Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын


Мақсат 4.2.7: Мемлекеттік тілді дамыту



бет22/22
Дата01.07.2016
өлшемі1.9 Mb.
#171301
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Мақсат 4.2.7: Мемлекеттік тілді дамыту

Бөлімде 1 индикатор 3 көрсеткіш. 2015 жылдың қорытындысы бойынша индикатор мен көрсеткіштер толық орындалды.



БАҒЫТ 4.3: «Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп»

Мақсат 4.3.1.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Бөлімде 3 индикатор, 8 көрсеткіш. 3 индикатордың 2-уі орындалды, 1 индикатор (Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету күнделікті транзиттік автокөліктердің өсуі және автокөлік жүргізушілерінің жолдағы автокөліктерін жүргізу тәртібінің төмендігіне, сондай-ақ 2 ірі ЖКО байланысты) орындалмады. 8 көрсеткіштің 1-уі (Көшелерде жасалған бұзақылық деңгейінің төмендеуі – тіркеу тәртібінің өзгеруіне байланысты) орындалмады.



БАҒЫТ 4.4. «Инфрақұрылымды дамыту»

Мақсат 4.4.1.: Байланыс және коммуникацияны дамыту

Бөлімде 1 индикатор, 2 көрсеткіш. Индикатор (Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі – байланыс қызметін төмен қолдану салдарынан) орындалмады. Екі көрсеткіш бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша мәліметті статистика департаменті 2016 жылдың мамыр айында ұсынады.



Мақсат 4.4.2.: Құрылысты дамыту

Бөлімде 1 индикатор 3 көрсеткіш. Не выполнен индикатор (құрылыс жұмыстарының НКИ - «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралды газ құбыры мен автобан құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің төмендеуіне байланысты) орындалмады. Барлық көрсеткіштер орындалды.



Мақсат 4.4.3.: Автомобиль жолдарын және көлікті дамыту

Бөлімде 1 индикатор, 3 көрсеткіш. 2015 жылдың қорытындысы бойынша индикатор мен көрсеткіштер толық орындалды.



БАҒЫТ 4.5. Сапалы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы қызметімен қамтамасыз ету

Мақсат 4.5.1.: Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы

Бөлімде 8 индикатор, 9 көрсеткіш. 2015 жылдың қорытындысы бойынша индикаторлар мен көрсеткіштер толық орындалды.



БАҒЫТ 4.6. Экология және жер ресурстары

Мақсат 4.6.1.: Қоршаған ортаны, жер ресурстарын тұрақтандыру және сапасын жақсарту

Бөлімде 4 индикатор, 10 көрсеткіш. 2015 жылдың қорытындысы бойынша барлық индикаторлар мен көрсеткіштер толық орындалды.


БАҒЫТ 4.7. «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру»

Мақсат 4.7.1.: Мемлекеттік қызметті дамыту

Бөлімде 1 индикатор, 2 көрсеткіш. 2015 жылдың қорытындысы бойынша индикатор мен көрсеткіштер толық орындалды.



БАҒЫТ 4.8. Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендерді дамыту бойынша жағдай жасау (агрокешендері)

Мақсат 4.8.1.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Бөлімде 4 индикатор, 2 көрсеткіш. 2015 жылдың қорытындысы бойынша индикатор мен көрсеткіштер толық орындалды.



Мақсат 4.8.2.: Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту

Бөлімде 1 индикатор, 3 көрсеткіш. Индикатор және 1 көрсеткіш орындалды. 2 көрсеткіш (ауылға денсаулық сақтау саласындағы мамандарды тарту – тар шеңбердегі дәрігерлердің тапшылығы, жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту развитие производств в населенных пунктах с высоким потенциалом - «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС жобасын іске асыру мерзімін 2016 жылға ауыстырылуына байланысты) орындалмады.

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарында 2015 жылға 364 іс-шара қарастырылған, оның ішінде 1 бағыт бойынша «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы» 84 042,5 млн. теңгеге 91 іс-шара, 2 бағыт бойынша «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» - 52 746,2 млн.теңгеге 154 іс-шара, 3 бағыт бойынша «Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» - 683,6 млн. теңгеге 13 іс-шара, 4 бағыт бойынша «Инфрақұрылымды дамыту» - 4848,3 млн. теңгеге 38 іс-шара, 5 бағыт бойынша «Сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметті қамтамасыз ету» 7644,2 млн. теңгеге 27 іс-шара, 6 бағыт бойынша «Экология және жер ресурстары» 1756,7 млн. теңгеге 19 іс-шара, 7 бағыт бойынша «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру» - 15,9 млн. теңгеге 3 іс-шара, 8 бағыт бойынша «Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендерді дамыту бойынша жағдай жасау (агрокешендері)» - 720,3 млн. теңгеге 19 іс-шара қарастырылған.


Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында 274,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 91,3%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 19,0 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға төмендеді, өңдеу өнеркәсібі – 192,3 млрд. теңге (11,4%-ға).

Сонымен қатар, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 4,1%-ға, бұл 60,6 млрд. теңгені құрады, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 1,7%-ға (2,5 млрд. теңге) өсу қарқыны байқалады.

2015 жылы ИИДМБ аясында 30,5 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жобалар іске асырылып, онда 425 жұмыс орны құрылды. («Burnoye Solar-1» ЖШС – Бурное алаңшасындағы КЭС құрылысы; «Полиэтилен - Агро» ЖШС - полиэтилен пленкаларын өндіру зауыты және жылыжай кешені; «Тараз-көлік жолы» ЖШС – құрылысқа арналған құм, ұсақталған тас, құм-шағал қоспалары, оңтайлы шағал қоспалары және асфальттық-бетон қоспасын өндіру зауыты, «Әулие -Ата Феникс» ЖШС - құс фабрикасын қайта құру және жаңғырту, «Golden Compass Capital» ЖШС - құрамында алтыны бар кендерді қайта өндеу фабрикасының құрылысы, «Жамбыл Недр» ЖШС - М400, М500 маркалы цемент өндірісі бойынша зауытының құрылысы).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 172,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,6%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 79,2 млрд. теңге (НКИ – 110,6%), мал шаруашылығы – 92,5 млрд. теңге (НКИ – 103,5%).

Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2015 жылы 6,6 млрд. теңге субсидия бөлініп, игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 5,2 млрд. теңге.



Шағын және орта кәсіпкерлік. ҚР статистика Комитетінің мәліметі бойынша 2016 жылдың 1 қантарына шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға төмендеп, 63995 бірлікті құрады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдау көрсетілетін барлық қаржылай инструменттер бойынша жалпы сомасы 55,0 млрд. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің 547 жобасына қолдау көрсетілді.



ҚР Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-қарашасында 340,6 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 60,4% құрады, оның ішінде экспорт – 105,9 млн. АҚШ доллары (84,2%), импорт – 234,7 млн. АҚШ доллары (53,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 128,8 млн. АҚШ доллары.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында бөлшек сауда айналымының көлемі 183,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға төмендеді, көтерме сауда айналымы – 211,8 млрд. теңге (9,6%-ға).

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 226,6 млрд. теңгені құрады.

Бюджеттік инвестициялар салымдарының көлемі 39,9 млрд. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 82,0% құрады. Бюджеттік инвестициялар салымдарының жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 17,6%.

Өзіндік қаражаттар көлемі 92,4 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейінен 61,9%-ға жоғары, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 40,8%.

Банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар жалпы инвестициялар көлемінде 41,6% немесе 94,3 млрд. теңгені құрайды.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен 94 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейіне 82,9%-ды құрады.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 292,4 мың шаршы метрді құрап, 2014 жылдың тиісті деңгейінен 13,3%-ға артты. Оның ішінде 236,1 мың шаршы метр халықпен, 19,3 мың шаршы метр ипотекалық, 29,5 мың шаршы метр жалға берілетін және 7,5 мың шаршы метр басқа мемлекеттік емес және ведомстволардың тұрғын үйлері тұрғызылды.

2015 жылдың желтоқсан айында 2014 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 112,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары - 9,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 20,7%-ға, ақылы қызметтер - 9,1%-ға көтерілді.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,7 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 113,6%).



Салықтар. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанда бюджетке 67,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 112,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 22,7 млрд. теңге (болжамға 107,5%), жергілікті бюджетке – 45,1 млрд. теңге (болжамға 115,3%).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала. 2015 жылы Кешенді жоспар шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 26256 адам қамтылды (Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 бағдарламасының қатысушылары құрамына енгізілген тұлғалардың саны - 6959), оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 17642 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 7670, оның ішінде жаңа жұмыс орындарына – 4831 адам), уақытша маусымдық жұмыс орындарымен – 1146 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 228), әлеуметтік жұмыс орындарымен – 1096 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 577), жастар практикасымен – 1394 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 589), ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 3574 адам бағытталды, 402 шағын несие берілді (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 402), кәсіби оқытуға 702 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 63) бағытталды және өнімсіз-өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты ресімдеу 300 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы 21278 адам немесе жүгінгендер санынан 87,2% жұмысқа орналастырылды.

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1 қаңтарына 0,3% құрады.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 83017 теңгені құрады, бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда 3,4%-ға артып, нақты – 1,2%-ға төмендеген.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2015 жылдың 3 тоқсанында 42450 теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға, нақты 1,1%-ға өскен.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанына 153,7 мың тұрғынға 1719,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 73,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 303,6 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 1286,1 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 56,3 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.



Кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық саны 2016 жылдың 1 қаңтарына 3981 адамды құрап, 2015 жылдың басымен салыстырғанда 35,3%-ға қысқарды.

Жамбыл облысының Әкімі К. Көкрекбаев

Жамбыл облысы әкімдігінің

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы Ж. Амирханов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет