IV-тоқсан
№1 БЖБ
«Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:
7.2.4.1. Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу.
7.2.4.2. Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру.
7.1.4.3. Хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ рөлін түсіндіру.
Бағалау критерийі:
Білім алушы:
Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді анықтайды.
Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін анықтайды.
Хромосомадағы ДНҚ рөлін анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырмалар:
1.а Бос орынды толтырыңыз:
1.__________________ барлық организмдердің ата-тегіне тән белгілері мен ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беру қасиеті.
2. __________________ барлық тірі организмдерге тән жаңа белгілердің пайда
болуы.
b.Шындық, Жалған тапсырмасы
№
|
Сипаттамасы
|
Ж
|
Ш
|
1.
|
Тұқым қуаламайтын өзгерістер бұл көздің, терінің, шаштың түстері, бойы, жыныстық айырмашылықтар.
|
|
|
2.
|
Тұқым қуаламайтын өзгерістер кері сипатқа ие, олар модификациялық белгілер деп аталады.
|
|
|
3.
|
Егіздік әдіс-адамның хромосомалар санын және құрылымын микроскоптық зерттеп білуге негізделген.
|
|
|
4.
|
Генеалогиялық әдіс адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауын олардың шежіресін зерттей отырып анықтайды.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |