Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз



бет38/76
Дата03.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500424
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
5 класс Т2

Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Менің мектебім орталықта орналасқан.мектебіміз жаңа әрі биік. Ол қызғылт кірпіштен салынған. Ол – үш қабатты ,әдемі ғимарат. Мектептің маңдайшасына Ыбырай атамыздың «Кел,балалар, оқылық!» деген сөзі ілінген. Ол алыстан көрініп тұрады.


Мектептің бірінші қабатында асхана,спортзал, мәжіліс залы,кітапхана,киім ілетін жер және мұғалімдер бөлмесі бар.
Екінші,үшінші қабатта оқу кабинеттері орналасқан. Кабинеттер жарық әрі кең. Терезелері үлкен. Терезеден тау көрініп тұрады. Кабинеттегі жиһаздар жаңа үлгіде жабдықталған. Шкафтағы сөрелерде көп кітаптар бар. Дәліздері таза әрі жарық. Еденге ұзын,күлгін түсті кілемшелер төселген.
Мектеп ауласында шырша,қарағай,емен ағаштары өсіп тұр. Айналада неше түрлі гүлдер бар. Мектепте балаларға сабақ оқу үшін барлық жағдай жасалған. Маған мектебім ұнайды.
(133 сөз)
Қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып

1. Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз. ______________________________________________________________________


[1]
2. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
жарық ______________________________________________________________________
[1]
3-4. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1.Мектеп қаланың қай бөлігінде орналасқан? ______________________________________________________________________
[1]
2. Мәтінге тірек болатын 4 сөзді жазыңыз. ______________________________________________________________________
[1]
5. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.
I Маған мектебім ұнайды.
II Ол – үш қабатты ,әдемі ғимарат.
IІІ Кабинеттер жарық әрі кең.

A. II, I, ІІІ


B. ІІІ, II, І
C. II, IІІ, І
[1]

Балл қою кестесі


Тыңдалым, айтылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет