Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ІІ нұсқа Тыңдалым және айтылым Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз. 2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз. [10] А мәтіні. Денсаулық саласындағы жетістіктер Денсаулық сақтау саласында да 2012 жыл жемісті жыл болды. Сәуір айында Ұлыбританияның ғалымдары сүт безі тканьдарына жүргізілген генетикалық зерттеу қорытындысын жариялады. Олар аурудың 10 типі болатынын анықтап, ауруды емдеу мен науқастың өмірін ұзартуға зор көмек болуы ықтимал. Шынайы зат пен оны сканерлегеннен кейінгі 3D форматтағы кейпі. Ғалымдар жасанды ағза жасау саласында да ілгері жылжыды. Бұл салаға қатысты зерттеуге сәйкес, америкалық ғалымдар қант арқылы жасанды орган өсіріп, жасанды бауыр жасау жолында біршама жетістіктерге жеткен. Жасанды орган 3D таңбасы арқылы құрастырылған. Жақ сүйегін ауыстыру да жақында 3D тәсілімен жасалмақ. Көптің назарын аудартқан 3D технологиясы тек медицинада ғана қолданылмайды. Қазір 3D принтері де танымал болды. «Қағаздағы типографиялық бояудың орнына мынадай шағын пластикалық катушка қолданылады. Нұсқауына қарап, оны қалаған формаға келтіре аласың. Интернетке кіріп, дизайнын тауып жүктеп, 3D принтеріңізге жібере аласыз. Тапсырысыңыздың оңай-күрделілігіне қарай белгілі уақыт аралығында құрастырып шығарады» дейді АҚШ-тағы Gizmodo порталы бас редакторы Брайан Барет. Техинсайдерлер 3D принтерінің келесі жылы кеңінен қолданыла бастайтынын айтады. Оның екі мың таңбаға дейін қысқартуға мүмкіндігі бар. (160 сөз) https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/ Ә мәтіні. жүктеу/скачать 1.55 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |