Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет58/75
Дата29.01.2024
өлшемі1.16 Mb.
#490166
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75
9 сынып Мырзабекова Қ (копия)

40 минут

30




«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша


ІІ нұсқа


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
[10]

1.Мәтінді оқып, негізгі ойын шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Мәтіннің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтап, айтылған ойға сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.


2.Өз жұбыңды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

1-мәтін
Алғаш рет медицинада ген ннженериясының өнімі —инсулин қолданды. Инсулин ұйқы безінде түзіледі, оның арқасында қандағы глюкозаның артық мөлшері жануар текті крахмал гликогенге айналады. Ұйқы безінде инсулиннің түзілуі бұзылатын болса, адам диабет ауруына ұшырайды: глюкоза гликоген түрінде бөгеліп қалмағандықтан, қанда жүзім қантының мөлшері артады. Есептеу бойынша дүние жүзінде 60 млн. адам диабетпен ауырады, яғни ол жүрек және рак ауруларынан кейін адамның өліміне әкелетін үшінші ауру болып саналады. Диабетпен ауыратын адам тәулігіне гормонның орта есеппен 40 бірлігін қабылдауы қажет. Осы уақытқа дейін инсулиннің негізгі шығу көзі — етке өткізілген сиыр мен шошқаның ұйқы безі болатын. Сиырдың ұйқы безінің салмағы 200—500 г; кристалдық инсулиннің 100 г. алу үшін 800—1000 кг. ұйқы безі қажет. Бұдан басқа, ауру адамдардың біраз бөлігі, әсіресе балаларда бұл гормонға аллергия дамығандықтан, оларды жануар текті гормонмен емдеудің қиындығы бар. Екінші жағынан, инсулинге тәуелді адамдардың саны жылдан жылға арта түсуде. Осы себептерге орай адамның ген-инженерлік инсулинін бактерия клеткасында өндіру қажеттігі туды. (151 сөз)


2-мәтін
Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы - медицина мен биология. Әсіресе, оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары шамамен екі жылдай шұғылданды. Мамандардың сөздерінше, олар төзімділігі жоғары, яғни осыған ұқсас қазіргі материалдардан жүз есе сапалы материалға қол жеткізді. Айтпақшы, бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.


Александр Шустов, Ұлттық биотехнология орталығы генетикалық инженерия зертханасының меңгерушісі:
- Прототип ретінде біз табиғи адгезивті ақуыздарды алдық және осы жоба аясында бізге ақуыздар алуға мүмкіндік беретін эксперименттік жүйе қалыптастырдық. Зертханада табиғи жабысқақ ақуыздарға ұқсас түріне қол жеткіземіз. Егер де бұл технологияны өнеркәіптік өндіріс деңгейіне дейін көбейтсек, онда біздің ақуызымыз осыған ұқсас табиғи түрлерімен салыстырғанда айтарлықтай арзан болады, әрі оның бағасын заманауи желімді материалдардың құнымен салыстыруға келетін еді.
Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған төртінші өнеркәсіптік революция, ғалымдардың пайымынша, биотехнологияның дамуынсыз мүмкін емес. Сондықтан да Орталықтың мамандары адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді одан әрі құрастыруға ниетті. Тағы да бір басты міндеттерінің бірі, олардың сөзінше, осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру.
(192 сөз)
(Дереккөз: kazakh-tv.kz)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет