Шығармалары:
Бөкеев О. Екі томдық таңдамалы шығармалары.- Алматы:Жазушы,1994.
Т.1. Повестер.-1994.
Т.2. Өз отыңды өшірме: Роман; Атаукере:Повесть.- 1995.
Бөкеев О. Таңдамалы шығармалар.- Алматы: Қазақпарат, 2003.
Бөкеев О. Қайдасың,қасқа құлыным: Повестер, новеллалар.- Алматы:Жазушы, 1973.
Бөкеев О. Құлыным, менің: Пьесалар.- Алматы: Өнер,1986.
Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім: Очерктер,көсемсөздер,эсселер.- Алматы: Санат, 1995.
Бөкеев О. Кербұғы: Әңгімелер мен повесть.- Алматы: Атамұра, 2003.
Бөкеев О. Атау- кере (Қауіпті будан); Мұзтау (Соңғы ертек): Хикаяттар.- Алматы: Ан Арыс,2010.
Бөкей О. Қар қызы: Хикаяттар.- Алматы: Раритет, 2008.
Бөкей О. Өз отыңды өшірме: Роман.- Алматы: Өнер,2010.- (Қазақтың 100 романы)
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Бөкеев О. Өз отыңды өшірме: ( Болгарияның «Родопски устроем» газетінің сұрақтарына жауабы) //Сөзстан.5- кітап.- Алматы,1984.
Қирабаев С. О. Бөкеев повестері туралы // Қирабаев С. Талантқа құрмет.- Алматы,1988.
Оралхан Бөкеев //Әлем.-Алматы,1991.
Ыбырайымов Б. Құштарлық //Сөзстан.6- кітап.- Алматы, 1995.
х х х
Ерманов Ж. Оралхан Бөкей және опасыз жалған // Жас қазақ.- 2008.- 29 ақпан.
Кәрібаев М. Мұзтаудың мұзбалағы: (О.Бөкей хақында) //Түркістан.-2006.-5 қазан.
Қарымсақова Б. Қамшыгер Садақбай: (О.Бөкейдің «Қамшыгер» әңгімесі бойынша) // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2007.- №3.
Құралқанова Б. «Қар қызы» неге қызықтыра береді:(О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі туралы) //Ақиқат.-2007.-№6.
Сейілова А. Көркемсөз сайысы өтті: (О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті) //Егемен Қазақстан.-2006.-22 қыркүйек.
Бұғыбаева Қанипа
(1942-2004)
Қазақ поэзиясына өзіндік өрнегімен шұрайлы жырларымен қыз- келін-
шектердің ішінен танылған ақындардың бірі-Қанипа Бұғыбаева.
Қанипа Бұғыбаеваның «Тұңғыш кітап» өлеңдері 1963 жылы шығып, поэзияға нәзік леп әкелгені жайлы үзеңгілес ақындардың өзі мойындаған. Онан кейінгі «Екінші дәптер»(1965), «Ақ сүт» (1968), «Қара торғай» (1970), «Аруана» (1973), «Ана жыры» (1974), «Жыр және жүрек» (1977), «Жасыл бел», «Қоңыр жел» (1988), «Шұғылалы шақ»(1990), «Гүлдер көзін ашқанда» (1985), «Қоштасқым келмейді» (1995) тағы басқа жыр кітаптары қалың оқырманның көңілінен шыққан дүниелер.
Бүгінде жиырмаға жуық жыр кітаптарының иесі Қ.Бұғыбаеваның ақындық әлемінің аспаны биіктей түсіп, көкжиегі халықтың көз алдында кеңейгені көпшілікке мәлім.
Ақын шығармашылығының даралығын танытатын басты белгісі-оның жырларында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік күйдің тұнық қасиетпен мөлдіреп тұрғандығында.
Қанипа өлеңдері табиғаттың өзінен туған тіршілік иесіндей жан- сезіміңді бірден үйіріп әкетеді.
Көңілге медет болып не түрлі арман.
Күттім мен үмітпенен ақ күнді алдан.
Туған жер!
Мен өзіңе сәлем айттым
Төбемнен сыңсып ұшқан аққулардан.
Сен жақтан балаңдықты іздедім мен.
Қарлығаш баяғы сол қыз көңілмен.
Туған жер!
Мен өзіңе сәлем айттым,
Жөңкіліп көшкен бұлттар тізбегінен,- деп ақын өз жүрегінің тебіренісін жеткізеді.
Қанипа Бұғыбаева- 1993 жылғы Абайдың 150 жылдығына арналған Түркі поэзиясының ІІ мүшәйрасының жеңімпазы.
Қ.Бұғыбаева 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетініңжурналистика факультетін сырттай бітірді.
Қанипа Бұғыбаеваның бір топ өлеңдері қазақ ақын қыз- келіншектерінің орыс тілінде шыққан « Чудесный сад» жыр жинағына енді. 2000 жылы «Шартарап» баспасынан ақынның «Құс жолы» жыр кітабы жарық көрді.
Шығармалары:
Бұғыбаева Қ. Ақ сүт: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1968.
Бұғыбаева Қ. Қыз-дәурен:Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1979.
Бұғыбаева Қ. Менің даусым: Өлеңдер.- Алматы: Жалын,1984.
Бұғыбаева Қ.Домбыра- дәурен: Өлеңдер.- Алматы: Жалын,1986.
Бұғыбаева Қ.Қоңыр жел: Өлеңдер.-Алматы: Жалын,1988.
Бұғыбаева Қ.Қоштасқым келмейді: Жыр кітабы.-Алматы: Жалын,1995.
Бұғыбаева Қ. Өң...мен түс..:Өлеңдер,балладалар, поэмалар.- Астана: Елорда, 2003.
Бұғыбаева Қ. Соңғы сөз: Өлеңдер, балладалар, поэмалар.-Алматы:Жазушы,2005.
Өмірі мен шығармашылығы:
Дәдебаев Ж. Алтын арқау: (Қ.Бұғыбаеваның шығармашылығы) //Сөзстан.6- кітап.-Алматы,1985.
Жас лепті жарқын жыр: (Қанипа Бұғыбаева) //Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.-Алматы,1986.
Буренков Валерий
(1938)
Валерий Михайлович Буренков 1938 жылы Горький қаласында туған.1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің / қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ/ журналистика факультетін бітірді.»Казахстанская правда» газеті редакциясында, «Простор» журналында, «Социалистическая индустрия» газеті редакциясында, радио және теледидарда қызмет істеді.
Валерий Михайлович Буренковтың көркем проза саласында 13 кітабы жарық көрді.Оның тырнақалды туындысы «После нас придут другие» 1965 жылы басылып шықты, 1967 жылы «Сила любви» кітабы шықты. Кейінгі жылдары «Схватка без свидителей», «Доля» әңгімелер мен повестер жинағы, «Страсти маленького городка», «Медная гора», «Для остроты сюжета» т.б. шығармалары басылып шықты.1991 жылы «Жазушы» баспасынан жазушының «Двойной поворот» кітабы шықты.
Қазақ тілінде В.Буренков «Маңғыстау» шығармасы «Қайнар» баспасынан жарық көрді.
В.Буренков- бірқатар радиопьесалардың авторы.
В.Буренков «Кооперативные новости» газетінде редактор болып істейді.
Шығармалары:
Буренков В.Маңғыстау.-Алматы:Қайнар, 1986.
х х х
Буренков Валерий // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Бұлқышев Баубек
(1916-1944)
Баубек Бұлқышев 1916 жылы қазіргі Жезқазған облысының Ұлытау ауданында Сарлық аталатын қыстауда (қазір Аманкелді атында) туған. Алты жасында анасынан, кейіндеу әкесінен айрылған соң ауылдық мектепте сауатын ашып, Қарсақпайдағы ФЗО мектебін бітіреді.
Баубек жазушылықты өлеңнен бастады.Өлең жазудың соңына түсе бастаған алғашқы кездері 1936-1937 жылдар болды.Бұл кездерде ол Алматыдағы есеп-экономика техникумында оқушы еді.Жас Баубек сабақпен айналыса жүріп, көркем әдебиет оқумен де қатты шұғылданды.Тіпті, кей күндері түнімен кітаптың қызығына беріліп, ертеңгі сабаққа ұйықтамай да барып жүрді.
Әдебиетке құлай берілген Баубек оқи жүріп, өзі де жазды. Бұл жазған-
дары көркемдік жағынан кем, балалық-жастық әсерімен туған, еркін пісіп жетпеген нәрселер еді.Алайда, сол қарпуы жетпеген жастық өлеңдерінің өзінен ойлампаз, аңғарымпаз, алдына нақты мақсат қойған жасты көреміз. Мұны 1936 жылы қыстыгүні жазылған « Пушкиннен қиялыма ұялғаным» деген бір кішкентай өлеңінен- ақ көруге болады.
Осы қысқа өлеңде жас талапкер жап-жақсы пікір айтады. Жас өспірім-
дерге ой тастайды.Сөйтіп аңғалдау ойына, өлеңінің көркемдік жағының жетіспей жатуына қарамастан, бас- аяғы жинақты, ойы аяқталған өлеңді аңғарамыз.
Сол жылы өзінің балалық өмірінен алып бір поэма жазды. Бірақ, бұл еңбегі жоқ. Анығы белгісіз.
Баубектің көбіне шұғылданатыны қыздарға арнап лирикалық өлеңдер жазу болатын.Бұл салада 1940 жылы армия қатарына кеткенше үзбей жазып тұрды.Бұл өлеңдерінің көбісі орыс, Батыс Европа классик ақындарына еліктеу түрінде келеді.
Шат өмірдің жыршысы болу,өлеңде заманымыздың кескінін,бет алысын зерттеу, жастықты мадақтау- Баубек марқұмның өзекті арманы.
Шүу деп өлең жазумен айналыса бастаған кезінен- ақ күнбе- күнгі өмір, саясат мәселесіне арнап үзбей жазып отырды. Кейбір өлеңдерін «Лениншіл жас» газетіне, «Әдебиет майданы»журналына апарып көргені де бар. Бірақ , басылмады.
1938 жылыдың басында «Айсұлу» атты үлкен поэма жазуға әзірленді.Бұл шығармасын жазуға көп дайындық жасады.Талай нәрселер оқыды.Әсіресе, Пушкин, Лермонтов, Байронның шығармаларынан үйренді. Поэманы жазу үстінде классиктерді оқуды мүлдем күшейтті.
Әдетте, өзі сәншіл, сері жігіт еді.Сауық- серуенді,билеуді көбірек қалай-
тын. Ал, 1939-1940 жылдары мүлдем өзгеріп кетті.Қызметтен шығысымен, басқаға мойын бұрмастан, оқуға не жазуға отырады.
«Айсұлуды» 1940 жылға дейін жазды. Бұл уақыттардың ішінде бірнеше өзгертіп, қайта жазып, алып, қосып, ылғи өңдеумен болды. Осы поэмасына сіңірген еңбегін армия қатарында, ұрыс майданында жүріп те аузынан тастамады.
1940 жылы Қазақ ССР-ның 20 жылдығына арнап шығарылған «Тарту» деген жинаққа «Айсұлудан» бір үзінді дайындаса да, кейбір жолдастарының ұйғаруымен берілмеді. Сонымен, бұл поэма қолжазба күйінде қала берді.
М.Бұлқышев армия қатарына кетер алдындағы жылдарда балалар әдебиетімен көп шұғылданды.Бұл игілікті шығармашылық шұғылдануына «Октябрь балалары» (қазіргі «Қазақстан пионері-Ұлан») газеті үлкен себепші болды.1939-1940 жылдары осы газеттің балалар шығармашылығы бөлімін басқара отырып, көп өлең, әңгімелер жазды.Бұл кездегі жазғандарының көпшілігі осы «Октябрь балалары» газетінде , кейбіреулері «Пионер» журналы мен «Лениншіл жас» газетінде басылып жүрді. «Ұялдым», «Паровоз туралы ертегі» сияқты балаларға арналған қысқа әңгімелері, түрлі мақалалары, көп өлеңдері, Маяковскийден,Крыловтан аударған шығарма-
лары,міне, осы кездерде жарияланды.
Ұлы Отан соғысы – жас жазушының творчествосына бүтіндей өзгеріс жасап,жаңа бағыт берді.Жігерлі, талапты, алғыр жас ел басына ауыр күн туған кезеңде құрыштай шыңдалып, ширай түсті.Оның келешекке зор сеніммен қарап, Отанды қанды балақ жаудан қорғауға үндеген отты сөздері кең – байтақ Совет Одағының түкпір- түкпіріне тарап жатты.Еліміздің отаншыл жастары оған үн қосты.Оны өзінің жаршысы деп таныды.
Баубектің соғыс кезінде жазылып жарияланбаған шығармаларынан екі нәрсеге қысқаша тоқтап өту керек болады.Оның бірі – «Алматылықтар» атты бітпеген романы. Бұл роман автордың жоспарлауы бойынша төрт бөлімді болмақ екен. Алғашқы бөлімде соғыстан бұрынғы бейбіт күн баяндалады да, қалғанында Ұлы Отан соғысындағы совет отаншылдарының, оның ішінде алматылықтардың еркін қимылдары суреттеледі.
Романның толық жоспары жасалғанымен, Баубек Бұлқышевтің өз ойын жүзеге асыра алмағаны өкінішті. Тек бірінші бөлімін және екінші бөлімнің бас жағын жазып үлгерген.Бұлардың өзін атүсті асығыс жазған.Қолжазбасы 200 бетке жуық,оқиғасы мол, әрі қызықты. Әрбір бөлімшеге қойған аттары да жақсы, мәселен, бірінші бөлімдегі тараулардың аттары мынадай: «Көкшедегі бір оқиға», «Бірінші кеш», «Қайғылы хабар», Кітаптың әсері»,«Жеңілдім», «Аяқсыз қалған драма», «Көршілер», «Періште», «Естен шықпас оқиға», «Кім жауапты?».
Баубектің жарияланбаған екінші көрнекті еңбегі-«Алтын сағат» деген әңгімесі.
«Алтын сағат» әңгімесі бір қазақ жігітінің өмірінен алынып жазылған. Сюжеті де, тілі де жақсы жазылған. «Алматылықтардың» үшінші бөлімінен бір үзінді сияқты.Майдандағы жастардың өмірінен алынған. Гогольдің «Майская ночына» ұқсатып, желпіне жазып жатырмын дейді бір хатында. Ал, 1942 жылдың 1 қыркүйегінде жазған бір хатында былай дейді:
«Алтын сағат» деген бір әңгіме жазып едім, 27 бет, әжептәуір көлемді, жап- жақсы, Карамзиннің «Бишара Лизасы» сияқты. Әрине күйректіктен батырлық, патриоттылығынан айрылады».
Қаза боларынан бірнеше ай бұрын: «Ұрланған жастық»деген әңгіме жазыпты.Бұл әңгіме «Жауыздық пен махаббат» атты әңгіменің жалғасы болады»,-деп жазыпты бір хатында. Бұл әңгімесін бітіргенін, бітірмегенін білмейміз.Ол жөнінде ешбір дерек жоқ.
Шығармалары:
Бұлқышев Б.Адамзатқа хат: Шығармаларының жинағы.-Алматы: Жалын, 1977.
Бұлқышев Б. Заман біздік: Проза мен поэзия.- Алматы: Атамұра,2003.
Бұлқышев Б. Адамзатқа хат: Шығармаларының жинағы.-Алматы: Санат,2005.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Домбай Н. Оқ пен от арасынан оралған: (Баубек хаттары – қасиетті де қастерлі) //Ана тілі.-2011.-5 мамыр.
Ерботин Е. Баубек Бұлқышев: Өлең //Ерботин Е. Бабалар бала болғанда.-Алматы,1987.
Иманжанов М.Баубектің жарияланбаған шығармалары //Иманжанов М.Өркен.-Алматы,1974.
Қирабаев С. Жауынгер жазушы //Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,1981.
Мүсірепов Ғ. Өшпес өмір //Мүсірепов Ғ.Суреткер парызы.- Алматы,1970.
Тұрысбек Р. Жасын тағдыр,жарқын өмір: Көрнекті публицист,жауынгер- жазушы Б.Бұлқышевтің туғанына 90 жыл // Егемен Қазақстан.-2006.-30 қыркүйек.
Владимиров Владислав
(1939)
Владислав Васильевич Владимиров 1939 жылы Шымкент қаласында туған.1963 жылы КазГУ-дің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетінің журналистика бөлімшесін бітірген. Филология ғылымының кандидаты, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер.
Владислав Владимиров бірнеше кітаптардың авторы, оның ішінде «Человек, который нужен всем» (1967), «...Если дорог тебе герой» (1969),
«На стремнине» (1972), «Родные ветры вслед» (1973), «Что сказать комиссарам?», «Без антракта» (1977), «Не переставая удивляться и удивлять» (1980), «Закон Бернулли» (1983), «Вернуться и ничего не забыть» (1980) т.б.
В.Владимиров туысқан халықтар әдебиетінің көкейкесті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар жазды. Оның 1976 жылы шыққан « Революцией призванный» кітабы қазіргі тарихи романдардың мәселелері мен тақырыптарына арналған.
Сексенінші жылдары Владислав Владимиров екі қомақты роман жазып оқырман қауымға ұсынды : « Закон Бернулли» біріншісі, екіншісі- «Летайте вуазеном» «Жазушы» баспасынан жарық көрді.Кейінгі жылдары үш кітаптан тұратын «Вернуть и ничего не забыть» романы басылып шықты.Жазушының бұл шығармалары тақырыбы жағынан оқырман қауымның көңілінен шығып, жылы ықыласына бөленді.
Владислав Владимиров шығармасына негізгі арқау етіп қаладағы интеллигенттің күнделікті өмірін алған, қарапайым мәселе көтере отырып өмірде орын алған өзекті оқиғаларды тартымды суреттеген.
В.Владимиров әдебиеттану , сын мәселесі төңірегінде жемісті еңбек етіп жүр. Оның әдебиет мәселесіне арналған мақалалары мерзімді баспасөз бетінде жарияланып жүр
Шығармалар тізімін орыс тілінде берілген мәліметтен қараңыз.
Генке Герберт
(1913-1999)
Герберт Густавович Генке 1913 жылы Украинада Житомир облысы, Ярунск ауданы, Анеттал селосында туған.
Г.Генке 1937 жылы Энгельс қаласындағы педагогикалық институтты тәмамдайды. Содан кейін неміс тілінде шығатын журналдар мен газеттердің редакциясында жұмыс істейді. Біраз жыл Қазақ радиосының неміс редакция-
сында қызмет істеді.
Герберт Генкенің алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1935 жылы, « Фрау Волга» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1938 жылы жарық көрген. Бұл шығар-
маларынан кейін «Көктем» (1939), «Бал мерекесі» (1967), «Көгілдір жаң-
ғырық»(1970), «Алхорылар»(1973) немісше, «Баспалдақ» (1985), «Круго-
ворот» (1990) орыс тілінде басылып шықты. Герберт Генке 1968 жылдан бастап Алматыда тұрады.
Г.Генкенің шығармалары орыс және қазақ тіліне аударылған. Бірқатар шығармалары неміс тілінде шыққан сүбелі жинақтарға енген. Ақын әрі аудармашы Г.Генкенің өзі неміс тіліне біраз шығармаларды аударған. Оның ішінде қазақ поэзиясының 1976 жылы шыққан «Ритмы степей» жинағы бар.
«ДАЦ» газетінде Г.Генкенің өмірбаяндық повесінің үш кітабы /трилогиясы/ неміс тілінде жарияланды: «На тропе детства», «Трудные времена», «Исполнившиеся надежды».
Жекелеген өлеңдері, шығармалары орыс тілінде шыққан «Мой Казахстан»(1978), «Твоей непричастен судьбе» (1991) жинақтарына енген. Шығармаларының тізімі орыс тіліндегі мәліметте берілген.
х х х
Генке Герберт //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы,1987.
Гундарев Владимир
(1944)
Сонау жетпісінші жылдары тың өлкесіндегі, еліміздің орталық облыстарында В.Гундаревтің сөзіне жазылған «Деревенька ты моя, деревянная» әні кеңінен шырқалып, жұртшылықтың аузында болғаны белгілі. Сол кезде В. Гундарев 35 жаста болғанмен шығармашылық әлеміне өзіндік қолтаңбасымен тағы бір талантты қаламгердің келгені анық болды.
Владимир Гундарев (Сибирский) 1944 жылы19 шілдеде Новосибирск облысы Кыштов ауданы Большеречье селосында туған. Целиноград (Ақмола) педагогикалық институтында оқыған. Облыстық газет, радио, теледидар редакцияларында жұмыс істеген.1970 жылдан В.Гундарев Целиноград облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болды.
Владимир Романович Гундарев-«Деревня моя, деревянная» (1973), «Зимопись» (1976), «Светлые- река» (1980), «Капля в море» (1982), «Ветка молнии» (1994) жыр кітаптарының авторы.Сонымен бірге В.Гундаревтың тың өлкесінің қажырлы еңбек иелері жайлы бірнеше әңгімелер мен публицистикалық шығармалар жазды: «Главный агроном целины» (1979), «Продолжение жизни» (1987), «С заботой о земле» (1985) т.б.
Қазіргі қоғамдық құрылыстың өзгеріске ұшырап, әлеуметтік жағдайдың қиындықтарына қарамастан В.Гундарев1991 жылы өзінің пікірлес әріптестерінің қолдауымен саяси- қоғамдық және әдеби «Нива» журналын жарыққа шығарды. Содан бері журнал оқырман қауымды бірталай қаламгерлермен, әртүрлі ұлт өкілдерінің есімдерімен таныстырып келеді. В.Гундарев өзі қатарлас қазақ ақын- жазушылары:Төлеген Қажыбаев, Аманкелді Жұмабеков, Абдрахман Асылбеков, Нұркенже Хасеновтың өлең- жырларын аударуға ат салысып, таныстырып жүрген ақын. Оның өз шығармалары да қазақ, украин, неміс, чех, испан тілдеріне аударылды.
-
жылы «Нива» баспасынан «Ветка молнии» атты таңдамалысы жарық
көрді.
Кітапқа оның өлеңдері, поэмалары, баллада, аудармалары енген.
Бүгінгі күні В.Гундарев «Нива» журналының /Астана қаласы/ бас редакторы болып қызмет істейді. Астана қаласында тұрады. Шығармалары орыс тіліндегі мәліметте берілген.
Гундарев Владимир // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы,1987.
Ғаббасов Советхан
(1939)
Советхан Ғаббасов 1939 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Сұңқар селосында туған. 1965 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіріп, дәрігер – хирург болып емханада істейді. Кейіннен оны қалалық хирург- ординатор етіп ауыстырады.
Советхан Ғаббасов әр кездерде медициналық тақырыптарда көпшілікке арнап «Қан жүрісі- жүрек тынысы» (1968), «Дәрігер келгенге дейін көмек» (1973), «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» (1980) секілді кітапшаларын шығарған.
С.Ғаббасовтың бірнеше прозалық шығармалары жарық көрді.
1971 жылдан 1978 жылға дейін Қазақтың экспериментальді және клиникалық ғылыми- зерттеу хирургиялық институтында істейді.1979 жылдан Қазақтың онкология және радиология институтында ғылыми қызметкер болып істейді. Мамандығы дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, фантаст- жазушыС.Ғаббасов ұлттық педагогика дәстүріне арналған « Халық педагогикасының негіздері» атты монография жазды. Автор еңбегінде халық педагогикасы адамның ішкі рухани әлемін тәрбиелейтін ілім, оның қыры- сыры көп іргелі ғылым екенін пайымдайды, жалпы ұрпақ тәрбиесінің терең тамырына көбірек назар аударады.
Советхан Ғаббасов егеменді еліміздің бүгінгі жас ұрпағын «Нұрлы ақылдың» иелері етіп тәрбиелеу қажеттігін сөз етеді.
С.Ғаббасовтың «Айтылмаған сыр» деген пьесасы Атырау облысының халық театры сахнасында бірнеше жыл бойы қойылды.
Ғалым- жазушы медицина саласында жинақтаған тәжрибесі негізінде жаңалықтар ашып, ғылыми- зерттеу жұмыстар жүргізуде.
Шығармалары :
Ғаббасов С. Қыран қия: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1971.
Ғаббасов С. Ана жүрегі: Повестер.- Алматы: Жазушы,1974.
Ғаббасов С. Өскен ұя: Әңгімелер.- Алматы : Жазушы, 1976.
Ғаббасов С. Серпер: Роман.- Алматы: Жазушы,1979.
Ғаббасов С. Нәзік сезім: Роман, повестер.- Фрунзе: Қырғызстан,1985.
Ғаббасов С. Кәусар: Ғылыми- фантастикалық роман.- Алматы: Жазушы,1985.
Ғаббасов С. Мейірім: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1989.
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері: Монография.- Алматы: Әл- Фараби,1995.
Ғаббасов С. Қандауыр: Роман.- Алматы: Өлке, 2006.
Ғаббасов С.Педагогика мен психология негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Таймас, 2008.
Өмір мен шығармашылығы туралы :
Советхан Ғаббасов //Советтік Қазақстан жазушылар: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы,1987.
Ғаббасов Энгельс
(1937)
Энгельс Ғаббасов 1937 жылы 17 қаңтарда Орал облысының Фурманов ауданында дүниеге келген.1957 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген соң ауылдық мектепте мұғалім болып істеген. 1966 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.Оқуды бітіргеннен кейін Орал облыстық партия комитетінде қызмет атқарған.1973 жылы Э.Ғаббасов СОКП жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасына түсіп,1976 жылы бітіреді.Филология ғылымдарының кандидаты.
Э.Ғаббасовтың алғашқы әңгімесі 1964 жылы «Простор» журналында жарық көрген.1994 жылы ол ХІІІ шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің, ал 1995 жылы Батыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болып сайланды.
Энгельс Ғаббасов оннан аса әңгімелер мен повестер жинағының авторы, Қазақстан Жазушылар одағыныың мүшесі. Әңгіме, повестерін орыс тілінде жазады.
Жазушының қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін насихаттайтын проблемалық мақалалары мерзімді баспасөз бетінде жарияланып жүр.
Бүгінде жазушы шығармашылық жұмыста.
Шығармалары орыс тіліндегі мәліметте берілген.
х х х
Энгельс Ғаббасов // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиография-
лық анықтамалық.—Алматы,1987.
Ғабдуллин Нығмет
(1927-2005)
Қыран қанаты талатын қияға шырқап шығу үшін өнер адамына табиғи дарынмен қоса үлкен парасаттылық пен қажыр қайрат керек. Солардың бірі 1927 жылы 26 желтоқсанда Көкшетау облысы Рузаев ауданы «Шұқыркөл» деген ауылда дүниеге келген жазушы-ғалым Нығмет Ғабдуллин - өте еңбекқор адам. Олай дейтініміз, қарымды қаламгердің сөз өнерінің отауына қосқан жасау- жабдығына көңіл марқайып, көз тояды.
Н.Ғабдуллин 1951 жылы жарияланған « Менің достарым» атты алғашқы әңгімелер жинағынан бастап, жетпістің жотасына шыққан аралықта «Алғашқы сапар», «Құрбылар», «Гүл», «Өмір, қымбатсың маған», «Кейінгі толқын», «Жігер», « Өмірдің бұралаң жолы», «Біздің жігіт» және т.б. прозалық кітаптар шығарыпты.
Нығметтің жазушылық қайратын көп жұмсаған жанры көркем әңгіме мен повестер. Ол соғыстан кейінгі дәуірде осы жанрлардың жетілуіне, жаңарып түрленуіне өз үлесін қосты. Оның шығармаларының тақырыбы- негізінен жастар өмірі.Ол өзінің замандасын- қазіргі заман жастарының тұлғасын, арманын, тіршілігін жыр етеді.
Н.Ғабдуллин көркем әдебиеттің аударма саласында да белсене атсалысты. Ол А.Чеховтың, М.Горькийдің, Н.Погодиннің қысқа әңгімелерін тәржімелеумен қатар, Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесін, В.Быковтың «Альпі аңызы», «Атар таңға аман жетсек» және т.б. шығармаларды аударып, жазушылық шеберлігін шыңдап, жазу стилін жетілдіре түсті.
Осындай мол дайындықтан кейін, Н.Ғабдуллин роман жанрына қалам тартты. Бұл ойымыздың айқын айғағы: қаламгердің «Жігер» және «Біздің жігіт» романдары. Аталмыш екі шығармаға да ортақ қасиет- адам жанының қалтарыс- бұлтарысы көп иірімдеріне тереңдеп барып, заман мен уақыт құбылыстарын эстетикалық тұрғыдан бейнелеу, адам характерінің қырларын ашу десек, артық айтқандық емес. Осы ыңғайда «Жігер» романы- автордың елеулі табысы.Бұл шығармада Ұлы Отан соғысы жылдарында майданның тауқымет, азабын бірлесе көтерген еңбек адамдары шыншыл сырбаздықпен, рухани әлем қайнарындағы тазалығымен сипатталады.Рас, соғыс дегенің- үлкен қантөгіс, өмір мен өлімнің бетпе- бет келіп айқасуы және қоғамға, экономикаға да зіл-батпан салмақ түсіретін өте жағымсыз құбылыс. Екінші жағынан, осындай адам айтқысыз қиын,алмағайып аласапыран кезең жұмыр басты Пенденің өмір тәртібіне, адамгершілік қасиетіне де ауыр сын. Сондықтан жазушы бұл романында соғысқа қарсы азаматтық зор үнді негізге ала отырып, саяси - әлеуметтік, моральдік- этикалық мәселелер көтереді.
Н.Ғабдуллин «Біздің жігіт» романында ғылыми орта мен ғалымдар өмірін сөз етумен қатар, шығарманың сюжеттік тартыс желісінде жалпы адамшылық өткір мәселелерді көтереді.Өйткені романда өркениеттілік пен прогресті қозғаушы күш- мүдде мен жеке бастың мүддесі текетіреске түсіп, тайталасып, өмір шындығына сай өз шешімін табады.
Нығметтің қазақтың әдеби сынындағы еңбегі жазушылық өнерімен қатар басталған еді.Ол алғашқы кезде көркем туындыларымен қатар сын мақалаларын да жазып жүрді. Бірақ оның шығармашылығында көркем әдебиеттің салмағы басымдау болды. Тек соңғы он бес жылдың шамасында Нығмет әдебиет сыны мен зерттеу істеріне белсендірек араласты. Әдебиет мектебінен өтіп, көркем әдебиеттің сыры мен ерекшеліктерін әбден түсініп келген ол, бұл жылдар ішінде бағалы- бағалы зерттеу еңбектерін жариялады. Бұлардың ішінен оның «Шығарма арқауы- шындық», « Замандас келбеті», «Ғабит Мүсірепов- драматург» атты монографиялық еңбектерін бөліп атуға болады. Қазақ драматургиясы дамуының жолдары мен бүгінгі әдебиеттегі замандас келбетін жасау проблемаларын кең сөз еткен бұл үш кітап Нығметтің қазақ әдебиеттану ғылымында ойлы да зерттеуші орнын белгіледі.
Н.Ғабдуллин көп жыл ұстаздық қызмет атқарды. Ол бір кезде өзі оқыған Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде лекция оқыды.Бірнеше жыл қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.Н.Ғабдуллин университетте дәріс берумен қатар, белгілі ғалымдар С.Қирабаев, Р.Бердібаевпен бірігіп 11- сыныптың әдебиет оқулығын жазды, 8- сыныпқа арналған әдебиет оқулығының хрестоматиясын шығарды.
Тұжырып айтқанда, Нығмет Ғабдуллин талант қырлары көп, зерделі қаламгер.Ол- жазушы, ол- ғалым, ол- ұстаз.
Достарыңызбен бөлісу: |