Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды іріктей отырып, түртіп жазуда (конспектілеу) қиналады.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды іріктей отырып, түртіп жазуда (конспектілеу) қателеседі.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды іріктей алады, сөзжасамдық және синтаксистік нормалар ескере отырып түртіп жазуды (конспектілеу).
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-нұсқа
Оқу мақсаты:
10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Жоғары деңгей
Уақыты:
15-20 минут
Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Сәулет өнерінің озық үлгісі – Сфера Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген «Барлық халықтардың өнеркəсіптік еңбектерінің ұлы көрмесінен» бастау алған. Лондонда алғашқы дүниежүзілік көрмені өткізу үшін барлық көрме қойылымдары орналастырылатын бір ғимарат қажет болды. Осы мақсатпен сол кездегі құрылыс жəне сəулет өнерінің ең озық үлгісі болып табылатын – Хрусталь сарайы салынды. Хрусталь сарайы бүкіл əлем техника жетістіктері алдында бас иетін, жаңа қоғам құлшылық ететін жаңа сенім ордасы ретінде тұрғызылды. Лондонда басталған сол техникалық жəне технологиялық жаңалықтарға деген ұмтылыс үрдісі халықаралық көрме шежіресінде күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Аста надағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме қалашығында да əлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЭКСПО мұрасы – көрме символына айналатын нысан бой көтерді. Ол ұлттық бас павильон ғимараты – Сфера. Ұлттық бас павильон ғимараты – Сфера əлемдегі ең үлкен сфералық (барлық нүктелері орталықтағы нүктеден бірдей қашықтықта болатын тұйық шар) ғимарат болмақ. Оның диаметрі 80 метрді құраса, биіктігі 100 метрді құрайды. Сфера сегіз қабаттан тұрады. ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушылардың жобасы бойынша Сфераның əрбір қабаты балама электр қуатының бір түрін көрсететін болады. Атап айтар болсақ, бірінші қабатта гидроэнергетиканың, екінші қабатта күн энергетикасының, үшінші қабатта жел энергетикасының, төртінші қабатта биоэнергетиканың жəне басқа қуат көздерінің жетістіктері көрініс табады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы мамандарының айтуынша, ғимараттың сыртқы қасбеттерін қаптаған шы ны материалдары фотоэлектрлі қабыр шықтармен əрленген. Сөйтіп, ғимарат тың сыртқы қабаты күн энергиясын тұтынып, оны электр энергиясына айналдырады. Ал ғимараттың үстіңгі қабатында екі жел генераторлары орналастырылған. Ғимараттың сыртқы пішіні жан-жақтан соққан желді бір арнаға бағыттап, жел генераторларының жұмысын жүйелеп отыруға арналған. Сөйтіп, ЭКСПО-2017-нің «Болашақтың энергиясы» атты негізгі тақырыбына сай ұлттық бас павильон ғимараты толықтай күн жəне жел энергиясымен жұмыс істейтін болады. Түнге қарай Сфера ғимара ты түрлі-түсті түрге еніп, сансыз сəуле лермен құлпырады. ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірейтін күндері Сфера ғимаратының айналасы қызылды- жасылды жарық шашатын шоуға айналады. (280 сөз).