*Тапсырмалар
|
Қамтылатын мақсаттар
|
*Тапсырмаларға сипаттама
|
*Тапсырмалар түрлері
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-5
|
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 115 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым көркем әдеби мәтінін 2 рет тыңдайды. (аудио құралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында әдеби мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші, екінші тапсырмаларда төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді.
Үшінші тапсырмада берілген сұраққа бір сөйлеммен жауап жазады.Төртінші тапсырмада білім алушы мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіреді. Бесінші тапсырмада сөздерді жұптастырып, мәтін мазмұны бойынша сөз тіркесін құрайды. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
8 минут
|
5
|
6-10
|
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 133 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтінге тақырып қояды, екінші тапсырмада берілген бір сөздің синонимін мәтіннен тауып жазады. Мәтін мазмұны бойынша берілген 2 сұрақтың әрқайсысына жауап жазады. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін көрсетеді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
12 минут
|
5
|
11
|
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу;
5.5.2.1 Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар өзі аралаған хайуанаттар бағын сипаттап, басқа қалада тұратын досына 60-70 сөзден тұратын хат жазады. Хат мазмұнында сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін қолданып, тыныс белгілерін дұрыс қояды. Жазылым жұмысында хат жазудың стилін сақтауы және сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы бағаланады.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
20 минут
|
10
|
12
|
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
|
Тапсырма жұпта орындалады. Екі білім алушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды білім алушы өзі таңдайды). Жұптағы білім алушылар берілген тақырып бойынша 2 минут диалогке түседі (әр білім алушы диалогте 4-6 сөйлем айту керек). Мұғалім білім алушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды.
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Сабақтан тыс,
қосымша уақытта өткізіледі. (Әр білім алушыға 2 минуттан беріледі)
|
10
|
Барлығы
|
|
|
|
40 минут
|
30
|