«Ұлы Дала табиғаты» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты:
|
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау;
5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
• әдеби мәтінді түсінеді, тақырыбын анықтайды;
• белгілі бір оқиғаны сипаттап, құрылымы сақталған эссе жазады.
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
|
Білу және түсіну
|
Орындау уақыты:
|
15-20 минут
|
Мәтінді оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар.
Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.
(122 сөз)
https://el.kz/kz/news/archive/
1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес тақырып қойыңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |