4-бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының функционалдық мүмкіндіктері мен мүмкін тәуекелдері
4.1. Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының функционалдық мүмкіндіктері
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының Стратегиялық жоспарын іске асыруға ықпал ететін функционалдық мүмкіндіктері мыналар болып табылады:
Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді. Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің міндеттемелері бойынша жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
Түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып, облыстық бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке жоспарларына талдау жасайды, бюджет қаржысын басқаруды, алдағы кезеңде бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін анықтауды жүзеге асырады.
Қарыз алу арқылы қаржы тарту процессін ұйымдастырады, бюджет қаржысының игерілуіне мониторигті жылдық соманың айға бөлінуіне, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігіне, қаржыландыру жоспарының орындалмау себебін анықтау, облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебінің жасалуына талдау және бағалау арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес ай сайынғы, жылдық облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің орындалуы туралы есепті, сондай-ақ өзге де есептерді мемлекеттік басқару органдарына береді, облыстың жергілікті атқарушы органдары резервінің пайдалануы жөнінде мәліметті жинақтайды.
Бюджет заңдарына сәйкес аудандық және қалалық бюджеттердің атқарылуы бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерге бақылау және талдау жасайды, аудандық және қалалық бюджеттердің орындалуы бойынша әдістемелік басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне тапсыру үшін алашақ және берешек қарыздар бойынша облыстың, өзінің есебін және аудандар мен қалалардың жиынтық есебін жасайды.
Инвеститициялық жоспарлардың, даму бюджетінің игерілуі барысына мониторинг жүргізеді.
Облыстық бюджетке түсетін түсімдерді болжауға қатысады, облыстық бюджет түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді.
Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және оларды қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Облыстық коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, облыстық коммуналдық мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдарын теңгерімнен теңгерімге өткізуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес, коммуналдық меншікке бағытталған (түскен) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және онан әрі пайдалануда аудан және қала әкімдіктерінің жұмысын үйлестіреді.
Мемлекеттік (қазыналық) мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекетке тиесілі үлесі бар шаруашылық серіктестіктерінің тізімін жүргізеді. Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тексеру жүргізуді ұйымдастырады, мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы–шаруашылық қызметінің есептерін қарайды және бекітеді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшудің мониторингісін және талдауын жүргізеді, мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдардың Корпоративтік басқару кодексін әзірлейді және бекітеді.
Біржолғы талондарды беру жұмыстарын ұйымдастырады және біржолғы талондарды таратудан түскен қаржының толық жиналуын қамтамасыз етеді.
Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады, облыстық мемлекеттік мекемелерде өткізілетін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия мүшесі құрамында қатысады.
Көрсетілетін қызметтерді алушылармен өзара іс-әрекет-ақпаратты, басқарманың Weв-сайтына жедел орналастырады, БАҚ жариялануын қамтамасыз етеді, сауалдарға жауап береді.
Облыс бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы есептілікті жинақтайды, орталық уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.
Кадрлық әлеуетті тұрақты арттырады, білікті мамандарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының бітірушілерді тартады, біліктілік деңгейін арттырады, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандырады.
4.2. Мүмкін тәуекелдер
Қаржы басқармасы өз қызметінің барысында бірқатар тәуекелдермен (мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін жағдайлар) немесе Басқарма тарапынан бақылауға берілмейтін, мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін сыртқы факторлармен ұшырасуы мүмкін.
Стратегиялық жоспар мақсатының атауы
|
Тәуекел атауы
|
Қарсы әрекет тетіктері мен шаралары
|
Облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету
|
Кредиторлық берешектің болуы, өндірілмеген дебиторлық берешектердің орын алуы. Бюджет заңнамасының тұрақсыздығы. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет заңнамасын сақтамауы.
|
Борышкер қарызының барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл), сыйақылар есептеуді тоқтату. Қаржы жылының ішінде бюджет заңнамасына түзетулерді мейлінше болдырмауға ұсыныс- тар беру. Бюджеттік бағдарламалар әкімші- лерінің бюджеттік қаражаттарды уақтылы және сапалы игеруіне бақылауды күшейту.
|
Білікті кадрлардың кетуі. Мемлекеттік мекемелерде кадрлардың тұрақтамауының көбеюі, қызметкерлер біліктілігінің төмен деңгейі.
|
Мүмкін болатын қаражаттар шеңберінде көтермелеу жүйесін жетілдіру, жалақы деңгейін арттыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
|
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының жалпы тәуекелдері
|
|
Бюджет заңнамасының тұрақсыздығы
|
Қаржы жылының ішінде бюджет заңнамасына түзетулерді мейлінше болдырмауға ұсыныстар беру.
|
|
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет заңнамасын сақтамауы
|
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаттарды уақтылы және сапалы игеруіне бақылауды күшейту.
|
|
Білікті кадрлардың тұрақтамауы
|
Мүмкін болатын қаражаттар шеңберінде көтермелеу жүйесін жетілдіру, жалақы деңгейін арттыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |