Жамбыл облысына физикалық-географиялық


Қуаңдығы мен ыстықтығы орташа таулы агроклиматтық аудан



бет5/8
Дата18.03.2024
өлшемі227.25 Kb.
#495998
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Қуаңдығы мен ыстықтығы орташа таулы агроклиматтық аудан.
Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігін, Қырғыз жотасының солтүстік бөлігін, Шу-Іле тауының оңтүстік батысын қамтиды. Бұған Талас, Луговой, Мерке аудандарының қиыр оңтүстіктегі Жуалы ауданы түгел дерлік, Қордай ауданының көп бөлігі кіреді.
Гидротермикалық коэффициенті 0,7-ден астам. Тиімді температура 3000 градустан аз. Бұл кездегі жауын-шашын жиынтық мөлшері 170 миллиметр, жылдығы 450-500 миллиметр. Ауаның суық кезендегі орташа температурасы – 3-4 градус, жылы кезеңдегі температура 22,5 градус, кейде тіпті одан да төмен. Ауаның жылы кезеңі 120 күнге созылады, төменгі жазықта ол 85-90 күндей болады, ал биіктікке қарай 140 күнге дейін жетеді.
Қыс ызғары апрельдің соңы – майдың екінші онкүндігіне дейін сақталады.
1.4. Жамбыл облысының сәулеттік ескерткіштер

Жамбыл облысында бірнеше сәулеттік ескерткіштер бар. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан.

Айша бибі кесенесі. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12 км қашықтықта орналасқан. Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады.
Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.

Бабаджа Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген.
Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған.

Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.

Қарахан, Дауытбек және Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. Осы кесенелердің алыс емес жерде Хал-Юнус шығыс моншасы орын тепкен.

ХІ ғ. Қарахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплекске кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталады. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнерінің принциптері сақталған. Ортағасырдағы мәдени сәулеттің типтік образы — монументалды порталды-куполды қамалды құрайды.
Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты.

Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Соған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа тең. Комплексті көптеген сенушілер аралайды.

Дауытбек кесенесі (Шамансұр) Қарахан кесенесімен бірге мемориалды-культті комплекске кіреді. Дәстүрлі порталды-куполды формасында ХІІІ ғ. ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан. Жазу жерленгеннің адамның аты мен қайтыс болған уақытын хабар етеді. Екі кесененің де территориясы да барлық жағынана жабдықталған.
ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасы ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылған. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. XX ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған еді.
VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі Жамбыл облысының және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттеліп және қазір де зерттелуде. Қазіргі уақытта комплекс территориясында Қазақстан Республикасы ҰАҒ археология этнографиясы институтымен басқарылған археологиялық қазбалар жүргізілуде. Бұдан ірі «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында музейлік комплексті құру жоспарланды.
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 ж.ж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. Сарай комплексінің іргетасының тереңдігі 4 м құрайды.
Тектұрмас сәулет кешені Х-ХIV ғғ.
Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІ ғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мәмбеттің моласы бар. Кешен территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады. Ежелгі қалаға атау болатын жанында ағып жатқан Талас өзені әсерді күшейтеді. Осы жерде Х-ХIII ғасырларды Тараз қаласы арқылы өтетін керуендер өтетін тас көпір орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет