Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет66/98
Дата03.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482289
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   98
6-сынып қазақ тілі. Маулен

Барлығы

40 минут

30



Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз.
2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз.
[10]
А мәтіні.
Мерейтой мәзірі
Қазақ Ұлттық Өнер универси­тетінің 15 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. «Қазақстан» орталық концерт залында арнайы әзірленген ауқымды бағдарламамен басталған мерейтойлық кеш ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Айман Мұсақожаева мен «Айгөлек» балалар скрипкашылар ансамблінің орындауындағы Ф.Крейслердің «Г.Пуньяни сти­ліндегі Прелюдия мен Аллегро» шығармасымен ашылды.
Концертке Франция, Ресей, Әзір­байжан, Беларусь, Қырғызстан, Лат­вия мен Италияның белгілі өнер қай­раткерлері мен жоғары оқу орын­­да­ры­ның бас­шылары арнайы келді. Мерекелік кеште жұртшылық Өнер университетінің бүгінгі күнге дейін­гі қол жеткізген жетістіктерін тама­шалап, дәстүрлі және әлемдік му­зы­ка жауһарларымен сусындап қайтты.
Осы мерейтой құрметіне Астанада он күн бойы халықаралық өнер форумы өтті. Онда италиялық пианист Бруно Канино, Ресейдің Халық әртісі Максим Федотов, Граф Муржа, германиялық әйгілі музыкант Михаил Ваймен сынды тұлғалар қатысып, өнер көрсетті. Ал кеше халықаралық Өнер форумы аясында «Шабыт» шығарма­шы­лық сарайында скрипкаға арналып жазылған әуендердің концерті өтті. Онда С.Франк және И.Брамстың скрипка мен фортепианоға арнал­ған шығармалары әуелесе, екін­ші бөлімде «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі мен Астана Мемлекеттік филармо­ния­сының концерті көрермен қауымға жол тартты.
Енді Айман Мұсақожаева басқа­ратын шығармашылық топ «Әлем­нің сегізінші кереметі – Астана» атты осы мерейтойлық концерт­тік бағдарламасын Астанадан бөлек, Милан және Турин, Вашинг­тон мен Париж, Токио мен Лос-Анджелес сынды әлемнің ірі мегапо­лис­те­рінде де ұйымдастыру мақсатында, гастрольдік сапарға аттанбақ. Түпкі мақсат – қазақтың өнерін төрткүл дүниеге таныту. (198 сөз)
https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/


Ә мәтіні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет