар.
Дәдебаев Ж. Талант табиғаты: (Жазушы Баққожа Мұқай) //Егемен Қазақстан.- 2008.- 30 қараша.
Елубай С. Нар қазақ пен құл қазақтың күресі: Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқайға 60 жыл //Жас Алаш.- 2008.—31 қаңтар.
Мәжитұлы Б. Өмірі заяларға араша түскен қаламгер: (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Баққожа Мұқай) //Жас Алаш.- 2008.- 15 сәуір.
Сәрсек Ж. Сарашы: Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, марқұм Баққожа Мұқай // Жас қазақ.- 2008.- 8 ақпан.
Сейдінұлы А. Аға: (Жазушы Баққожа Мұқай) //Алматы ақшамы.- 2008.- 6 қараша.
Сейсенбаева Ж. Өзіндік қолтаңбасы бар болатын: (Жазушы Б.Мұқай туралы) //Ана тілі.- 2011.- 14 шілде.
Мұқанов Сәбит
(1900- 1973)
Сәбит Мұқанов - қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер. Әке - шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Ел аузындағы жыр – толғауларды, қисса - дастандарды жаттап алып, мақаммен айтып үйренді.
1918 - 19 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында оқыды. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болды. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, Ақмола губерниясы ГПУ- нің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарды. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарады. Осы жылдары Сәбит Мұқанов шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін қалың жұртшылыққа танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезеңде өмірге келді. Осылардың жалғасы ретінде, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз - советтік армия» (1934) өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және тағы да басқа шығармалары қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі үлес болды, ерекше рөл атқарды.
Осы кезге дейін атқарған сан - салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерілеудің басты кепілі – терең білім екенін айқын сезінген С.Мұқанов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды. Москвадағы Қызыл профессура инситутының әдебиет бөліміне түсіп, оны бітіреді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да ол өндіріп жазумен болды. Мұқанов қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді идеялық – эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол жиырмаға тарта поэма, лирикалық өлеңдер, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгімелер, очерктер, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы «Халық мұрасы», «Қазақ қауымы» т.б. кітаптар жазды. Мұқанов шығармаларының дені кеңестік өмір шындығын суреттеп көрсеткен туындылар. Мұқанов шығармаларының басты кейіпкерлері - елімізде жаңа өмірді құрып, араласып жүрген жасампаз адамдар.
Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында белгілі белес болған туындысы «Ботагөз» романы десек, оның саналы шығармашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. 1988 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Алтын аймақ» кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған.
С.Мұқанов қазақ халқының ойшыл - демократы, ағартушы - ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірін терең зеттеумен болды, осының нәтижесінде ол «Аққан жұлдыз» романын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын жазды. Бұдан басқа жалынды революционер ақын Сәкен Сейфуллиннің бейнесін сомдаған «Сәкен Сейфуллин» пьесасын жазды.
Сәбит Мұқанов қазақтың ауыз әдебиетін, фольклор және көне жазбаларды зерттеп, жинап бастырды, ағартушы - демократтар туралы зерттеу еңбектер жазды. Ол халықтың арасынан шыққан халық жазушысы болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген еңбегі кезінде бағаланды. С.Мұқанов бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.
Сәбит Мұқанов бүкіл саналы өмірін халқына қызмет еткен даңқты жазушы.
Сәбит Мұқановтың мұрасы ғасырдан ғасырға, ұрпақтар игілігі болып қала бермек. Асылы тағылымды бел - белестері бар қоғамымызда туған әдебиет әлемін Сәбит Мұқановсыз, оның әр жанрдағы елеулі еңбектерінсіз көзге елестету қиын.
2002 жылы «Арыс» баспасынан Сәбит Мұқановтың «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» кітабы жарық көрді. Оның бұл еңбегі алғаш рет бұдан 60 жыл бұрын 1942 жылы басылып шыққан еді.
С.Мұқанов творчествосы сан қырлы, байтақ әлем. Ол - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері. Бұл ұғымдардың орнын қанша алмастырсақ та «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» ісі мен есімі еш аласармай, кемел кезең рухына сай рухани өмірі ұзара бермек.
Шығармалары:
Мұқанов С. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2002.
Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар: 6 томдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956.
Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар: 16 томдық.- Алматы: Жазушы, 1972.
Мұқанов С. Мөлдір махаббат: Роман.- Алматы: Жазушы, 1967.
Мұқанов С. Өмір мектебі.- Алматы: Жазушы, 1978.
Мұқанов С. Балуан Шолақ: Роман.- Алматы: Өнер, 1980
Мұқанов С. Мөлдір махаббат: Роман.- Алматы: Жазушы, 1988.
Мұқанов С. Алтын аймақ: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1988..
Мұқанов С. Ботагөз: Үш бөлімді роман.- Алматы: Жазушы, 1989.
Мұқанов С. Жарық жұлдыз: (Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы).- Алматы: Санат, 1995.
Мұқанов С. Қазақ қауымы: (Тарихтық және этнографиялық шолу).- Алматы: Ана тілі, 1995.
Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер.- Алматы: Арыс, 2002.
Мұқанов С. Халық мұрасы: Тарихтық – этнографиялық шолу..- Алматы: Жазушы, 2002.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ергөбеков Қ. Сәбит Мұқанов.- Алматы: Мектеп, 1980.
Кәкішұлы Т., Ахмет К. Сәбит Мұқанов.- Алматы, 2005.
Өмірбаяндық өрнектер /С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби- мемориалдық музейі. – Алматы, 2002.
Сәбит Мұқанов тағылымы: Әдеби- сын мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1990.
Сәбит Мұқанов туралы естеліктер: / Құраст.Б.Ыбырайымов, Қ.Ергө-
бек.- Астана: Елорда, 2001.
Тұрысбеков Р. Дүниетаным және шығармашылық: (С.Мұқановтың 20- жылдардағы прозасы).- Алматы: Қазақ университеті, 1993.
***
Бейісқұлов Т. Сәбит Мұқанов қалай аман қалды? : (Қазақ әдебиеті 1930 – жылдары) //Жұлдыз.- 2009.-№2.
Исмагулова Н. Сәбит Мұқанов поэмаларындағы идеялық және эстетикалық мұрат мәселелері //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- №7.
Кәкен А. Бар қазақтың жүрегіне жол тапқан: Академик жазушы
С. Мұқановтың туғанына -110 жыл //Түұркістан.- 2010.- 22 сәуір.
Кәкішов Т. Шамырқанған шындық: Сәбит Мұқанов-110 //Қазақ әдебиеті.- 2012.- 17 ақпан.
Кәкішов Т. Кәдімгі Сәбит Мұқанов //Егемен Қазақстан.- 2010.- 28 сәуір.
Кәрібаева С. Таныс әрі бейтаныс метафора: Сәбит Мұқановтың ақындығы //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2009.- №2.
Қирабаев С. «Сирек кездесетін қалам еңбекшісі»: Сәбит Мұқанов-110
//Қазақ әдебиеті.- 2010.-16 сәуір.
Мұқатай Б. Теміртас: (С.Мұқановтың шығармашылығы хақында)
//Қазақ және әлем әдебиет.- 2011.-№ 4.
Мұратбеков Сайын
(1936-2007)
Туған әдебиетіміздің киелі табалдырығын алпысыншы жылдардың басында аттаған талантты топ ішінде жазушы Сайын Мұратбековтің орны ерекше.
Сайын Мұратбеков әдебиет әлемінде шу деп төбе көрсеткеннен өзіндік өрнегімен жұртшылық назарын өзіне аударғаны жақсы мәлім.
Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданының Қоңыр селосында туған.Жазушының балауса балалық шағы Ұлы Отан соғысының отты жылдарына тап келіп, жетімдіктің қамы-тын мойнына киіп еңбекке ерте араласады. Сөйтіп еңбек жолын ол 1954 жылы туған аулындағы ауылшаруашылық артелде колхозшы болып бас-тайды. 1959- 69 жылдары С.Мұратбеков аудандық, сонан соң Алматы облыстық газетінің, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында аға редактор болып қызмет істейді. Жұмыстан қол үзбестен Қазақ Мемлекеттік университетін бітіреді. 1969 -71 жылдары С. Мұратбеков – КСРО Жазушы-лар одағы жанындағы Жоғары әдеби курстың тыңдаушысы.
1971- 72 жылдары ол Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросын басқарды. 1977 жылдан С. Мұратбеков- республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980 жылдан – Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы. 1984- 86 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, әрі Қазақстан Жазушылар одағы Басқар-
масының хатшысы болды.
Сайын Мұратбековтің тұңғыш шығармасы- «Менің қарындасым» әңгімесі 1961 жылы жарық көрді. Әңгіме кейіпкері сезімінің шынайы-лығымен өз оқушысын баурап алып еді.
Кейінгі жылдары «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973), «Жусан иісі», «Кәмен- тоғай», «Қалың қар» (1989) атты әңгімелері мен повестер кітаптары жарық көді. 1991 жылы «Жазушы» баспасынан С.Мұратбековтің екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді... «Оның жиырмадан аса таңдаулы деген әңгімелері жеке дара тұрған көркемдік әлем сияқты. Бұл әңгімелер болмаған болса, төл әдебиетіміздің бір бүйірі ойсырап, олқы тұрған болар еді»,- деп жазған белгілі сыншы Сағат Әшімбаев, жазушы туралы.
Сайын Мұратбеков шығармашылығының негізгі тақырыбы ауыл өмірі деп танимыз. Ал, шындығына келсек ол өз шығармаларында моральдық үлкен проблемаларды қозғайды, сондықтан да адамгершілік, ар- ождан мәселесіне, жан дүние сұлулығына айрықша назар аударады. Жазушының қай әңгімесін алып қарасақ, адамның адамгершілігі, рухани байлығы ала-қанға салғандай анық сайрап тұрады.
2002 жылы «Атамұра» баспасынан жазушының «Жабайы алма» атты хикаяты қайтадан басылып шықты. Сонау сұрапыл жылдардағы қабырғасы қайысқан балалық шақ пен бүгінгі тұрмыс- тіршіліктегі ұқсас жайттарды жазушы өте тартымды баяндайды.
Жазушының көптеген шығармалары орыс, туысқан халықтар, шетел тілдеріне аударылған. Оның сценарийі бойынша «Тел өскен ұл» атты көркем фильм түсірілді.
2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлы-ғының лауреаты атанды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар ода-ғының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан респуб-ликасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген.
Шығармалары:
Мұратбеков С. Шығармаларының екі томдығы.- Алматы: Жазушы, 1986.
Мұратбеков С. Шығармалар жинағы.- Алматы: Өлке, 2006.
Мұратбеков С. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1991.
Мұратбеков С. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2003.
Мұратбеков С. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1991.
Мұратбеков С. Таңдамалы : Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1981.
Мұратбеков С. Ескек жел: Балалар мен жастар әдебиеті.- Алматы: Раритет, 2004.
Мұратбеков С. Басында Үшқараның..: Хикая.- Алматы Қазақстан, 2010.
Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть.- Алматы: Ан Арыс, 2010.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әшімбаев С. Кемел келісім: (Жазушы Сайын Мұратбеков творчествосы туралы) //Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. –Алматы,1985.
Владимиров В. Жусан иісі: (Жазушы С.Мұратбековтің творчествосына шолу) // Уақыт және қаламгер: Әдеби сын. 10 кітап.- Алматы, 1984.
***
Айтхожина М. Салқар даланың Сайыны: (Жазушы С. Мұратбеков туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2008.-8 ақпан.
Бектасова Г. «Менің қарындасымнан» басталған жол: Жазушы Сайын Мұратбековтің мөлдір әлемі //Түркістан.- 2011.- 17 қараша.
Мұратбекова М. Балалық шақтың «Жабайы алмасы» : (Жазушы Сайын Мұратбековтің осы аттас әңгімесінің кейіпкерлері туралы ) //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 21 қаңтар.
Сайын Мұратбеков: (Материалдар) //Жалын.- 2010.- №4.
Сайын даланың Сайыны: (Жазушы Сайын Мұратбеков туралы) //Ақ желкен.- 2010.- №11.
Мұртаза Шерхан
(1932)
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Мыңбұлақ мекенінде туған.
1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.
1960 жылдан 1970 жылдың аяғына дейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің редакторы болды. Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының «Жалын» альманағының, «Жұлдыз» журналының бас редак-торы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып істеді, 1980- 1989 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қыз-меттерін атқарды. Сол ағынмен «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына, Қазақ радиосы мен теледидар комитетіне төрағалық етті.
Шерхан Мұртаза- ХХ ғасырдың қанқұйлы, қиянатқа толы 30- жылдарында «Қазағым, халқым» деп басын тіккен ірі мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловты бүгінгі ұрпаққа танытуда өшпес қазына, асыл мұра боларлық ерен еңбек етіп, «Қызыл жебе» романының бес кітабын жазды. «Қызыл жебе» романы тарихи- революциялық тақырыптағы, сондай- ақ, тарихи тұлғаны сомдаған туынды, қазіргі қазақ прозасындағы үлкен құбылыс болғандығын атап айту қажет. Бұл шығарма тақырыбы, көлемі жағынан ірілігін былай қойғанда, жазушының да тынысы кеңейіп, құлашын кеңге сілтей бастағанын танытады. Жазушы бұл еңбегінен кейін «қайта құру» деп аталған кезеңде «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» сынды ұлттық сана-мызды шайқалта білген трагедияларды дүниеге әкелді.
Халықтық болмысымызды қайта қаусатып кетуі ықтимал жаңа рухани кеселдерімізді әшкерелейтін «Жалғыз үйлік зілзала», «Есек саудасы» атты трагикомедиялық туындылар мен әңгіме- новеллалар жазды.
Проза саласындағы жазушының әдеби шоқтығын көтеріп тастаған көлемді де, мазмұнды туындысы «Қара маржан» романы болды. Романға арқау болған еліміздің үлкен бір өндіріс орталығы болған Қаратау кенші-леріннің өмірі. Осы роман үшін жазушы 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекет-
тік сыйлығын алды.
Шерхан Мұртаза шығармаларының қай- қайсысы болмасын оқыр-мандар тарапынан зор ілтипатқа бөленген, әдебиетімізде елеулі ізі бар кесек дүниелер.
Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз сол-даттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1972) повестері, «41- жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990- 2000), алты томдық және жеті томдық шығармалар жинағы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрді.
Жазушының шығармалары орыс тіліне, шетел, басқа да туысқан халықтар тіліне аударылып басылып шықты.
Шерхан Мұртаза қазақ тіліне Г.-Х. Андерсеннің әңгімелерін, Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жанпида» кітаптарын, М.Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Ла-гиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. Әсіресе Шыңғыс Айтматов шығармалары қазақша сөйлегенде де өзінің көркемдік рухынан айрылмаған.
Шерхан Мұртаза белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Шығармалары:
Мұртаза Ш. Екі томдық танымалы шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1982.
Мұртаза Ш. Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1994.
Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2002.
Мұртаза Ш. Жеті томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2005.
Мұртаза Ш. Таңдамалы шығармалар: 2 томдық.- Алматы: Жазушы, 1982..
Мұртаза Ш. Бұлтсыз күнгі найзағай: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1965.
Мұртаза Ш. Белгісіз солдаттың баласы: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1966.
Мұртаза Ш. 41- ші жылғы келіншек: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.
Мұртаза Ш. Интернат наны: Әңгімелер мен очерктер.- Алматы: Жазушы, 1974.
Мұртаза Ш. Ақындар мен әкімдер: Мақалалар, эсселер, публицисти-
калық толғамдар.- Астана: Елорда, 2002.
Мұртаза Ш. Бойтұмар: Әңгімелер.- Алматы: Раритет, 2006.
Мұртаза Ш. Мыңбұлақ: Әңгімелер мен хикаяттар.- Алматы: Жазушы, 2007.
Мұртаза Ш. Бір кем дүние: Ойтолғау.- Алматы: Жазушы, 2008.
Мұртаза Ш. Ай мен Айша: Роман.- Алматы: Қазақстан, 2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұмабеков С. Жұлдызы нұрлы суреткер: ( Ш.Мұртазаның шығарма-
шылығы жайлы монографилық очерк).- Алматы: Өлке, 1993.
Жұмабеков С. Шерхан Мұртаза: Жұлдызы нұрлы суреткер: Роман- монолог.- Алматы: Қазығұрт, 2002.
Мәмесейіт Т. Шерхан Мұртаза: (Қаламгерлік, қайраткерлік ғұмыр-
баян).- Астана: Елорда, 2002.
***
Ақыш Н. Тақсіретті балалық шақ: (Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы туралы) // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2008.- №4.
Дүйсенбек Ә. Менің Шерағам: (Ш.Мұртаза) //Жұлдыз.- 2007.- №9.
Елеукенов Ш. «Ай мен Айша» хақында // Әдебиет айдыны.- 2007.-
4 қазан.
Мәмесейіт Т. «Қызыл жебе» роман- эпопеясының танымдық сипаты
// Ұлағат.- 2007.-№ 1.
Мұртаза Ш. Маған бір уыс талқан, бір қасық көже арман еді..: (Жазушымен сұхбат) // Жұлдыздар отбасы.- 2011.- №6.
Нұрғожаев Ж. Әдебиеттің «қызыл жебесі»: (Шерхан Мұртаза)
//Жетісу.- 2010.- 23 қазан.
Тойшыбекова А. Тарихтың сырын, халықтың мұңын танытқан жазушы // Ақиқат.- 2010.- №7.
Тойшыбекова А. Шерхан Мұртазаның азаматтық тұлғасы //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- №7.
Тұрысов Е. Заманның мұңды дастаны: Ш. Мұртазаның романдарының кейіпкері Рысқұл Жылқайдаров туралы //Егемен Қазақстан.-2008.- 28 мамыр.
Мұстафин Ғабиден
(1902- 1985)
Қазақ әдебиетінің белгілі өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтыың лауреаты Ғабиден Мұстафин Қарағанды облы-сының Тельман ауданындағы Сартөбе ауылында 1902 жылы туған.
Спаск зауытының табелщигінен бір жыл орысша оқып, екінші жылы сол зауыттағы орыс- қазақ мектебінде бір жыл оқыды, әрі қарай оқуын жал-ғастыруға мүмкіндігі болмайды.
1932- 33 жылдары Ғ.Мұстафин «Қарағанды пролетариаты» газетінде, кейін Новосибирь қаласында (1933-38) қазақ тілінде шығып тұрған «Қызыл ту» газетінде қызметкер болып жұмыс істеген.
Жазушы 1938 жылы Алматыға келеді. Осы кезден бастап ол жазу-шылық жолға біржола бет бұрады.
Ғабиден Мұстафиннің «Өмір мен өлім» (1940), «Шығанақ» (1944), «Миллионер» (1948), «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1959), «Көз көрген» (1963) романдары қазақ, орыс, басқа да тілдерде әлденеше рет ба-сылып шықты.
Ғабиден Мұстафин шығармаларының дені бүгінгі күн тақырыбына арналған. Жазушы өмірде болып жатқан құбылыстарды жіті бақылап, сол өмірде көргендерін сүзгіден өткізіп көркем туынды ретінде оқырманға ұсы-на білді. Оның қай шығармасында болсын, кеңестік кезеңнің келелі проб-лемалары өз көрінісін тапқан.
Ғабиден Мұстафин - қазақ даласындағы үлкен өзгерістерді кең, шебер суреттеп берген жазушы. Оның шығармашылығы туралы Ғабит Мүсірепов: ... «Ғабиден Мұстафин осы дәуірдің ішінде қазақ совет проза-сынан өзінің тиісті орнын алумен бірге әдебиетіміздің бетін бүгінгі өмірге бұруымызға да үлкен жетекші болды. Бұл оның творчестволық биогра-фиясындағы елеулі ерекшелігі»,- деп тамаша айқындап берген болатын. («Суреткер парызы».- Алматы, 1970.- 330 б.).
Жазушы өмірде туындап жатқан келелі мәселелерге оқырман наза-рын аударып отырумен бірге адамзатқа тән ізгі адами құндылықтарды жал-пы жұртқа насихаттап, бойына дарытуды мақсат тұтты. Ол сомдаған Шыға-нақ, Жомарт, Мейрам сияқты образдар адамгершілігі мол, іскер, еңбек сүй-гіш, отаншыл қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жазушының алғашқы көлемді туындысы- «Қарағанды» романы, шығарма алғаш рет 1940 жылы «Өмір мен өлім» деген атпен шығып, кейіннен қайта өңделіп «Қарағанды» (1952) деген атпен жарық көрді. Роман қазақ әдебиетінде өндіріс тақырыбын сәтті бейнелеген алғашқы көркем туындылардың бірі болды. Ал «Шығанақ» романында Ғ.Мұстафин оты-рықшылыққа бет бұрған қазақ ауылының өзгерістері баяндалады. Шығанақ Берсиев- өмірде болған адам. Соғыс кезінде ер азаматтар Отан үшін май-данда қан кешіп, ерліктер жасап жатқан кезде ол тылда ерен ерліктің асқан үлгісін көрсетіп, тары өнімінен төрт рет дүниежүзілік рекорд жасайды. Соғыстан кейінгі колхоз өмірін суреттеуге арналған «Миллионер» повесі ауыл шаруашылығындағы жаңа өзгерістерді, тың проблемаларды қамтиды.
«Қарағанды», «Шығанақ», «Миллионер» шығармаларында жазушы өз дәуірінің көркем бейнесін жасауға тер төксе, «Дауылдан кейін» (1959) романында өткен күннің бел- белестеріне көз жібереді. Ғ. Мұстафиннің мемуарлық сипатта жазылған «Көз көрген» (1963) шығармасы өткен ға-сырлардың алғашқы ширегін де қазақ ауылы бастап өткерген саяси- әлеу-меттік оқиғаларды суреттеуге арналған. Оқиға желісі Қазан революциясы-
ның қарсаңы, ауылды кеңестендіру жылдарынан басталады. Жазушы көзі-мен көргендерін, ойына түйгендерін сол күйінде қағазға түсіре отырып көптеген тарихи оқиғаларды еске түсіру арқылы еліміздің өсу белестерін жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен.
Оның романдары ел өмірінің елеулі кезеңдерін бейнелейді. Мысалы, «Дауылдан кейін» романы- революциядан кейінгі ауылдағы жан тартысы, саяси науқандар мен түрлі дүрбелеңдер, «Қарағанды» романы Қазақстанда жаңа өндіріс ашылып, жұмысшы табының қалыптасуы. Ал «Шығанақта» еңбек адамының образын жасай отырып, ауылдағы келеңсіз жағдайларды, асыра сілтеушілікті көрсетеді.
Ғабиден Мұстафиннің романдары бір емес, әлденеше рет қайта басылып шықты, шет тілдерге аударылды. Сөйтіп ғұмыры ұзақ туындылар екенін танытты .
Ғ.Мұстафин тұлға ретінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповпен қатарласып, қазақ әдебиетінің көш басынан лайықты орын алған жазушы.
Ғабиден Мұстафин 1953- 57 және 1961- 64 жылдары Қазақстан Жазушылар одағығын басқарды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Екі рет Ленин ордені, ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған, Абай және Жамбыл аттарындағы республикалық әдеби сыйлықтарды иеленді.
«... Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше ертеңгіні жаздым. Жазушы алдымен өз дәуірінің жыршысы десек, қоғам ішіндегі зор өзге-рістерді ол көрмесе, яки көре тұра жазбаса, дүниеден борыш арқалап кетеді де. Борыш арқалауды сүймедім...» деп жазған еді жазушы. Иә, Ғабиден Мұстафин де- өз заманының , яғни кеңестік кезеңнің перзенті. Шын азамат қай заманда өмір сүрмесін, бәрібір азаматтық болмысын жоғалтпай, пен-дешіліктен биік қала береді.
Ғабиден Мұстафин 1985 жылы дүние салды. Өзінің сексен жылдан аса ғұмырында халқының сөз өнерін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан әдебиет ардагерлерінің бірі болды. Оның шығармалары жаңа ғасырдың кейінгі ұрпақтарына бағдар беретін асыл қазына іспеттес, сондықтан да ұр-пақ игілігі болып қала бермек, оның әр шығармасы халқын рухани сусын-датуға қызмет етті.
«Жастар!.. Сендер енді 15 жылдан соң ХХІ ғасырдың есігін аша-сыңдар. Жаңа ғасырға алып барар тарту- таралғыларыңның ең қымбаты,
ең қадірлісі- мейірім, рақым, қанағат болғай!»- деп өсиет айтып кеткен еді жазушы.
Иә, қазақ халқының ХХІ ғасырдағы жаңа ұрпақтары Ғ.Мұстафинді қазақ әдебиетін, сөз өнерін дамытуға сіңірген өлшеусіз үлесі үшін, оқыр-мандарын бақытты болашаққа бастайтын кемел де көркем ойлар қалдыр-
ғаны үшін де асылындай ардақтап, құрметтей беретін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |